Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЕЛТАНУ -

ЕЛТАНУ

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 911 | Просмотров: 6704 | Размер: 414.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебі

ЕЛТАНУ

Көкшетау
УДК 373.167.1
ББК 26.8 я 2 я 72
Е 32

Рецензия жазған:
Ақмола облысы БҚБА және ҚДИ-ның
жаратылыстану-математика циклі пәндерін
оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,
география пән оқытушысы Мәдениет Хабатұлы.

Який Хайрат
Е 32 Елтану./ Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған қолданбалы курс. - Көкшетау, 2012. - 70 бет.

ISBN 978-601-231-561-6

Елтану бұл – Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады. Курс 2 бөлімнен тұрады. І бөлім – Азия елдері, ІІ бөлім – Еуропа елдері. Осы елдер туралы мәліметтермен таныса отырып оқушылар түрлі сарамандық жұмыстар мен тест тапсырмаларын да орындайды.



УДК 373.167.1
ББК 26.8 я 2 я 72

ISBN 978-601-231-561-6

іру және көбейтіп басуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, мйкес қ(7162)31-33-49.
© Який Хайрат, 2012



Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебі.
География пәні мұғалімі: Який Хайрат

Түсінік хат

«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты – алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген. Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруда географиялық білімнің алатын рөлі зор.
Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады.
География ғылымының қазіргі кезде баяндауышы – энциклопедиялық ілімнен конструктивті ғылымға айналғаны бәрімізге мәлім. Географияның заманға сай міндеті «адам-табиғат-шаруашылық-қоршаған орта» жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін үлкен әсерін тигізеді.
Қазір дүние жүзі елдері өзара байланысты және тәуелді бола түсуде. Бұл жағдайда географияның алдында барған сайын жаңа әрі аса жауапты міндеттер тұр: соның бірі – мемлекеттердің интеграциялық процеске ұмтылуы.
Сондықтан да қазіргі кезде әрбір оқушы өз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы мен экологиясын біліп қана қоймай, дүние жүзі елдерінің тарихы мен табиғаты, экономикасы мен экологиясы, халықаралық байланыстары туралы да білулері керек, өйткені олар келешекте әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін болады. Міне осы тұрғыдан да Елтану курсының маңызы зор.
Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде Елтанудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор.
Елтану бұл – Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.
Курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих, туризм сияқты мамандықтарды қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.

Мақсаттары:
- География пәніне байланысты мамандық таңдаған оқушыларға бағыт-бағдар беру;
- Қоғам өмірі мен мемлекеттер жөнінде танымдық деңгейдегі мағлұматтармен таныстыру;
- Жеке елдердің қазіргі геосаяси жағдайын талдау арқылы саяси географиялық білімнің негізін қалау;
- Жеке аймақтар мен елдердегі табиғат ресурстарының таралуы мен пайдалану мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық-экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету:
- Мемлекеттердің географиялық бет-бейнесін танып-білу негізінде өз елін сүюге, басқа елдер мен олардың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Міндеттері:
- Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;
- Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;
- Алған білімдерін дүние жүзінде болып жатқан өзгерістермен байланыстыра отырып, кейбір проблемалық мәселелер жөнінде өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету;
- Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын географияның бүгінгі таңдағы ғаламдық проблемалары мен әр түрлі әлеуметтік-саяси жағдайдағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер арқылы арттыру;
- Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру.
- Дүние танымдық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, олардың құзырлылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
Осы курсты меңгере отырып оқушы географиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерітер мен оқиғаларға баға бере алатын саяси сауатты, салауатты өмір салтын серік еткен, мәдениетті тұлға болып қалыптасады және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.
Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.
Қолданатын құрал-жабдықтар:
Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:
тарих, дінтану, құқық негіздері, өнер, экономика, экология, сызу, биология.
Оқытудың іс-әрекет түрлері:
- Бағдарлама география, тарих, экономика, саясаттану мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.
- Оқушылар Еуразия елдері туралы деректерді, мәліметтерді талдап, зерделейді.
- Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:
• елдің географиялық жағдайына баға беру;
• талдау-салыстыру;
• сипаттау;
• пікір-талас;
• картамен жұмыс
• толықтыру әдістерін меңгереді.
- Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.
- Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), кесте, диаграммалар құрайды.
- Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.
- Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.
Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:
Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:
- бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;
- елдердің мемлекеттік құрылысы мен басқару формаларын;
- табиғаты мен геосаяси жағдайын;
- жеке елдер мен аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;
- аймақтардың шаруашылық дамуы мен елдердің шаруашылық құрылымын;
Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:
- елдің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;
- карта, құжаттар, әдебиеттер және ақпаратпен жеке жұмыс істеуді білу;
- қазіргі саяси жағдайға баға беру;
- елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;
- әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез келген елге елтану бағытында сипаттама құрастыру;
- белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;
- ғылыми жобалар жазу;

«Елтану» (Еуразия елдері бойынша)
Бағдарламаның тақырыптық жоспары.

№ Сабақ тақырыбы Сағат саны
Өткізу түрі Білімділік нәтижесі
Б Д С
І бөлім.Азия елдері.
1.Оңтүстік Батыс Азия 20
9 17
8 2
1
1 Ауғанстан Ислам Республикасы 1 Лекция Конспект
2 Бахрейн Әмірлігіі 1 Әңгімелеу өз.жұмыс
3 Біріккен Араб Әмірлігі 1 Әңгімелесу-сұхбаттасу Хабарлама дайындау
4 Иран Ислам Республикасы 1 Лекция-баяндау Реферат
5 Ирак 1 Диспут Конспект
6 Ливан Республикасы 1 Баяндау Кесте құру
7 Сирия Араб Республикасы 1 Лекция Конспект
8 Сауд Арабиясы Корольдігі 1 Әңгімелесу-сұхбаттасу Хабарлама дайындау
9 Сарамандық жұмыс №1 1 Практикалық Картамен жұмыс
2. Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия елдері. 7 7 -
10 Монғолия 1 Семинар сабақ Шығарма жұмыстар
11 Бруней сұлтандығы
1 Лекция-баяндау Сызба-кесте
12 Вьетнам 1 Әңгімелесу-сұхбаттасу Хабарлама дайындау
13 Малайзия 1 Ізденіс-зерттеу Реферат
14 Филиппин 1 Лекция Конспект
15 Тайвань 1 Лекция-диспут Хабарлама дайындау
16 Камбоджа Корольдігі 1 Лекция-баяндау Конспект
3. Оңтүстік Азия елдері 4 3 1
17 Бангладеш 1 Баяндау Кесте құру
18 Бутан Корольдігі 1 Лекция Конспект
19 Пакистан Ислам Республикасы 1 Әңгімелесу-сұхбаттасу Реферат
20 Сарамандық жұмыс №2 1 Практикалық Картамен жұмыс
ІІ бөлім. Еуропа елдері
1. Орталық және Оңтүстік Еуропа елдері 14
4 12
4 2
21 Австрия Республикасы 1 Семинар сабақ Хабарлама дайындау
22 Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеті 1 Лекция-баяндау Сызба-кесте
23 Бельгия Корольдігі 1 Баяндау Реферат
24 Швейцария Конфедерациясы 1 Әңгімелесу-сұхбаттасу Конспект
2. СолтүстікЕуропа елдері 5 4 1
25 Исландия Республикасы 1 Ізденіс-зерттеу Шығарма жұмыстар
26 Норвегия Корольдігі 1 Лекция-диспут Хабарлама дайындау
27 Финляндия 1 Лекция өз.жұмыс
28 Швеция Корольдігі 1 Лекция Реферат

