Меню
Назад » » »
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер
загрузка...

загрузка...
Темиралиева Аяжан Джигеровна
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ
мектеп-интернат кешені, химия пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы, пәні: 8 сынып, химия Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А.Д
Күні:
Сабақтың тақырыбы Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе.
Жалпы мақсаты Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы химия пәні туралы түсінік қалыптастыру.Зат туралы ұғымды қалыптастыру арқылы оның «дене» ұғымынан айырмашылығын қарастыру. Химия тарихы туралы мәлімет беру. Химияның негізгі міндеттерімен таныстыру. Пәнаралық байланыс.
Сілтеме Химия оқулығы 8 сынып. Авторлары: Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная. Алматы"Мектеп" 2014ж
Ә.Темірболатова Химиядан есептер жинағы Алматы «Мектеп» 2013 ж

Оқу нәтижесі

- Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы химия пәні туралы түсінік қалыптастырады;
- «Зат» және «дене» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты ұғынады;
- Химия тарихы туралы мәлімет алады;
- Химияның негізгі міндеттерімен танысады;
- Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді
Негізгі идеялар Презентация, флипчарт, шаблон
Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер
Интернет материалын пайдаланады.
Интерактивті тақта, флипчарт, электронды оқулық 8 сынып «Химия- заттар туралы» Коллекция «Мұнай»
Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, тапсырмалар.
С а б а қ б а р ы с ы :
Сабақ
кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу

