Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жібек жіп туралы мағлұмат -

Жібек жіп туралы мағлұмат

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4322 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Еңбекке баулу
4а – сынып

Ағыбаева Жаңагүл Әдіғалымқызы,
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Басықара ауылы,
№ 182 мектептің технология
пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы : Жібек жіп туралы мағлұмат

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушылар жібек маталардың түрлерімен, қасиетімен
танысады, жібек маталардан тігілген бұйымдарды күту
жайлы білімдерін толықтырады.

Дамытушылық : Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, іздену
қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Маталардың қасиеттеріне қарай олардан тігілген
бұйымдарды күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа білімді, меңгеру сабағы.

Әдісі : топтастыру, салыстыру, көрсету, Венн диаграмма, тірек сызба, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс : дүниетану,қазақ тілі

Көрнекілігі : интерактивті тақта, суреттер, бүктеме.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру : 1) Сәлемдесу, түгелдеу
2) Құрал – жабдықтарын дайындау.
3) Сабаққа белсенділікпен араласу.

ІІ. Үй тапсырмасы.
Өткен сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Тоқуға арналағн біз қандай болу керек?
2. Қандай шолу түрлерін білесің?
3. Тоқылған бұйымның сапасы неге байланысты?

ІІІ. Жаңа сабақ : Жібек жіп туралы мағлұмат.
Мақта, жүн жіптерді станокта иіретін болса, жібек жіпті адам иірмейді, оны көбелектің дернасын иіреді. Мұндай құрттың түрін тұт жібек құрты деп атайды. Ал неліктен «тұт» деп атайды? Өйткені көбелектің (1 сурет) жібек құрты
(2 сурет) тек қана тұт ағашының жапырағымен қоректенеді. Қуыршаққа айналардың алдында құт жіңішке жіп шығарып, бүкіл денесін түгел сол жіппен орап тастайды. Одан жібек қуыршақ (3 сурет ) пайда болады. Адамдар жібек қуыршағын тарқатып, жіп орап, бірден тоқыма фабрикасына жеткізеді. Одан жібек матасы (4 сурет) өндіріледі. Жібек құрты мен қуыршақтың салмағы екі – ақ грамм мөлшерінде. Бірақ бір қуыршақтағы жібек жіптің ұзындығы 1,5 км – ге жетеді. Қазіргі кезде жібектің қолданбайтын жері жоқ. Одан өздерің киіп жүрген неше түрлі әсем көйлектер, орамалдар, жейделер, терезе перделері, төсек жапқыштар т.б. бұйымдар тігіледі.

Жібек жібі қалай пайда болды?

Топтастыру.
Көбелектің «Тұт» жібек
дернәсілі құрты

Жібек Жібек
қуыршақ мата

ІҮ. Топпен жұмыс. Осы кезде балалар топқа берілген тапсырма бойынша жұмыс
жүргізеді.

1 – тапсырма: Топтастыру

І топ
Көбелектің «Тұт» жібек
дернәсілі құрты


Жібек қуыршақ Жібек мата

ІІ топ
Көйлектер жейделер

Терезе перделері төсек жапқыштар

Орамалдар

ІІІ топ суреттері
бедерлі түстері әр түрлі

жұқа жеңіл

тегіс

2 – тапсырма : Маталарды ажырату.
3 топқа әр түрлі маталар беріледі. Содан жібек маталарды жапсыру керек.

3 – тапсырма : Жібек матаның қыртысын анықтау.
3 топқа жібек мата таратылады. Соны қолға қысу арқылы қыртысын анықтайды.

Ү. Сөзқұрақ : Осы сабаққа байланысты сөзқұрақты құрастыру.

Жібек, мата, қайшы, жіп, ине, жұқа, жеңіл, желім,
Еңбек.

ҮІ. Қорытынды : Венн диограммасы арқылы салыстыру.

Бағалау : Сабаққа қатысып жауап берген оқушыларды бағалау. Қай топтың жұлдызшалары көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

ҮІІ. Тапсырма : Жібек маталар жинағын жапсырып келу.
Маталарға тақырыбына реферат жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.