29 Сарамандық жұмыс №3 1 Практикалық Картамен жұмыс
3. Шығыс Еуропа елдері 5 4 1
30 Албания 1 Лекция-баяндау Сызба-кесте
31 Болгария Республикасы 1 Әңгімелесу-сұхбаттасу Хабарлама дайындау
32 Босния және Герцеговина 1 Лекция конспект
33 Венгрия Республикасы 1 Лекция Реферат

34 Қорытынды сабақ 1 Сынақ Тест

№1 сабақ.
АУҒАНСТАН
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Ауғанстанның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Ауғанстан
АУҒАНСТАН, Ауғанстан ислам мемлекеті ¬Оңт. Батыс Азиядағы мемле-кет. Аум. 652,2 мың км2.
Ас¬танасы - Кабул (1,5 млн., 1992).
Халқы 20,3 млн. адам (1993).
Ауғанстан жері 29 уәла¬ятқа және 2 округке бөлінеді.
Мемл. тілі - пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен, сүнниттер).
Табиғаты. Жерінің 3/4 бөлі¬гінен астамы таулы. Елдің солт.-шығысынан оңт.-баты¬сына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр (ең биік жері 6729 м). Оны Ауғанстан¬ның солт. мен батысында Па¬ропамиз және Сафеднах жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңт-де Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңт.-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-¬Марго шөлдері жатыр. Клима¬ты субтропиктік, құрғақ. Шіл¬де айының орташа темп-расы 240С-ден 320С-қа, ал қаңтар айының орташа тeмп-pacы 00- тан 80С-қа дейін жетеді. Жау¬ын-шашынның жылдық орта¬ша мөлш. 350 мм-ден аспай¬ды. Ірі өзендері: Әмудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб. Кен байлықтары -мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар.
Тарихы. Қазіргі Ауғанстан жерінің солт. бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңт. бөлігін қола дәуірінен мекендей бас¬таған. Б.з.б. l-мыңжылдықтың І-жартысында бұл жер¬де құрылған мемл-тердің бірі Бактрия болды. А. туралы алғашқы деректер б.з.б, 6 ғ-дан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахе¬мен әулеті билеген Парсы им¬периясының құрамында бол¬ды. Б.з. І - 4 ғ-ларында А. жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғ-дың 60-жылда¬рында А. жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағын¬ды. 7 - 8 ғ-ларда А. жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғ-¬да А. жерінде Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығыс¬қан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жау¬лап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлiнген А. жерінде 1747 ж. Ахмад шаh Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті ор¬нады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемл. ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаh әулеті де биліктен кeттi. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 ж. әмір атанды. Бұл уақытта А. жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842). Алайда ағылшын отар-шылдары А-ды басып алу ние¬тінен танбады. 1878 ж. Ұлыб¬ританияның 37 мың адамдық әскері А-ға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Aнглияның ба¬қылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманул¬ла хан А-ның тәуелсіздігін жа¬риялады. Англия мұны мой¬ындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.
1973 жылға дейін А-да монар¬хиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, респ. жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 ж. желтоқсанда А-ға Ке¬ңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына¬на дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылған-нан кейін де Ауғанстанда азамат со¬ғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшырат¬ты. 1993 ж. Ресейдің Наджи-болла өкіметін қолдауын тоқтатып, моджахедтермен келіс¬сөз жасауға көшуі А-дағы әс¬кери -саяси жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Азияның көрікті қалаларының бірі ¬Кабул қатты қирады, оны барлық елдердің елшіліктері тас¬тап шықты. Ауғанстан тұрғындарының 1/4 бөлігі көрші мемл-¬терге (негізінен, Пәкстан мен Иранға) қоныс аударды. 1997 - 98 ж. ҚР-ның үкіметі Ауғанстан¬дағы қазақтарды көшіріп әкелді. Билікке ұмтылған әр түрлі саяси күштердің, ұлттық тәуелсіздікті көксеген этник. топтардың, "Талибан" қозға-лысының, Р. Дустум жасақта¬рының арасындағы қарулы қақтығыстары елде ұлттық келісімнің орнауына, ұлттық бірлік негізінде қайта жаңғы¬руға кедергі жасап отыр.
Экономикасы. А. - аграрлы ел. Экономикасының негізі ¬суармалы егіншілік пен мал ш. Өңделетін жерінің 70%-ке жуығы суармалы. Жалалабад каналы мен Сарда су қойма¬сы бар. Ұлттық табыстың 80%-¬ке жуығы а.ш-ның үлесінде, адамдардың 90%-тен астамы осы салада жұмыс істейді. Қой ш. жақсы дамыған. Со¬нымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, кү¬ріш, мақта, қант қызылша¬сы сияқты дақылдар өндірі¬леді. А. өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-мех. зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солт. ше¬карасында газ құбыры тартыл¬ған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіп¬орындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа, негізінен, қаракөл елтірісі мен жүн шығарыла¬ды. 1979 ж. басталған соғыс ел экон-сына көп зиян келтірді. Дүн. жүз. саудада импорт мөлшері өсіп, экспорт мүлде азайып кетті. 1995 ж. импорт 616 млн. АҚШ доллары мөл¬шерінде болса, экспорт 188 млн. долларға түсті, яғни үш еседен астам кеміді. Сондай¬-ақ дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі А. үлесі де 1985 жыл¬ғы 0,07%-тен 1995 ж. 0,05%-¬ке дейін шегерілді.

