Меню
Назад » » »
5 саны және цифры. Бесбұрыш
загрузка...

загрузка...
Ерметова Ұлжан Манатбековна Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Бесбұрыш
Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушыларды 5 санының құрылуымен , 5 цифрының жазылуымен және құрамымен таныстыру. Бесбұрыш және оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы : Ақыл- ой белсенділігін күшейту. Ойын ойнау арқылы оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту . Өз уақытын үнемді пайдалануына ықпал жасау.

Тәрбиелілігі: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру, дүние танымын кеңейту , сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық.

Әдісі: жаңа білім беру, топтастыру, іздену, сұрақ-жауап, ойын, талдау.

Көрнекілігі: кеспе сандар, сызбалар, суреттер, геометриялық пішімдер, перфокарталар, үлестірмелі қима қағаздар, ойын құралдары.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып алайық.
Қонақ күту салтымыз
Оқып –біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз.
Қазақ халқы қонақ жай халық, қонақ келгенде бар жақсысын қонаққа береді,ал біз қонақтарға жақсы білімізді көрсетейік.
Балалар білім алу үшін бізге оқу құралдары қажет. Міне менің алдымда да біраз оқу құралдары жатыр. Сендер өздеріңе ұнайтын құралды таңдаңдар.(сызғыш, өшіргіш, қарындаш)
Оқушыларды таңдаған оқу құралына қарай үш топқа бөлу.
1- Топ 2 –топ 3-топ

Балалар, қазір қандай мезгіл?
-Күз
Күз мезгілін берекелі деп айтады.
-Неліктен олай айтады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру.
Бүгінгі сабақта сендер де жемістерді жинауға өз үлестеріңді қосыңдар.
1-топ 2- топ 3- топ


Балалар , алдымен ойымызды жинақтап алайық
Сан санайық мүдірмей
Бар ма, кәне талапкер?
Ал, Қуаныш
Кідірмей
Беске дейін санап бер.
1 , 2 , 3 , 4 , 5
О, Қуаныш жарадың
Бестік санды өте тез
Әрі дұрыс санадың.
Енді ,Ұлар шырағым,
Санай қойшы мұны әрі
6 , 7 , 8 , 9
Бәріміз боп 10 деп тағы
Қайта есепке көктейміз
Оннан қайта кері санап
Бізге дейін жет дейміз
Ойланайық бір мезет,
Абайлайық , қарайық,
Санды енді тізбелеп
Кері қарай санайық
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
2. Өтілген тақырыптардан білімдерін пысықтау.
Ауызша математикалық диктант.
1. 1 саны мен 2 санының қосындысы неге тең?
2. 4 пен 2-нің айырмасы нешеге тең?
3. 1-ден 10-ға дейін тура сана
4.Геометриялық пішіндерді ата.
Үйге берілген есепті тексеру, талдау жасау. №3



4 санына Постер құру.
1 –топ


2-топ


3-топ


Сергіту сәтін өткізу.Көбелек тұрып ертемен
Керілді де созылды.
Бір шықпенен жуынды
Екі шыр айналып бұрылды
Үш дегенде жерге жетті
Төрт дегенде ұшып кетті
Бес дегенде гүлге жетті.



Кел балалар санайық,
Төртке бірді қосайық.
Жаңа шыққан санды біз,
«Бес» деп енді атайық.

3. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатына түсінік беру.
5 бұл бес сәулесі бар жұлдызша. Әрбір сәулесі әлемнің бір бұрышын білдіреді.Жоғарғы сәуле қалған төрт сәулені бір нүктеге біріктіреді.Өздерің де зейін салып қараңдаршы, сендер де бес сәуледен тұрасыңдар. Ол сендердің қол-аяқтарың, ал ортаңғы бәрін біріктіруші сәуле- бастарың. Өздеріңді әлемдегі жалғыз ерекше жұлдызбын деп есептеулеріңе болады.

Бес саны туралы көптеген нәрсені білуге болады.
Қазақ халқының ұлағатты ұғымдары.



Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыздың өсиетін айтып өтейік.
Бес нәрседен қашық бол,
Өсек, өтірік мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ
Бес нәрсеге асық бол
Білім , еңбек, терең ой
Қанағат рақым ойлап қой.
Абай атамыздың өлеңімен келесі сыныптарда танысамыз.

Бес саусақ он саусақтың жартысы. Бес саны сандық қатардағы 4 санынан кейін келеді.

Бес саны бес бірліктен тұрады

Оқушылар , гүлдерді көбелектерді, таяқшаларды қолдана отырып есептер құрастырады.
1-топ 2-топ 3-топ


Санамақ айту.
Бір үйде біз нешеуміз
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым атам
Балуан үйрек апам
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек мен
Кішкентай бөбек сен
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.

4Дәптермен жұмыс.
5 цифрын 1 қатарға жазу
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма дидактикалық материалдармен түсіндіріп өту.


№2 тапсырма Перфокарталармен жұмыс.
Сандар құрамын анықтайды.

1
2


1
3
2

1
2
4
3

3 тапсырма
1-ден 5-ке дейін тура және кері санап шығады


4-тапсырма.
«Ойлан, тап» ойыны
Оқушылар түрлі түсті қағаздан бесбұрыштарды құрастырады

Сандарға байланысты өлеңдер , санамақ айту.
Жіңішке жалғыз таяқша
Бір саны ол айрықша

Міне екі саны тұр
Қараңдаршы неткен түр!
Мойнын алға иеді
Құйрығы еріп жүреді.

Екіліктен кейін қараңдар
Үш саны шықты жараңдар
Үшінші орын тұрағы
Үш ілмекті қосып тұрады.

Сүйір шынтақ шығарып
Төрт тұр алға үшті алып

Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті.
Санаса қолдың саусағын
Оңай табасың бесті

Бір дегенім –бесік
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім –Елім
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім –Үміт
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім –төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім –Бақыт
Бағалайтын уақыт

Бес дегенім жақсы баға
Алады оны жақсы бала.

Сабақты бекіту
Шығармашылық тапсырма
1 топ
Сайқымазаққа шаршыны бояуға көмектеседі







2-топ
Берілген сандардың көршілерін табады.

3-топ
Сайқымазаққа таңбаларды дұрыс орналастыруға көмектесеміз
○○○
○○○ ○
○○○ ○○○

○○ ○○
○○
○ ○

○ ○ ○ ○

○ ○
○○ ○○○

Допты бір-біріне беру арқылы сандарды тура және кері санау.
Жұмбақ есеп
Ұлпа жүнін қыздырып
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы төрт күшік
Неше болды сен сана


Сабақты қорыту.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін парақшаларға бейнелеп көрсетеді.
Оқушыларды мақтап, мадақтау.жинаған жемістерін санау.Жемісті көбірек жинаған оқушыға жұлдызша беріледі Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 5 саны және цифры. Бесбұрыш можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 358 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar