Меню
Назад » » »
«Тұрмыстағы химия» курсы
загрузка...

загрузка...
Түсінік хат
«Тұрмыстағы химия» курсы білім стандарты негізінде құрастырылған. Курс 9-сынып оқушылары үшін арналған. Элективті курсқа 34 сағат бөлінген. Курс оқу жылының басынан бастап жүреді.
Қазіргі адамның қоғам өмірінде, тұрмыста көптеген химиялық заттар қолданып, әсерін тигізеді. Химиялық заттардың қазіргі адамның өмірінде үлкен орын алуының себебі, уақыттың талабы, сондықтан да химиялық заттарды дұрыс қолданбау көп зиянға соқтырады.
Химизация – адам өмірінде химиялық заттарды дұрыс, ережеге сәйкес қолдану. Мектеп бағдарламасында химизация сұрақтарына аз уақыт бөлінеді. Химиялық заттарды тұрмыста күнделікті қолданамыз. Аталған мәселелермен байланысты мектепте химия негізінде қолданбалы элективті курстардың жүзеге асуы болып табылады. «Тұрмыстағы химия» курсы күнделікті өмірде химиялық заттарды қолдануда негізгі ережелерді тану, іске асыру болып табылады.

Курстың мақсаты:
Оқушылардың практикалық және экологиялық дамуын көтермелеу.

Курстың негізгі бағыты – практикалық жұмыстар. Курстың барысына зерттеу жұмыстары енгізіліп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Міндеттері:
- Оқушылардың тұрмыстаға қолданылатын химиялық заттар туралы білімдерін дамыту;
- Химиялық заттардың табиғатқа әсеріне негізделе отырып табиғатты қорғауға деген көзқарастарын қалыптастыру;
- Оқушылардың химиялық білімін дамыту, химиялық реакцияларды жасай білуге үйрету.
- Оқушыларға химияға деген қызығушылықтарын арттыруға, дамытуға мүмкіндік беру.
- Оқушыларға химиядан алған өз білімдерін айқындауға және кейінгі уақытта жоғары деңгейлі бағдарламаны меңгеруге мүмкіндік беру.

Оқушылар білу керек:
- Химиялық заттарды тұрмыста қолданудың маңызы;
- Табиғи ортанын ластануынын негізгі себептері және ластанудан қорғау жолдары;
- Тұрмыстағы химиялық заттарды дұрыс қолдану ережелерін білу;
- Алған білімдерін практика жүзінде қолдануға, эксперименттер жасай білуге үйрету.

Бағдарлама
Кіріспе.
1. Тұрмыстағы химиялық заттармен жұмыс жасаудағы кауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық
№1 тақырып. Су (3 сағат)
1. Табиғи су. Қасиеттері.
2. Су. Су кермектігі.
3. Практикалық жұмыс № 1. «Тұрақсыз кермектікті жою»
№2 тақырып. Тұздар (3 сағат)
1. Ас тұзы. Қасиеттері. Адам өміріндегі маңызы
2. Ас содасы, мұсатырлы спирт, ляпис: қасиеттері
3. Практикалық жұмыс № 2. «Ластанған ас тұзын тазарту. Кристалдар өсіру».
№3 тақырып. Бояғыш заттар. Желімдер. (4 сағат)
1. Бояғыш заттар құрамы, жіктелуі және қолдану тиімділігі.
2. Желім. Құрамы, қасиеттері.
3. Практикалық жұмыс № 3. «Бояғыш заттар мен желімнен қалған дақтарды жою әдістері».
4. Рефераттар және жобаларды қорғау.
№4 тақырып. Жуғыш заттар. (3 сағат)
1. Синтетикалық және натуралды жуғыш заттар. Қолданылуы.
2. Синтетикалық жуғыш заттар және табиғи орта.
3. Практикалық жұмыс № 4. «Киімдегі дақты жою»
№5 тақырып. Химия және гигиеналық заттар. (4 сағат)
1. Сабын және сусабын. Практикалық жұмыс № 5. «Иіс сабынның рН ортасын анықтау».
2. Шаш және теріге күтім жасау әдістері, ережелері.
3. Тіс майұнтағы. Практикалық жұмыс № 6. «Тіс майұнтағының химиялық құрамын анықтау».
4. Рефераттар және жобаларды қорғау.
№6 тақырып. Химия және ас тағамдары. ( 3 сағат)
1. Неліктен ас тағамдары бұзылады? Ас тағамдарын қалай сақтау керек?
2. Тағам ораушыларында жазылған мәліметтерді оқу, тағамдық құндылығын анықтау.
3. Ас тұзының өсуі жасушаға әсері. Плазмолизді байқау.
№7 тақырып. Дәрі-дәрмектер (5 сағат)
1. Табиғи және синтетикалық дәрілік заттар.
2. Қолданбалы дәрілердің химиялық құрамы.
3. Біздің қобдишамыздағы дәрілер.
4. Дәрілерді қалай сақтау керек? Дәрілерді сақтау және қолдану ережелері.
5. Практикалық жұмыс № 7. «Еріген заттарды белсенді көмірмен адсорбциялау».
№8 тақырып. Үйдегі өсімдіктер. (3 сағат)
1. Гүл шоқтарын сақтау тәсілдері.
2. Үй өсімдіктерін өсіру және қорғау.
3. Практикалық жұмыс № 8 «Өсімдіктерді өсіруге арналған тұз ерітінділерін дайындау».
№9 тақырып. Инсектицид, репелленттер және т.б (3 сағат).
1. Тұрмыстағы құрт-құмырсқалары, жәндіктерімен күресу жолдары.
2. Шыбындармен күрес.
3. Кемеміргіштермен күресу жолдары.
Қорытынды сабақтар (2 сағат)
1. Жарнамамен танысамыз.
2. Диогностикалық ойын. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Тұрмыстағы химия» курсы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар | Логин: Нартай4540
Көрсетілім: 1247 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar