Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жеміс - жидек отырғызу -

Жеміс - жидек отырғызу

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3555 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
технология пәнінің мұғалімі
Сапиев Моктархан Закирбаевич

Тақырыбы: Жеміс - жидек отырғызу
Мақсаты :
1. Оқушыларға жеміс-жидек отырғызу туралы түсінік беру
2. Жеміс-жидек отырғызу кезінде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту
3. Ұқыптылыққа, өзі-өзіне қызмет етуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Көрнекіліктер: суретті плакаттар, кестелер
Қажетті құралдар: күрек, тырма, отырғызғыш тақта, балға, қазықтар, жіп, көшеттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1.Барлық жемістер 6 топқа бөлінеді:
Бірінші топ шекілдеуікті-бұларға алма, алмұрт жатады
Екінші топ сүйекті- шие, өрік, шабдалы
Үшінші топ жидекті- жүзім, бүлдірген, қарақат
Төртінші топ жаңғақты- грек жаңғағы
Бесінші топ цитрусты- мандарин, апельсин, лимон
Алтыншы топ субтропикті- банан, какос
2. Жеміс-жидек отырғызу
А. Бірінші кесте арқылы түсіндіру.
Жеміс-жидектің отырғызудың арақашықтықтары мен тыңайтқыш енгізу
мөлшерін көрсетіп түсіндіру.
Б. Жер дайындау. Жеміс-жидекке арналған жер арам шөптерден тазар-
тылып, алдын-ала жақсылап тегістеледі.
Сұрақ: Жерді арам шөптерден неге тазартады?
В. Шілденің аяғында тамыздың басында жерді 40-60 см тереңдікте жыртып,
әр гектрға 30- 40 тонна көң шашады.
Сұрақ: 1. Көң деген не? 2. Тыңайтқышты не үшін шашады?
Д. Жеке меншік бақ екенде көп жер егілсе тыңайтқыш жетпейді. Мұндай
жағдайда тыңайтқышты әр бір шұңқырдың ішіне енгізуге болады,
шамамен 10-15 кг органикалық тыңайтқыш.
Е. Жеміс ағаштарды көктемде бүршік жармай тұрғанда немесе қыркүйек
айының басында егіледі.
3. Жеке меншік саяжайда ағаш отырғызу тәртібі 8 кезеңнен тұрады.
1 кезең: Ағаш отырғызатын жерге қазық қағылып, отырғызғыш тақта орнатылады.
2 кезең: Қағылған қазық арқылы қазылатын шұңқыр белгіленеді.
3 кезең: Шұңқыр қазу кезінде, құнарлы жоғарғы қабатты топырақ бір жаққа
үйіледі. Ал төменгі қабатты топырақ екінші жағына үйіледі.
Сұрақ: құнарлы топырақ жердің үстінгі қабатында қанша см. жерде болады?
4 кезең: Қазық және отырғызғыш тақта арқылы шұңқырдың ортасын табу.
5 кезең: Шұңқырдың түбіне топырақтың құнарлы бөлігін үйіп салу керек.
6 кезең: Егілетін ағаштың тамырын барлық жаққа бір қалыпты орналастыру.
7 кезең: Көшетті қазыққа байлап, алдын –ала тыңайтқыш араластырған
топырақ салады.
8 кезең: Жан-жағына топырақ үйіп 2-3 шелек су құямыз.
4. Жидекті жеміс ағаштары.
Біздің өңірде өсетін қарақат, таңқурай. Жеміс-жидек дақылдары екі жылдан соң өнім бере бастайды. Бұларды жел соқпайтын жерге еккен дұрыс. Жеміс-жидектен жақсы өнім алу үшін оларды қырқып тұру керек. Солып қалған және шоғырланып өскен бұталарын. Егу әдісі жеміс ағаштары сияқты тек қана, шұңқырдың қазу айырмашылығында.
ІІІ. Пысықтау (сұрақ-жауап)
1. Жеміс-жидектер қалай және қанша топқа бөлінеді?
2. Цитрустыларға қандай жемістер жатады?
3. Жеміс ағаштарды қай мезгілде егеді?
4. Жеміс ағаштарды отырғызу үшін жерді қай уақытта және қалай
дайындайды?
5. Жеміс ағашты отырғызу үшін шұңқырдың тереңдігі мен ені неше метр
болады?
6. Отырғызғыш тақта не үшін қажет?
7. Шұңқырды қазу үшін топырақты қалай бөледі?
ІҮ. Сарамандық жұмыс
1. Жұмыстың орындалу реті. Технологиялық карта бойынша 8 кезеңнен
тұрады.
2. Оқушыларға жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту
Ү. Қорытынды
Бекіту. Үйге тапсырма беру. §10 21-22 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.