Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электролиттік диссоциациялану теориясы -

Электролиттік диссоциациялану теориясы

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3946 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциациялану теориясы
тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері.
Мақсаты: Білімділігі: электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың қасиеттері туралы оқушыларға білім беру және тереңдету; оқушылардың иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық: Электролиттік диссоциация теориясы арқылы заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту. Әртүрлі класс заттарының генетикалық туыстығы туралы түсінікті иондық деңгейде әрі қарай дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ой еңбегіне баулу, шығармашылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, логикалық – шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: Периодтық кесте, ерігіштік кестесі, электронды оқулық, виртуалды зертхана,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, сабаққа даярлығын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.
І топ-Электролит
ІІ топ Бейэлектролит
ІІІ топ Катион
ІҮ топ Анион
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І топ: 4,5 - жаттығу 43 -44 беттер
а) H2SO4 мен BaCl2
H2SO4+BaCl2 =BaSO4+ 2HCl
2H+ +SO42- +Ba2++ Cl- = BaSO4+2H++ Cl-
Ba2++ SO42-= BaSO4
ә) НCl мен AgNO3
HCl+3AgNO3= AgCl+HNO3
H+ +Cl- + 3Ag++3NO3- = AgCl+ H++3NO3-
Ag++Cl-=AgCl
ІІ топ:
б) K2CO3 пен CaCl2
K2CO3+CaCl2=2KCl+CaCO3
2K++ CO32-+ Ca2++2Cl-=2K++2Cl-+ CaCO3
Ca2+ +CO32-= CaCO3
в) FeSO4 пен NaOH
FeSO4 + 2 NaOH= Fe(OH)2+ Na2SO4
Fe2++ SO42-+ 2Na++ 2OH- = Fe(OH)2+ 2Na+ +SO42-
Fe2++ 2OH- = Fe(OH)2
ІІІ топ:
г) K2SO4 пен Ba(NO3)2
K2SO4 +Ba(NO3)2=2KNO3+ BaSO4
2K+ + SO42- + Ba2+ + 2NO3- = 2K+ + 2NO3- + BaSO4
Ba2++ SO42- = BaSO4
a) мыс сульфаты мен натрий гидроксиді;
СuSO4+2 NaOH= Cu(OH)2+ Na2SO4
Cu2++ SO42-+ 2Na++ 2OH- = Cu(OH)2+ 2Na+ +SO42-
Cu2++2OH- = Cu(OH)2
ІҮ топ
б) натрий карбонаты мен кальций хлориді;
Na2CO3+ CaCl2= 2NaCl+CaCO3
2Na ++ CO32-+ Ca2++2Cl-=2Na++2Cl-+ CaCO3
Ca2+ + CO32- = CaCO3
ә) мырыш гидроксиді мен азот қышқылы
Zn(OH)2+2HNO3=Zn(NO3)2+ 2H2O
Zn(OH)2+2H+ + 2NO3- = Zn2++2NO3- + 2H2O
Zn(OH)2+2H+= Zn2++2H2O
Реакция теңдеулерін молекулалық, толық, қысқартылған иондық реакция түрінде жазыңыз.
ІІІ.Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру
Миға шабуыл. Постер құру
1.Электролиттер
2. қышқылдар
3.негіздер
4.тұздар
IVОқушыларды сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру
V. Жаңа сабақ өту:Күнделікті өмірде қолданып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Мысалы: лимонға қышқыл дәмді – лимон қышқылы, ал алмаға – алма қышқылы, ашыған сүтке — сүт қышқылы береді. Қышқылдар дегеніміз – металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутектің бір немесе бірнеше атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқылдардың жалпы формуласы НnА,
А – қышқыл қалдығы.Қышқылдар ( электролиттік диссоциация көзқарасы тұрғысынан) электролиттер, судағы ерітіндіде сутек катионына ( Н+ ) және қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады.
Қышқыл ерітінділерінде лакмус пен метилоранж қызыл түске боялады. Себебі кез келген қышқыл диссоциацияланғанда гидраттанған сутек катиондарын түзеді. Олар лакмус пен метилоранждың түсін қызартып, қышқылдарға қышқыл дәм береді. Мысалы:
НСІ+ H2O →Н3O+СІ
НСІ →Н - СІ
Қышқылдардың ортақ химиялық қасиеттері
1. Сутекке дейін орналасқан белсендірек металдармен әрекеттеседі
Zn+H2SO4=ZnSO4+H2
Zn+H2++ SO42- =Zn2++ SO42- +H2
Zn+2H+- =Zn2++ H2
2. Метал оксидтерімен әрекеттеседі
2HCl +CuO=CuCl2+H2O
2H+ +2Cl-+CuO= Cu2++2Cl-+ H2O
2H+ + CuO= Cu2++ H2O
3. Еритін негіздермен әрекеттеседі
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Na++OH-+H++Cl-= Na++ Cl-+ H2O
OH-+H+= H2O
4. Ерімейтін негіздермен әрекеттеседі
Cu(OH)2+ H2SO4= CuSO4+ 2H2O
Cu(OH)2+2H+ +SO4= Cu2++ SO42-+ H2O
Cu(OH)2+2H= Cu2++ H2O
5. Тұздармен әрекеттеседі.
Na2CO3+ H2SO4=Na2SO4+CO2+ H2O
2Na++ CO32-+2H+ +SO42- =2Na++ SO42-+ CO2+ H2O
CO32-+2H+= CO2+ H2O

BaCl2+ H2SO4=BaSO4+ 2HCl
Ba2++ 2Cl-+2H+ +SO42- = BaSO4+2H++ Cl-
Ba2++ SO42-= BaSO4
ҮI. Алған білімді бекіту. Топтарға тапсырмалыр беріледі
1.Томендегі реакция теңдеулерін теңесіріп, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
І –топ
2К+Н2 SO4→ К2 SO4 + Н2
2К+2Н+ + SO42-=2K++ SO42+2H
2К+2Н+ -=2K++2H

ІІ –топ
2НСІ+ К2 CO3→ 2КСІ+Н2 О +СО2
2Н++ СІ- + 2К+ + CO32- → 2К++ СІ- +Н2 О +СО2
2Н+ + CO32- → Н2 О +СО2

ІІІ – топ
КОН+НNO3→ КNO3 + Н2O
К++ ОН- +Н++ NO3→ К++ NO3- + Н2 O
ОН- + Н+→ Н2 O

IV-топ
K2O+2HCl=2KCl+H2 O
K2O+2H++2Cl- = 2K+ + 2Cl- +H2 O
K2O+2H+ = 2K+ + H2 O
2.Төменде келтірілгендер реакция нәтижесінде қандай қосылыстар түзеді?Осы реакция теңдеулері арқылы қышқылдардың қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз.
Zn + HCI→ … + H2↑ а) NaCI
CuO + H2SO4→ … + H2O ә) ZnCI2
NaOH + HCI→ … + 2H2O б) CuSO4
ZnCI2 + H2SO4→ … + 2HCI в) ZnSO4

Zn + 2HCI→ ZnCI2 + H2↑
CuO + H2SO4→ CuSO4 + H2O
NaOH + HCI→ NaCI + 2H2O
ZnCI2 + H2SO4→ ZnSO4 + 2HCI

ҮІІ. Үйге тапсырма. §10. 9-10-жаттығулар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.