Меню
Назад » » »
Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация.
загрузка...

загрузка...
Темиралиева Аяжан Джигеровна
Химия пәнінің мұғалімі
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ
мектеп –интернат кешені
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А.Д

Сабақтың тақырыбы Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация.
Жалпы мақсаты Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білу.
Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашу
Сілтеме Химия оқулығы 9 сынып. Авторлары: Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная. Алматы"Мектеп" 2013ж

Оқу нәтижесі

- Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажыратады
- Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашады
- Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді
Негізгі идеялар Презентация, флипчарт, шаблон
Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер
Интернет материалын пайдаланады.
Интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, «дұрыс, дұрыс емес» парақшалары, тапсырмалар, стикерлер, маркерлер
Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар.
С а б а қ б а р ы с ы :
Сабақ
кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Психологиялық дайындық

1.Білу

Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу
- Топқа бөлу: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арқылы 4 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағаздар таратылады. Әр қағазда H2SO4, CaO, HCI, AICI3, NaOH, KOH, CaSO4, H3PO4, NaNO3, Zn(OH)2, Ba(OH)2, H2CO3,H2S, Sr(OH)2, LiOH, AI2O3, Na2O, P2O5, HNO3,HBr, N2O5, BaO, NaCI, K2SO4, AgCI заттардың формулалары бейнеленген. Сол формулалар арқылы 4 топқа бөлінеді.
І топ “Оксидтер”
ІІ топ “Қышқылдар”
ІІІ топ “Негіздер”
ІV топ “Тұздар”
Өз топтарының анықтамаларын айтып, еске түсіреді.Топ ережесін айтады.Топ басшысы сайланады.Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Әр топтың қолындағы формулалары қандай байланыспен байланысқан,үй тапсырмасына көшеді.
-Үй тапсырмасын тексеру барысында химиялық байланыстардың түрлерін нақтылау үшін ашық сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалып, тексеріледі.
1. Химиялық байланыстың қандай түрлерін білесіздер? Механизмдері қандай?
2. Иондық, коваленттік полюссіз және полюсті байланыс арқылы түзілетін қосылыстың формулаларын ажыратыңдар: N2, H2O, PH3, F2, KCI, I2, AIF3, SiO2, CaO, NaNO3.
3. Берілген иондық қосылыстардың ион зарядын көрсетіңдер: NaCI, Na2SO4, NaOH, Ba(OH)2, CuSO4, AI2(SO4)3.
4. Қандай қосылыстар иондық байланыс түзеді? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай?

Пән аралық сипаттағы төмендегідей жетектеуші сұрақтарға жауап алынады:
1. Электр тогының табиғаты жөнінде не білесіңдер?
2. Металдардың электрөткізгіштігінің себебі неде?
3. Өткізгіштер дегеніміз не?

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар заттардың формулалары арқылы 4 топқа бөлінеді.

Топ ережесін құрады. Топ басшысын сайлайды. Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Топ басшысы критерийлерді ескеріп, жауап берген топ мүшелерін бағалап отырады.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады.

Оқушылар тапсырмаларды тақтада орындайды.
Оқушылар әсіресе, заттардың физикалық қасиеттері: қаттылық, баяу балқығыштық қасиеттерін айтады.Оқушылар физика курсынан білетін мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тогы дегеніміз – зарядталған бөлшектердің (электрон мен иондардың) бағытталған қозғалысы.Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.
Критерийлер арқылы бағалау.
2. Түсіну

Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып болған соң, сабақтың мақсатын шығару қажеттігі айтылады.
Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, тәжірибе нәтижесінде электролиттер және бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация ұғымын ашу мақсатында 4 топқа тапсырма беріліп, әр топ постер құрап, қорғайды.
Тапсырма № 1.
І топ: Электролиттер дегеніміз не? Электролиттер құрғақ күйінде не себепті электр тогын өткізбейді?
ІІ топ: Бейэлектролиттер дегеніміз қандай заттар, не себепті электр тогын өткізбейді?
ІІІ топ: Электролиттер мен бейэлектролиттер молекуласының айырмашылығы неде? Ұқсастықтары бар ма?
ІV топ: Электролиттік диссоциациялану деген не?
Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:
1. Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырату.
2. Электролиттік диссоциация мәнін ашу.