№2 сабақ.
БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ.
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Бахрейн әмірлігінің табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалыққ байланыстары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ
БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ ¬Оңт.-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мем¬лекет.
Жері - 695 км2
Хал¬қы - 64З мың адам (1998).
Астанасы - Манама (160 мындай).
Ірі қалалары: Мұ¬харрәк, Рифаа, Иса.
Мемл. тілі - араб тілі.
Халқы ислам дінін ұстанады.
Бахрейн әмірлігі - конституциялық монархия. Мем¬лекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы - Әмір. Заң шығару билігі 197З ж. қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындай¬ды. Атқару билігі Мин. Ке¬ңесіне жүктелген. Саяси пар¬тиялар мен кәсіподақтар қыз¬метіне тыйым салынған.
Мемлекет аум. 33 аралдан тұ¬рады. Ірілері: Бахрейн, Мұ¬харрәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді бо¬лып келеді.
Климаты тропик¬тік және субтропиктік. Ор¬таша температурасы қыста 180С, көктемде 250С, жазда 400С, күзде 280С. Жауын-шашын¬ның жылдық орташа мөлш. 90 мм.
Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. З мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. ба¬сында Бахрейн жеке әмірлік болған. 4-6 ғ-ларда Сасанилер мемлекетінің, кейін Араб халифатының құрамына кір¬ді. 13 ғ-да Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша Ормуз әмірлігіне қосып алынды. 16 ғ-дың басында Бахрейнді португалдықтар жаулап алса, 17 ғ-да Иранның қол асты¬на кірді. 18 ғ-дың 80-жыл¬дарында әл-Халиф әулеті¬нен шыққан араб шейhтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жария¬лады, бірақ 19 ғ-да Ұлыбри¬тания шейhтармен бірқатар келісімдер жасап (1820,1847, 1861), 1871 ж. елде өз про¬текторатын орнатты. ) 1880 ж. және 1892 ж. келісімдер не¬гізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. l-дүние¬жүз. соғыс (1914-18) кезін¬де Бахрейнде ағылшын әс¬кери базалары орналасты. 1932 ж. мұнай көздері ашыл¬ған соң, елге АҚШ капита¬лы ене бастады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (l9З9-¬45) Британ үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, Ма¬нама қ. Парсы шығанағын¬дағы Британия әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-¬азаттық қозғалысы нәтиже¬сінде 1971 ж. 14 тамызда Б. ә. тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
Б. ә. экономикасының негі¬зі - мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қам¬тамасыз етеді. Барланған мұ¬най қоры - 27 млн. т., газ¬дың коры - 240 млрд. м3. Мұнай өндеу, алюминий өн-діру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр ст. жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім - 5 млрд. дол¬лар шамасында. А. ш. оның 1%-ін ғана құрайды. Көкө¬ніс, құрма, цитрусты жеміс¬-жидектер, жүзім өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады.
Бахрейн әмірлігі ¬Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, Сальман және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Австралия, Жапония. Cыртқы саясаты Таяу Шы¬ғыстағы жанжалдарды рет¬теуге, Парсы шығанағында бейбітшілік орнатуға бағыт¬талған. Б. ә. 1992 ж. 28 ма¬мырда Қазақстанмен дипло-матиялық қарым-қатынас ор¬натты. Қазақстанмен экономикалық байланыстары дамып келеді.

№3 сабақ
БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ.
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Біріккен Араб Әмірлігінің табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылысы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ
БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ (БАӘ), әл - Ә м и р ә т әл¬-Араби әл-Муттахи¬да - Азиядағы Парсы шы¬ғанағының оңтүстік жағала¬уын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет.
Құрамына Әбу Даби, Дубай, Шараджа, Фуд¬жайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмір¬ліктері кіреді.
Жері - 83,6 мың км2
Астанасы - Әбу¬-Даби
Халқы - 2,5 млн. (1997).
Арабтар¬дан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады.
Мемл. тілі ¬араб тілі.
Діні - ислам.
БАӘ - федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалып¬тасқан. Әмірліктерді басқара¬тын билеушілердің барлығы Жоғ. Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан 5 жыл мерзімге президент сайлай¬ды. Федеративтік ұлттық ке¬ңес (40 мүше) - парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Ке¬ңесі жүргізеді.
БАӘ-нің жері Парсы шыға¬нағының оңт. жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көп¬теген ұсақ аралдарды қамти¬ды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Клима¬ты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа темп-расы 200С шамасында, шілдеде 30 - 350С-қа (кей¬де 500С-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жа¬зықтықта 100 - 150 мм, таулы аймағында 300 - 400 мм. Tұpaқты өзендері жоқ. Оазис¬терде жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі.
Қазіргі БАӘ жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Б. з. б. 6 ғ-да бұл жер Ахемен әулеті¬нің қол астына қараса, кейін¬нен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатына бі-ріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты.
Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххаб¬шылдар үнемі күрес жүргі¬зіп келді. 18 ғ-да ағылшын¬дық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк та¬сымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір суру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұрт¬шылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыс¬тар болып тұрды. 19 ғ-дың басында Ост-Үнді компания¬сы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшарт¬қа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғ-дың 20-жыл¬дарынан бастап ағылшын¬дарға қарсы ұлт-азаттық қоз¬ғалыс өріс алды. 1968 ж. Ұлыбритания лейбористік үкіметінің шешімімен ағыл¬шын әскерлері БАӘ жерінен шығарылған соң, 1971 ж. әмірліктер федерацияға бірігеді. 1971 ж. 2 желтоқсанда тәуелсіз БАӘ құрылды. 1971 жылдан президент болып сайланған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайни (Әбу Даби билеушісі) әр 5 жыл сайын қайта сайланып келеді. 1990 жылдан премьер-¬министр қызметін Дубай би¬леушісі шейх Мактум бен Рашид әл-Мактум атқаруда. БАӘ Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қа¬зақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. танып, 1992 жылдан экон., мәдени, дос¬тық қарым-қатынас орнатты.
БАӘ ұлттық табысы жағынан жан басына шакқанда дұние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. 1994 ж. жалпы ішкі өнімі - 38,4 млрд. доллар жан басына шаққанда 16000 долл. құрады. Эконо¬микасының негізі - мұнай мен газ қорлары. Мұнайдың барланған қорлары - 7 млрд. д т-дан астам. Табиғи газ қоры көлемі - 9,8 трлн. мЗ. Мұнайды экспортқа шығару елде көлемді қаржы қорларын жинақтауға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары мұнай өңдеу, мұнай- химия, металлургия алюминий балқыту, цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. А. ш. нашар дамыған. Жерінің 0,3%-і ғана өңделеді, оның 17,2%-і суармалы жерлер. Оазистерде құрма, жүзім, көкөніс, мақта, т.б. өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді. Жалпы ішкі өнімінің 2%-і а. ш-нан, 57%-і өнеркәсіптен, 40%-і қызмет көрсету салаларынан жиналады. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, Т.б.

