Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білім берудің жаңа форматы -

Білім берудің жаңа форматы

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 2729 | Размер: | Автор: Публикатор
. Білім берудің жаңа форматы
Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді.
Басқаша айтқанда, бүгінгі күні білім беру жүйесінде : «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым – қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге/үйретуге болады».
Халық даналығы да осыны растап тұр: «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас!» Екі жарым мың жыл бұрын қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін !»
Міне, осы себептерге байланысты оқу процесінің негізін интербелсенді әдістемелер құрауы керек, әрбір оқытушы интербелсенді құралдар мен тәсілдерді өзінің әдістемесінің төрінен көру қажет.
Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар.
Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, құзырлылық, машықтарды иемденеді: терең және жүйелі ойлану; ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, оның ішінен керектісін таңдап алу; ақпаратты жан – жақты талдау және бағалау; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдеу; шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; өз біліміне, өміріне деген жауапкершілікті тереңінен сезіну; басқалармен тиімді қарым – қатынас құру. Бұл дағдылар мен құзыреттіліктер болашақта білім алушыларды бүгінгі күні тіпті де болжауға мүмкін емес проблемелардың шешімдерін таңдуға жетелейді.
Қазір Батыс мемлекеттердің мектептерінде «дәптер» және «кітап» ұғымдарының орнын «планшет» ұғымы басқан. Замануи маман ақпараттық коммуникациялардың осындай түрлерінің құлағында ойнауы қажет, онсыз ол бүгінгі күн талаптарына сәйкес келмей қалмауы ықтимал.
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивті) тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған (конструктивтік) білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, өздігімен білім құрастыру қажет бұл күнде. Ал бұл мақсатқа әр сабақта интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады. Интербелсенді оқуда оқушылар өз біліміне және өзгелердің біліміне деген жауапкершілікті өздеріне жүктеп алады, ал педагог ұйымдастырушы, басқарушы, бағыт – бағдар беруші, қолпаштаушы болады.
Сарқан қаласы
Ақын Сара атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Шерубаева Н.Т.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.