«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары. Химия адам ісіне құшағын кең жаяды» деп М.В.Ломоносовтың айтқан сөзімен сабағымды бастаймын.Күнделікті өмірде біз отынның жануын, металдардың тоттануын, судың булануын, қатуы сияқты құбылыстарды байқап жүрміз.
Тұрмыста Медицинада
бояу, май шам, дәрі-дәрмек
ыдыс-аяқ
Химия
Өндірісте Ауыл шаруаш/да
Солярмай, Минер.тыңайтқышт
Бензин т.б. гербицидтер
Химия физикамен тығыз байланысты, «Бұл екі ғылымның, - деп жазды Ломоносов – өзара байланысқандығы соншалық, бірінсіз-бірі жетіле алмайды». Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарымен геология мен биологиямен тығыз байланысты. Химия мен геология аралығынан Жердің әртүрлі жүйелерінде химиялық элементтердің таралуымен миграциясын зерттейтін геохимия ғылымы туды. Химия мен биология ның арасында тірі ағзадағы химиялық процестерді зерттейтін биохимия, биобейорганикалық, органикалық химия ғылымдары қалыптасты. Космохимия космостық денелердің құрамы мен әлемдегі элементтердің таралуын зерттейді.
Химия тарихы туралы. Химия өте ертеде пайда болған. Ғылым. Ол өте күрделі даму жолынан өтуде. Химия негізінен күнделікті өмірге қажеттіліктен туған.Біздің эрамызға дейін 3-4 мың жыл бұрын да химиялық өндіріс болған.Ертедегі Египетте түрлі кендерден таза металдар темір, қорғасын, мыс, қалайы алуды білген, алтын, күміс құймалар, шыны ыдыс-аяқ, түрлі бояулар, иіссу өндіре алған.Сондай-ақ, химиялық өндіріс ертедегі Месопотамия,Индия және Қытайда дамыған.Химия Египет пен гректерден VII ғасырдың ортасында арабтарға тарады. Олар химияға «ал» деген жалғау жалғап, «алхимия» деп атады. Алхимия Испания арқылы Европаға таралды. Химияның осы кездегі дамуын «алхимиялық кезең» деп атады.Бұл кезеңнің химия ғылымы үшін орасан зор пайдасы болды. Алхимияның мақсаты - кез келген затты аса бағалы затқа – алтын мен күміске - «философиялық тас» деп аталатын затты қосу арқылы айналдыру еді. Көптеген ғалымдар, сондықтан, «философиялық тасты» іздеумен шұғылданды. Әркім өзінің істерін құпияда ұстады.Олардың ойынша «философиялық тас» адам өмірінұзартуға мүмкіндік береді деп сенді. Осы кезде алхимия үш түрлі бағытта дамыды:1) араб алхимиясы; 2) діни бағыт; 3) алхимияны іс жүзінде пайдалану бағыты – дәрі –дәрмек, тау ісі, металлургия үшін пайдалану.Алхимиктердің жұмысы нәтижесінде заттар алудың, тазартудың жаңа әдістері табылды, көплеген жаңа химиялық жабдықтар жасалынды. Дегенмен, көптеген алхимиктер өз істерін құпияда ұстағандықтан, олардың тапқан жаңалықтарын ешкім пайдалана алмады. ХVII ғасырда іс жүзіндегі химиядан теория қалып қойды. Енді ғалымдар химияның теориялық жағын жасауға тырысты.Алғаш мұндай қадам асаған ағылшын Роберт Бойль еді. Оның ойынша химиялық өзгерістер «элементтердің» өзгеруіне байланысты мәселе еді.1700 жылы неміс ғалымы Шталь флогистон теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша жаңа алатын заттың құрамында «флогистон» деп аталатын салмағы теріс бөлшек болады. Зат жанғанда флогистон бөлініп,массасы артады. Мыс: металл+ оксид+флогистон. Алғашында бұл теория химияның теориясын біраз дамытып, кейіннен кейбір химиялық процестерді түсіндіре алмады, теория дамуын тежеді.
Жаңа химия орыс ғалымы М.В.Ломоносовтың еңбектерінен басталады.Ол химияның негізгі заңы «зат массасының сақталу заңын» ашты. Атом-молекулалық ілімнің негізін қалады.Қазіргі кездегі химия Д.И.Менделеевтің жұмыстарынан нәр алады.Ол 1869 ж периодтық заңды ашып, элементтердің периодтық жүйесін жасады. Сөйтіп, «Химия негізі» атты кітабында алғаш химияны периодтық заң тұрғысынан түсіндірді.Сонымен қатар ерітіндінің химиялық теориясының негізін қалады. Химияны дамытуда зор еңбек атқарған А.М.Бутлеров – ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы.Органикалық заттардың алуан түрлілігін осы теория бойынша түсіндіруге болады.
1. Оқулықпен жұмыс №6,7,8 ауызша орындалып, талданды.
2. Химия пәні зерттейді?
3. Химия пәнінің тарихы туралы не айта аласыз?
4. «Алхимиялық кезең» қандай аралықты қамтиды?
5. Флогистон теориясы қалай жүзеге асты.
6. Химия қандай пәндермен тығыз байланыста?
7. Химияның негізгі міндеттері қандай?
Жауап берген оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: ξ 1-2 Оқу № 8-16 есептер шығару
Ә.Темірболатова
Есептер жинағынан № 1-1 – 1-10

Мұғаліммен амандасады. Оқушылар күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. Зат ұғымын қалыптастырады. Дене мен айырмашылықты ескереді.
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысады.
Заттар – денелерді құраушылар. Мысалы: стол, отырғыш, парта – денелер, олардың құраушысы – ағаш зат.
Мұнай – таза шикізат, одан өндірілетін өнімдер – бензин, керосин, газойл, мазут, соляр май, пластмасса, синтетикалық каучук, парафин, гудрон т.б.

Химия - заттарды, олардың қасиеттерін, бір-біріне айналуын зерттейтін ғылым.
Заттар өте көп. Қазіргі кезде 4 млн астам органикалық заттар,100 мыңнан астам бейорганикалық заттар бар.
Оқушылар Электронды оқулықтан «Химия – тұрмыста, өндірісте, медицинада» видеосын көріп, талқылайды.
Химияның негізгі міндеттерін дәптерлеріне жазды.
1. Табиғаттағы заттарды тиімді үнемдеп пайдалану;
2. Заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау;
3. Табиғатта жоқ жаңа химиялық заттар алу;
4. Қоршаған ортаны қорғау.

Оқушылар оқулықпен жұмыстанып, жаттығулар орындап, оларды талдайды. Жекелей, жұптық, топтық жұмыстар орын алады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жаттығулар орындайды. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 715 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
avatar