№4 сабақ
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ.
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Иран Ислам Республикасыныңмемлекттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Иран Ислам Республикасы
ИРАН (1935 жылға дейін П е р ¬с и я) - Азияның оңт.- бат. бөлігіндегі мемлекет. Солтүстігінде Армения, Азербайжан және Түрікменстанмен, солт.- батысында Түркия, батысында Ирaкпен, шығы¬сында Ауғанстан және Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде - Каспий те¬ңізі, оңтүстігінде - Парсы және Оман шығанақтары.
Жер аумағы - 1,6 млн. км2.
Хал¬ық 68 млн. (2005ж).
Астанасы- Теге¬ран қ-сы.
Әкімш. жағынан остандарға (провинцияға) және бас губернаторлықтарға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. ИРАН - конс¬титуциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1905-11 ж. Иран революциясы кезінде қабылданған. Мемл. басшысы - шаh. Ол парламент қа¬былдаған заңдарды бекітеді, премьер¬ министрді тағайындайды, үкімет құ¬рамын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы¬ - екі палаталы парламент. Төменгі па¬латаның (меджлис) депутаттарын (268 адам) халық 4 жылға сайлайды. Жоғарғы палатада (сенат) 60 сенатор бар. Оның 30-ын шah тағайындайды. Қалғандарын халық сайлайды.Сенаторлардың өкілдік мерзімі 4 жыл. 20 жасқа толғандарға сайлау провасы беріледі (әйелдер 1963 жылдан бастап - сайлауға қатынасатын болды). Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Сот жүйесіне:
Жоғарғы кассациялық сот, апелляция¬лық, губ. және бітім соттары кіреді. Коммерсиялық, әкімшілік, әскери три¬бунал т. б. арнаулы соттар да бар.
Табиғаты. Жерінің көбі тау; ол Ар¬мян таулы қыратының оңт.-шығ. жа¬ғы мен Иран таулы қыратының бат. бөлігінде орналасқан. И-ның шет жақ¬тарын Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен- Хорасан таулары), Оңт. Иран (3агрос, Мекран таулары) және Шығ. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат жо-талары) таулары, орталық бөлігін Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-¬Лут шөлдері алып жатыр. Солт/батысында Оңт. Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солт/шығысында Горган жазығы, оңт. шетінде-Гермезир шөлді жазығы. Геол. құрылымы жағынан алғанда, И-ның жері альпілік геосин-клиналь аймағы құрамына кіреді. Ежелгі метаморфтық жыныстар тө¬менгі қабаттағы байкал фундаментін құрайды, ал оның үстіңгі жағын шө¬гінді палеозой-триас, теңіздік мезо¬зой-кайнозой жыныстары жапқан. Пайдалы қазындылары - мұнай (та¬биғи қоры 7,5 млрд. т), газ (6 три¬ллион мЗ) , тас көмір (1 млрд. т), темір рудасы (560 млн. т), хромит (60 млн. т) т. б.
Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы сол¬түстігінде салқын, оңтүстігінде жы¬лы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Қаңтардың орташа темп-расы 2,00 С-тан (Тегеранда) 19,40 С-қа (Оман шыға¬нағы жағалауында) дейін, шілдеде 29,4-32,50 С. Жауын-шашынның жыл¬дық мөлшері 500 мм, Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысын¬да 50-60 мм. И. территориясында жер беті суы аз, ірі өзендері - Карун, Сефидруд, Гильменд. қиыр солт. бө¬лігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Карун өзенінде кеме жүзеді. Таулы аудандарында көптеген көлдер бар; олардың ішіндегі ірілері - Резайе, Дерьячейе-Немеи, Хамун. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты ке¬леді; ойыстары мен өзен аңғарлары сортаң топырақты. Тау беткейлері (әсіресе Эльбурс, 3агрос таулары) орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары - шөлейт, шөл. И. жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құс¬тың 400-ге жуық және бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Солтүстігіндегі таулы бөлігінде қоңыр аю, жабайы шошқа, бұғы, елік т. б. кездеседі. Шектес теңіздер балыққа бай. И. территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді, олар - Солт. Иран, Оңт.-бат. Иран таулары, Шығ. Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңт. Иран таулары, Оңт. Иранның теңіз жағала-уындағы ойпаттары, Солт. Иранның ойпатты жазықтары.
Халқы. И-да 30-дан астам халық тұ¬рады. Халқының 75%-і иран тілі то-бына жатады, олар парсылар -51%, азербайжандар – 24% гилактар мен мазендарандар – 8% , курдтар – 7%, арабтар – 3% лурлар – 2%, балохтар – 2%, түрікмендер – 2% Ресми тілі - парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шииттік бағыты – 95%, сунниттер – 4%, қалғандары – зорастрий, иудей, христиандар.
Ірі қалалары - Те¬геран , Исфаhан, Мешхед, Тебриз, Шираз, Абадан.