Әр топ өз постерлерін қорғайды.
Топтар бір-бірін бағалайды. (Смайликтер арқылы) Смайликтерді көп жинаған топ марапатталады (қол шапалақтау).Топ басшылары бағалау парағына жауап берген оқушыларды бағалап отырады.
3. Қолдану

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі.
Тапсырма № 2.
І топ: Формулалары берілген заттардың қайсысы электр тогын өткізеді, қайсысы өткізбейді:
AICI3, C6H12O6, CH4, NaNO3
ІІ топ: CaCO3,HCI, CaO, KOH
II топ: O2, LiNO3, Na2SO4, CH3COOH
ІV топ : MnO2, NaOH, H2SO4, бензин

Оқушылардың берген жауабынан кейін айтылғандарды жинақтап, жаңа тақырып бойынша қорытынды слайд көрсетемін.

Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды. Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке, жұптық, топтық талдап, әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада орындайды. (Менің мақсатым- берілген мысалдар арқылы оқушылардың электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білуі, не себепті электр тогын өткізетінін, өткізбейтінін теорияға сүйеніп түсіндіруін, тапсырманы орындауда қолдануын қадағалау).

4.Талдау

Тапсырма №3.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Катион мен анионға анықтама беріңдер.
Оқулықтан 8- жаттығуды орындау.
ІІ деңгей
Мына қосылыстардың диссоциациялану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар:
Zn(OH)2, Ba(OH)2, H2CO3,H2S, Sr(OH)2, LiOH
ІІІ деңгей
13 г мырыш 24,5 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін сутектің қ.ж. көлемі қандай?
Бағалау. Смайликтермен. Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке орындап, өзара,жұптық, топтық талдайды. Өз тапсырмаларын қорғайды. Тапсырмалар тақтада орындалады. Топ басшы тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау парағына бағалайды.

5.Жинақтау
Тапсырма № 4.
Химиялық диктант
“+” дұрыс болса, “-” дұрыс емес.
1. Электр тогын өткізетіндер бейэлектролиттер
2. Электр тогын өткізбейтіндер бейэлектролиттер
3. Глюкоза электролитке жатады
4. Ас тұзының судағы ерітіндісі электролитке жатады.
5. Заттардың иондарға ыдырау процесі диссоциациялану деп аталады.
6. Оң зарядты бөлшектер анодтар деп аталады.
7. Еру дегеніміз физикалық-химиялық процесс деген С.Аррениус
8. Диссоциацияға ұшырамайтын заттар бейэлектролиттер деп аталады.

Жауабы: - + - + + - - +

Химиялық диктант жауабы флипчартта беріледі. Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. Топ басшылары бағалау парағына түсіреді.

6. Бағалау

1)Бекіту сұрақтары:
- Электролиттер дегеніміз не?
- Бейэлектролиттер дегеніміз не?
- Электролиттік диссоциация дегеніміз не, мәні неде?

2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілдіру жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, интернет материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтап, әкелу.
Ә.Темірболатова Есептер жинағынан
№ 1.1 – 1.6 есептер шығару.

4)Рефлексия:
1. Бүгінгі сабақта маған____________________
_______________ қызықты болды.
2.Маған________________________________________________қиындық туғызды.
3. Менің көңіл-күйім___________________

(рефлексия парақтарына түсіреді)
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар!

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Әсіресе, соңғы сұрақ бойынша толық жауап алыну керек.
Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.

Оқушылар бағаланады.

Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушылар сыныпқа оқып береді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 564 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar