Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сарамандық жұмыс №1 «Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс» -

Сарамандық жұмыс №1 «Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс»

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6660 | Размер: | Автор: гость
. Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы, пәні: 8 сынып, химия Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А.Д

Сабақтың тақырыбы Сарамандық жұмыс №1 «Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс»
Жалпы мақсаты Химия кабинетінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережесімен таныстыру; лабораториялық тұрғыны құрастыру, сынауықты тұрғыға бекіту, химиялық ыдыстар, кәрлен табақша, спирт шамның құрылысымен танысу.
Сілтеме Химия оқулығы 8 сынып. Авторлары: Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная. Алматы"Мектеп" 2014ж
Ә.Темірболатова Химиядан есептер жинағы Алматы «Мектеп» 2013 ж, Сарамандық жұмыстар 8 cыныпқа арналған (дидактикалық материалдар)

Оқу нәтижесі

- Қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес құрал-жабдықтармен танысып, қыздырғыш құралмен жұмыс істей алады, спирт шамды іске қосып және өшіре алады;
- Жалынның құрылысымен танысады;
- Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді
Негізгі идеялар Презентация, флипчарт, шаблон
Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер
Интернет материалын пайдаланады.
Интерактивті тақта, флипчарт, Лабораториялық тұрғы, химиялық ыдыстар, кәрлен табақша, спирт шам, сынауық штативімен, суы бар стақан, сіріңке, шыра т.б.
Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, тапсырмалар.
С а б а қ б а р ы с ы :
Сабақ
кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Психологиялық дайындық

Тұсаукесер

Мағынаны тану

Қорытынды Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу

Тапсырма №1.«Кім шапшаң?»
Үй тапсырмасын қайталау мақсатында жалпылама сұрақтар қойылады:
1. Зат дегеніміз не?
2. Дене дегеніміз не?
3. Зат пен дененің арасындағы айырмашылық неде?
4. Химия пәні нені зерттейді?
5. Қандай пәндермен тығыз байланыста?
6. Химия қай уақыттан бастап ғылым ретінде дамыған?
7. Алхимиялық кезең деген не, қай уақыттарды қамтиды?
8. Флогистон теориясының мақсаты неде болды?
9. Химияның дамуына қандай ғалымдар өз үлестерін қосты?
10. Химияның негізгі міндеттері қандай?

Өткен сабақты қайталай отырып, жаңа тақырыпқа көшемін. Өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіріп, алғашқы химия кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтауды әңгімелеймін. Оқулықта берілген ережелерге нақты тоқталып, оқушылармен бірлесе сұрақты жеке-жеке талдап, қорытындылайды:
1. Көрсетілген зат мөлшерінен артық алуға неге болмайды?
2. Неге пайдаланған затты сол ыдысқа қайта салуға немесе құюға болмайды?
3. Не себепті тәжірибе жасағанда тек таза ыдысты пайдаланады?
Жетектеуші сұрақтар қою арқылы оқушылармен кері байланыс орнатып, сұрақтарды талдаймын.
Соңынан оқушылар оқулықпен өз бетінше жұмыстанып, құрал-жабдықтардың суреттерін салады.
Әрі қарай лабораториялық тұрғының әр құрам бөлігін атап, тұрғыны құрастырып қайта жинап, оған сынауықты орналастыру, қыздырғыш құралдың жұмыс істеуін және ондағы қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды үйретемін. Сұйықты қыздыру тәсілін көрсетемін.
Сарамандық жұмыс дәптерін толтыру үлгісін көрсетіп, қорытынды жазуға нұсқау беру.
Содан дәптерлеріне құрал-жабдықтардың суреттерін салып, қорытынды жазады.


Лабораториялық ыдыстар: 1 — сынауык, 2 — кұтылар, 3 — қүйгы, 4 — стақандар, 5 — тамшуыр, 6 — склянка, 7 — отбакыраш
1. Қауіпсіздік техникасының ережелері қандай?
2. Лабораториялық құрал-жабдықтардың түрлері, олармен жұмыс істеу шаралары.
3. Лабораториялық штатив, спиртшам, қыздырғыш прибордың құрылыстары мен олардың жұмыс істеу тәсілдері қандай?
Үйге тапсырма: ξ 1-2 Оқу , қайталау
Ә.Темірболатова
Есептер жинағынан № 1-1 – 1-10



Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар қойылған сұрақтарға тез жауап береді

Химия - заттарды, олардың қасиеттерін, бір-біріне айналуын зерттейтін ғылым.
Заттар өте көп. Қазіргі кезде 4 млн астам органикалық заттар,100 мыңнан астам бейорганикалық заттар бар.

Оқушылар химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, оқулықпен жекелей жұмыстанады. Әрі қарай қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, Жұптық жұмыспен лабораториялық тұрғыны құрастырады, оған сынауықты орнатады. Спирт шамның құрылысымен танысып, жұмыс істеу ережесін пайдаланып, сынауықтағы сұйықты қыздыру тәсілін көрсетеді, одан соң спирт шамды өшіреді.Осылайша мұғалімнің басшылығымен химиялық құрал-жабдықтармен танысып, олардың жұмыс істеу ережелерімен танысады.

б) спирт шамын пайдалану; в) кыздыру;

Оқушылар сарамандық жұмыс дәптерлеріне құрал-жабдықтардың суреттерін салып, олармен қалай жұмыс істеу керектігін жазады, қорытындылайды.
Дәптерлерін тапсырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.