№ 5 сабақ
ИРАК
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Ирак Республикасының мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Ирак Республикасы
ИРАК, Ирак Республикасы (Әл-Жумхурия әл-Иракия) - Бат. Азиядағы мемлекет. Солтүстігінде Түркиямен, батысында Сирия және Иорданиямен, шығысында Иранмен, оңтүстігінде Сауд Арабиясымен т. б. елдермен шектеседі. Оңт.-шығысында Парсы шығанағы.
Жері - 434,9 мың км2.
Халқы - 28,1 млн. адам (2005-ж).
Астанасы¬ - Бағдад қ-сы.
Мемлекеттік тілі – араб, курд тілдері.
Әкімш. жағынан 16 мұ¬хафазға (губернияға) бөлінеді. Құра¬мына Ирак пен Сауд Арабиясы арасындағы бейтарап аймақтың 1/2 бөлігі кіреді.
Мемлекеттік құрылысы. Ирак – парламенттік рес¬публика. Уақытша конституциясы 1970 ж. 16 шілдеде күшіне енді. Онда ирак халқы негізгі екі ұлттан-араб¬тар мен курдтардан құралатыны, сон¬дай-ақ курдтарға ирактың мызғымас бірлігі шеңберінде барлық право то¬лық берілетіні жарияланған. Мемл. үкіметтің ең Жоғарғы органы – Революциялық Басқару Кеңесі (РБС). Ол армияны, ішкі қауіпсіздік күштерін ба¬қылайды, соғыс жариялауға және бі¬тім жасауға праволы, министрлерді тағайындайды, заң шығарады т. с. с. РБС мүшелері (12 адам) Баас пар¬тиясы басшылығына да мүше болып есептеледі. Мемл. басшысы-президент, оны РБС сайлайды. Президент кең праволы өкілдіктермен пайдаланады. Үкіметі (атқарушы және әкімш. орга-ны) - Мин. Кеңесі Сот жүйесі кәдім¬гі, діни және арнаулы соттардан (әс¬кери трибуналдар ) құралады. Мухафаздарды губернаторлар басқарады. Көппартиялы жүйе жұмыс істейді. Ирак БҰҰ-ы, ОПЕК, Араб елдері лигасы сияқты көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.
Табиғаты. Жерінің көбін Жоғ. жә¬не Төм. Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт.-шығ. жағын Армян және Иран таулы қы¬раттары, оңтүстігін, Оңт.-батысын Арабия-Сирия таулы үстіртінің шеті алып жатыр. Ең биік жері - Боздaг тауы (3612 м). Пайдалы қазындыла¬ры: мұнай және газ, фосфорит (Рутба), күкірт (Месопотамия).
Kли¬маты - жерортатеңіздік (солт. бөлi¬гінде) және тропиктік (оңтүстігі). Қаңтардың орташа темп-расы - 7¬-110 С, шілдеде 340 С; тамыз айында ау¬аның темп-расы 500 С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөл¬шері 1000 мм-ден (оңт.-шығысында) 500 мм-ге (тауда) дейін. Басты өзен¬дері - Тигр және Евфрат (екеуі қocы¬лып Шатт-әл-Араб өзенін құрайды) шағын өзендері - Дилла, Әл-Узап Үлкен Заб және Кіші Заб (Тигрдің са¬лалары). Төм. Месопотамияда көлдер көп, олардың ірілері: Әл-Хаммар, Әл--Хаббания, Әл-Мильх. Жерінің көбі шөгінді және шалғын топырақты, ба¬тыс жағы сары топырақты. Территория¬сының негізгі бөлігі дала, оңт.-батыс ¬шөл және шөлейт; тау беткейлері мен өзен аңғарлары бұталы, сирек орман¬ды келеді. Шатт-әл-Араб, Дияла өзен¬дерінің төменгі жағында пальма өceді. Жазық жерлерінде газель, жабайы есек, тарғыл қорқау қасқыр, қабылан т.б. аңдар, өзендерде көкқұтан, қоқи¬қаз, бірқазан т. б. құстар кездеседі.
Халқы. Ирактың негізгі тұрғындары Ирактық арабтар - 76% мен курдтер - 19% түрікмендер - 2% Арабтар елдің оңтүстік және орт. аудандарында, курдтер – солт/шығысында тұрады. Көшпелі ¬арабтар мен курдтер руға, тайпаға ¬бөлінеді. Арабтардың ірі тайпалары анайза, дафир, шаммар. Басқа ұлт¬тардан парсылар, түрік¬тер, армяндар, еврейлер т. б. тұрады.
Ресми діні: ислам - 96¬% (халқының 65%-ы мұсылман-сунниттер, 30%-ы шииттер), христиандар - 4%-ға жуық, йезид, мандейлер, йудеилер - 1%.
Экономикасы. Ирак – аграрлы-индустриялы мемлекет. Экономиканың негізін мұнай өнімдері (Дүние жүзінде 2-орын) құрайды. Мұнай өндіру, газ, күкірт, фосфат, мрамор өндіру жақсы дамыған. Елде мұнай өңдейтін, цемент, текстиль, тері-аяқ киім, азық-түлік (қант, темекі) кәсіпорындары жұмыс істейді. Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындар басым. Ауыл шаруашылығында көкөніс, бау-бақша өсіру мен экстенсивті мал шаруашылығы және балық аулау салалары дамыған. Иракта туризмді дамытуға мүмкіндік мол, алайда елдегі саяси тұрақсыздық бұған жол бермеуде. Экспорты: мұнай, тері және жүн өнімдері т.б.
Импорты: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар.
Негізгі сауда серіктестері: Иордания, Италия, Германия.

