Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Бала біздің-болашағымыз -

Бала біздің-болашағымыз

Сабақ жоспары | Документы | Ата-аналармен жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 3150 | Размер: | Автор: balaseri
Сыныбы 7 а Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Бала біздің-болашағымыз
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Мектеп пен ата-ана,ұстаз бен ата-ана арасындағы байланысты нығайту,ата-аналарды мектеп өміріне араластыру,адам өміріндегі баланың ролін түсіндіру
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест
Мұғалімнің кіріспе сөзі :
- Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі Жүректен –жүрекке
ІІ.Бала деген кім? Ой қозғау
ІІ. Ассосация ойыны доп лақтыру арқылы
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?
ІІІ. Сіз үшін ең қымбат... тренинг
Мен үшін ең қымбат...
Мен үшін ең бағалы...
Мен үшін ең сыйлы ..
IV.Сөйлемді аяқтаңыз топтық жұмыс
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).

ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).

ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуғаүйретеді)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.