№6 сабақ.
ЛИВАН
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Ливанның табиғат жағдайлары, халқы, экономикасы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі , діни ахуалдары жайлы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Ливан
Астанасы: Бейрут
Халқы - 3 600 000 адам
Жер аумағы - 10,4 мың км2.
Ресми тілі: араб
Ақша бірлігі: ливан фунты (=100 пиастра)
Мемлекеттік құрылымы: республика
Импорт негізі: машина және құрал-жабдық, тамақ, химикаттар, ағаш өнімдері, тоқыма өнімдері, металл.
Экспорт негізі: жеміс-жидек, шыт мата, фармацевтикалық пре¬параттар, темекі, жиhаз, целлюлоза-қағаз өнімдері, электронды құрал, зергерлік бұйымдар.
Ливан - Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы Сирия және Израильмен шектесіп жатқан шағын мемлекет. Халқының негізгі бөлігі әр түрлі дінге жататын арабтар. 1975 жылғы мұсылмандар мен хрис¬тиандар арасындағы қақтығыс нәтижесінде азаматтық соғыс болып, гүлденген ел толық құру шегіне жетті. Тек 1989 жылы ғана достастық орнап, елдегі жағдайдың реттелу үміті пайда болды.
Діни топтар. Ливан халқы өте күрделі діни құрылымымен ерекшеленді: мұнда 15-тен көп діни қауымдар бар. Христиандар ішінде ¬маронитгер (католицизмнің басқа бір бағытын ұстанушылар), пра¬вославия және грек католиктері кең тараған. Мұсылмандар - суннит, шиит және друз деп бөлінеді.
Друздар - жеке дін болып бөлінген ислам сектасының бірі. Ли¬ванда 200 мыңға жуық друздар, елдің оңтүстігіндегі тауларда мекен етеді.
Өз еріктерімен дінді ауыстыра, қабылдай алмайды, друз болып туу ғана керек. Неке тек қауым ішінде ғана қиылады. Дәстүрлерді сақтау друздар үшін дін тазалығын, өз мәдениеттері мен тұрмыс ерекшеліктерін сақтауға көмектеседі.
Самырсын (кедр) - ұлттық байрақты безендіріп тұрған мемлекет символы. Інжіл кезеңінде Ливан таулары беткейлерін самырсын ормандары басып жатқан. Қазір самырсын тек бірнеше қорғалатын тоғайларда өседі. Олардың кейбірі 1500 жыл жасаған.
Тау-кен және энергетика саласы. Ливанда аздаған темір кені, тұз, мыс, фосфорит және әктас қоры бар. Импортталатын мұнай өнімдері көбінесе, электр қуатын өндіруге жұмсалады. Соның 63% ЖЭС, 37% ГЭС-да өндіріледі.
Ауыл шаруашылығы. Ливан территориясының 29% егіншілікке, 1 % жайылым ретінде қолданылады. Ауыл шаруашылық негізі - цитрус¬тар, алма және зәйтүн; темекі мен көкөністің де тауарлық маңызы зор. Бидай, арпа және картоп өсіріледі.
Ливан асханасы. Ливан ұлттық тағамы болып киббе саналады. Қой еті, бидай және пияздан домалақ немесе шелпек жасап, майға қуыра¬ды. Тағы бір танымал тағам - бетіне бал құйылған, ішінде жаңғақ пен құрма бар тәтгі бәліштер.
Бейруттың қайта өрлеуі. Азаматгық соғысқа дейін Бейрут аймақ¬тағы маңызды порт және іскерлік орталығы болды. Сонымен қатар, мәдени орталық болды. Бір кездері оны "Таяу Шығыстық Париж" деп те атады. Өкімет қаланы қайта тұрғызу үшін көп қаражат бөліп, бағдарлама дайындады. Бірақ қала қазір де қираған қалпында тұр.
Тир және Сидон. Ливанда азаматтық соғысқа дейін жақсы дамыған туристік бизнесті қайта дамытуға жағдайлар жасалуда. Туристерге керемет жағдай¬лар мен ежелгі Финикия қалалары Тир мен Сидонның қазбалары ұсынылады. Бұл қалалар осыдан 3 мың жыл бұрын салынып, Рим кезеңінен әйнектен жасалған бұйымдарымен әйгілі.

№7 сабақ
СИРИЯ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Сирияның географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығы, өнеркәсіп салалары, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Сирия
Астанасы: Дамаск
Ауданы: 185 180 шқ2
Халқы: 18,6 млн адам (2004 ж)
Халқының тығыздығы: 100,4 адам/ км2
Ресми тілі: араб
Импорт негізі: машина және құрал-жабдық, темір және болат, тамақ, химикаттар, ағаш, ауыл шаруашылық өнімдері, фосфат, то¬қыма өнімдері
Ақша бірлігі: сирия фунты (=100 пиастра)
Мемлекеттік құрылымы: республика
Сирия Таяу Шығыста орналасқан Араб мемлекеті. Оңтүстік-батысында Ливанмен, Израилмен, оңтүстігінде Иорданиямен, шығысында Иракпен, солтүстігінде Түркиямен шектеседі. Батыс жағалауын Жерорта теңізі сулары шайып жатыр.Жер бедері негізінен аздаған тау массивтерімен алмасып отыратын шөлейтті үстірттер. Батысы мен оңтүстігінде Антиливан және биіктігі 2814 м болатын Эш-шейх массиві орналасқан. Ірі өзені – Евфрат. Шөл мен шөлейтті жерлер басым, тек жағалық бөліктер мен тау етектерінде қайың, қарағай, кипарис, лавр ағаштары өсетін ормандар таралған. Климаты - жағалық бөліктерінде субтропиктік жерортатеңіздік, ал орталық ішкі аудандарда құрғақ континенттік климат.Қаңтардың орташа температурасы +40 С-тан +120 С-қа дейін (шығысында), жағалық бөліктерінде жазда +26+330 С-қа дейін. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 100-300 мм, таулы аудандар мен Жерорта теңізі жағалауында 1000 мм-ге дейін жетеді.
Әкімшілік жағынан 13 мухафазға (губернаторлық) және солармен тең дәрежедегі Дамаск муниципалитетіне бөлінген.
Ұлттық және діни құрамы: Сириялық Арабтар – 86%, курдтер - 6%, палестиналықтар - 3%, армяндар - 2%.
Ресми тілі – араб тілі.
Діни құрамы: ислам - 90%, христиандық - 10%
Ислам ағымдары. Сириялықтардың көбі, ислам ішіндегі - сун¬ниттерге жатады. Бірақ басқа ағымдарды да ұстанушылар бар: шииттер, исмаилиттер және алавиттер. Мұсылман-алавиттер дінінде христиан¬дық элементтер бар: мысалы, олар Рождество мен Пасханы тойлайды. Бұрындары алавиттерді қуғындайтын, бірақ қазір олардың арасында бай әрі атақты адамдар да көп. Сирия Президенті Хафез Асад ¬мұсылман-алавит.
Сирия - антика кезінде бой көтерген ел, ал астанасы Дамаск ¬оазис-қала, Барад өзені аңғарында орналасқан әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі. Ол басты сауда жолдарының қиылысқан жерінде орналасқан. Сирия римдіктер, гректер, арабтар және түріктердің билігінде болды. І дүниежүзілік соғыстан кейін ел Франция бақы¬лауында болды. 1946 жылы Сирия тәуелсіздік алды, бірақ Израйльмен конфликтіге келді. Негізгі халқы - исламды ұстанған арабтар. Территорияның жартысынан көп жері шөл, бірақ өзен аңғарларындағы жерлер өңдеуге жарамды.
Ауыл шаруашылығы. Сирияның аграрлық секторында еңбекке жа¬рамды халықтың 50% шоғырланған. Территорияның 30% жыртылған жерлер, 45% жайылым алып жатыр. Құнарлы жағалық топыраққа күріш, жеміс-жидек, қант қызылшасы, зәйтүн және темекі өсіреді. Бидай мен арпаны таулы қыраттың жартылай шөл аймағын өңдеп отырғызады. Егінді жердің біршама бөлігіне мақта өсіріледі. Мал басы¬12 млн. қой, 1 млн. ешкі, 700 000 ірі қара.
Өнеркәсібі. Сирия өнеркәсібіне - тау-кен, тоқыма, тамақ, темекі және цемент салалары жатады. Жүн, синтетикалық және жібек мата тоқитын өндіріс орындары елдің ең үлкен қалаларының барлығында дерлік орналасқан. Дамаскіде цемент, әйнек, фармацевтік препарат¬тар, құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар бар. Хама - метал¬лургия орталығы.
Пайдалы қазбалары. Сирия - ірі фосфорит өндіруші әрі экспорт¬таушы ел. Темір, хром, марганец кені барланған, ас тұзы өндірілуде. Көбінесе, мұнай-газ өндіру саласы дамыған. Мұнай мен газдың ірі кен орындары елдің солтүстік шығысында орналасқан.
Ірі қалалары. Дамаск (l 500 000), екінші ірі қала - Алеппо (l 500000), үшінші ірі қала - Хомс (580 000).
Евфрат су бөгені. Ев¬фрат өзені Түркиядан Иракқа ағатын жолында Сирияның солтүстік-шы¬ғыс бөлігін басып өтеді. Бұл жерде Евфрат ГЭС салынған, ол елдің барлық электр қуатының 3/4 бөлігін өндіреді. Мұнда Президент Асадтың есіміне қойылған Эль-Асад су қоймасы бар. Оның суы ирригация үшін қолданылады.

№8 сабақ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Сауд Арабиясы Корольдігінің географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, саяси жағдайы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Сауд Арабиясы Корольдігі
Ресми атауы - Сауд Арабиясы Корольдігі.
Тәуелсіздік күні – 23 қыркүйек 1932 ж.
Жер аумағы – 2,15 млн. км2 (дүние жүзінде 14 орын).
Халқы – 24 млн адам.
Астанасы – Эр-Рияд.
Мемлекеттік тілі – араб тілі.
Ұлттық валютасы – сауд риалы.
Басқару формасы – абсолюттік монархия.
Географиялық орны. Сауд Арабиясы Корольдігі Арабия түбегінде орналасқан. Шектесетін мемлекеттер – Ирак, Иордания, Оман, БАӘ, Йемен. Солтүстік-шығысын Парсы шығанағы, батысы мен оңтүстік-батысын Қызыл теңіз сулары шайып жатыр.
Сауд Арабиясының 50%-ға жуығын шөлдер алып жатыр. Қалғандары шөлейттер, шұраттар (оазис) және Қызыл теңіз жағалауында аздаған ауыл шаруашылығына жарамды жерлер таралған.
Климаты- ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы +150С, шілдеде +300С-тан жоғары.Жылдық жауын-шашын мөлшері – 100 мм төмен, кейбір таулы аудандарда 400 мм-ге дейін. Ұлттық паркі – Асир.
Әкімшілік жағынан 13 минтакатқа (провинция) бөлінген.
Ұлттық және діни құрамы: жергілікті арабтар (Сауд арабиялық) – 87,5%, басқа ел арабтары - 9 %. Мемлекеттік тілі – араб. Мемлекеттік діні – ислам.
Саяси жағдайы. Сауд Арабиясы абсолюттік теократиялық монархия. Оны корольдіктің негізін қалаған Абдель Азиз ибн Абдель Рахман аль-Фейсал Аль Сауд корольдің балалары мен немерелері ұрпақтан-ұрпаққа мұрагер ретінде басқарады. Қасиетті құран мемлекеттің конституциясы болып есептеледі және ислам шариғаттары елдің заңы ретінде қабылданған. Мемлекет басшысы да, діни басшы да король болып табылады, сонымен қатар король премьер министр, қарулы күштер қолбасшысы мен жоғарғы сот қызметтерін де атқарады. Оның құзыреті тек шариғат нормалары мен Сауд салт-дәстүрлерімен ғана шектеледі.Саяси партиялар мен ұйымдарға тыйым салынған. Сауд Арабиясы БҰҰ-ның, Араб мемлекеттер лигасының, ОПЕК т.б халықаралық ұйымдардың мүшесі.
Экономика. Экономикасының негізі – мұнай мен газ өнеркәсібі. Арабия дүние жүзіндегі мұнайға ең бай мемлекет. Елде ірі мұнай өңдейтін, мұнай-химия кәсіпорындары, сонымен қатар химикаттар, пластмассалар, газ өнеркәсіптері, болат және басқа да металдар өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіп салалары да жақсы дамыған.Алтын, күміс және мыс өндіреді.Ауыл шаруашылығы және балық аулау, сонымен қатар туризм саласы да дамыған.
Экспорты: мұнай және мұнай өнімдері, бидай, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, құс, көкөністер мен гүлдер т.б
Импорты: өндірістік құрал-жабдықтар, машиналар, қару-жарақтар, ЭЕМ, құрылыс материалдары, маталар мен киімдер т.б

№ 9 сабақ.
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС №1
(Оңтүстік-Батыс Азия елдері бойынша)
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына баға бере білуге, картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу және оларды жинақтай, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастыру
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: практикалық
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Сарамандық жұмыс барысы:
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің ЭГЖ-на баға беру.
2. Кескін картаға Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің шекараларын белгілеп, астаналарын, ірі қалаларын, өзендері мен көлдерін түсіру.
3. Астаналарының географиялық координаталарын анықтау.
4. «Оңтүстік-Батыс Азия аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі» атты жиынтық кесте құрастыру: кестенің
1-бөлігінде елдің аты, 2-бөлігінде ресурс түрлері.
5. Анықтамалық деректер негізінде Оңтүстік-Батыс Азия елдері арасынан:
А) Аумағы үлкен 3 елді;
Ә) Халқының саны жөнінен ірі 3 елді;
Б) Халық тығыздығы жоғары 3 елді;
В) ЖІӨ-нің көлемі жоғары 3 елді анықтау.
6. «Оңтүстік-Батыс Азия елдерінде туризмді дамыту»,
«Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экологиялық
проблемалары» деген тақырыптарда қысқаша
хабарламалар әзірлеу.

№ 10 сабақ
МОНҒОЛИЯ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Моңғолияның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Моңғолия
Моңғолия - Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет.
Жер аумағы 1565 мың шқ2.
Халқы 2,6 млн. (1998 ).
Астанасы - Улан-Батор қаласы.
Мемлекет басшысы – президент.
Жоғары заң шығарушы орга¬ны - бір палаталы парламент - Ұлы Мемлекеттік Хурал.
Жоғары атқарушы билікті пре¬мьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді
Ресми тілі - ¬моңғол тілі.
Ақша бірлігі - төгрик.
Этникалық құрамына халха¬ моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), тыва¬лықгар кіреді. Халқының негізгі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады.
Әкімшілік жағынан 21 аймаққа бөлінеді. Елдің батысында халқы негізінен қазақrардан тұратын Баян Өлгий аймағы орна¬ласқан.
Моңғолия 1961 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.
Табиғаты. Моңғолияның батысы мен оңтүстік-батысында Моңғол Aлтайы (ең биік нүктесі – 4374м) Гоби Алтайы мен Хангай таулары, eлдiң Орталық бөлігiндe Хэнтэй таулы қыраты оpналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзендері ¬Cелeнгa. Керулен, Қобда. Ең үлкен көлдері - Убсу-нур, Хубсyгyл.
Моңғолияның климаты - шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі суық,
ауасы құрғақ, қары аз немесе қарсыз болады. Қаңтардағы орташа температура
- 150С-¬тан -300С-қа (тау қа¬заншұңқырларында -¬500С) дейін жетеді. Шіл-дeдeгi орташа темпера¬тура Хангайда 150С, Гоби шөлінде 250С. Көктемдегі ауа райы тұрақсыз болып, темпе¬ратура ондаған градусқа төмендеп, құрғайды, күшті құмды дауылдар тұрады. Жылдық жау¬ын-шашын мөлшері таулы жерлерде 350-400 мм, жазықтарда 100 мм шамасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғи белдеулер мен аймақ¬тардың алмасуымен өсімдіктер дүниесі өзгеріп отырады. Таулы-тайга¬лық белдеуде қылқан жапырақты қалың ормандар өседі. Таулы жазықтaр мен ормандарда көптеген дәнді өсімдіктер, жусан, қияқ, т.б. өседі. Шөлейт далалық белдеуде құрғақшылыққа төзімді шөптер, жабайы жуа мен тікенді қарағандар басым. Таулардағы жануарлар дүниесін тауешкі, арқар, барыс, т.б. құраса, ормандарды терісі бағалы аңдар (тиін, сілеусін, манул мысығы, т.б.), қоңыр аю мен құстардың сан алуан түрлері мекендейді. Таулы-далалық аудандарда киік, құлан, қасқыр, түлкі, қояндар мен кеміргіштер кездеседі. Шөлдерде дүние жүзінің басқа бөліктерінде кездеспейтін жабайы түйе, Пржевальский жылқысы, Гоби аюы тіршілік етеді. Ел аумағында мұнай, көмір, темір кентасы, вольфрам, молибден, қалайы, никель, фосфорит, алтын кендері бар. Жерінің 79%-ын шалғындар мен жайылымдар алып жа¬тыр.
Тарихы. Моңғолия жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады.
Б.з. 6-12 ғасырларында қазіргі Моңғолия аумағы Түрік, ұйғыр, қырғыз қағандықтары мен Ляо қидан мемлекеттерінін құрамында болды. 13 ғасырда Шыңғыс хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империя¬сын құрды. 13 ғасырдың
2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтай тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі Моңғолия Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 ж. Юань империясы жойы¬лып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды. 14-15 ғасырларда моңғолдар қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиян-кескі соғыстар жүргізді. 16-ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңтүстік Моңғолия (Ча¬хар хандығы), Солтүстік Моңғолия (Халха) мен Батыс Моңғолияға (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті. 1634 ж. Моңғолия тайпалары Маньч¬жур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 ж. Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жыл¬ға дейін оңтүстік пен солтүстіктегі моңғол тайпаларының бәрі Маньч¬жур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды (қ. Цинь империясы). 1756-58 ж. Жоңғар хандығы жойылды. 1911 ж. қытайдағы революция нәтижесінде Сыртқы Моңғолия (Халха) Цинь империясы¬нан бөлініп шықты, ал Ішкі Моңғолия Қытайдың протекторатына айналды. 1917 ж. Ресейдегі төңкерістен кейін Қытай Моңғолия аума¬ғын түгелдей басып алуға әрекеттенді. Бірақ 1921 ж. елге кеңес әскерлері енгізіліп, 1924 ж. Моңғол Xaлықтық Республикасы жарияланды. 1939 ж. Халхин-Гол өзені ауданына қызыл армия жапон әскерлерінің Моң¬ғолияға жасаған шабуылына тойтарыс берді. 1946 ж. Қытай Моңғолия¬ның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1991 ж. Моңғолия Коммунистік партиясы маркстік-ленидік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экономикалық реформaлар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республи¬касын (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабыл¬данды. 1992 ж. қаңтардың 21-нен бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1992 жылдан Моңғолия қазақтары Қазақстанға көшіп келе бастады. Моңғолия мен Қазақстан арасындағы жол байланысы Ресей аумағы арқылы өтеді.
Экономикасы. Моңғолия экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылық. Моңғолия дүние жүзінде мал санын жан басына шақ¬қандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Өнеркәсіпте кен өндірісі жетекші сала болып есептеледі, орман ша¬руашылығы мен балық аулау кәсіпшілігі экономикада маңызды рөл атқарады. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарады. Импортының негізін өнеркәсіптік құрал¬-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Жалпы Ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 4070 АҚШ долла¬рына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері - Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.

№11 сабақ
БРУНЕЙ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Брунейдің табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: БРУНЕЙ
БРУНЕЙ (Вгиnеі), Бру¬ней Даруссалам ¬Оңт.-Шығыс Азиядағы Ка¬лимантан аралының солт.¬батыс бөлігіндегі мемлекет.
Жері - 5,8 мың км2.
Халқы - 314 мың (1997).
Астанасы - ¬Бандар-Сери-Бегаван қ.
Мемл. тілдері - малай және ағылшын тілдері.
Халқының көпшілігі - мұсылмандар.
Бру¬ней - конституциялық монар¬хия (сұлтандық), Британ Дос¬тастығына мүше.
Бру¬ней жерінің басым бөлігі жа¬зық. Климаты экваторлық. Жылдық орташа темп-расы 260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 2000 - 4000 мм. Жерінің 75%-ін тропик¬тік ормандар алып жатыр. Кү¬ріш, кокос, банан өсіруге қо¬лайлы. Басты өзені - Белайт. Бру¬нейдің ежелгі тарихы аз зерт-телген. 15 ғ-да жергілікті тай¬па көсемі Алак-бер- Тата өзі¬не Мұхаммед есімін алып Бру¬ней¬дің алғашқы сұлтаны болды. 1580 ж. елге испан отаршыл¬дары басып кірді. Оларға қар¬сы соғыста Бру¬ней әлсіреп, тек Калимантан аралының солт. бөлігіне ғана ие болып қала¬ды. 1847 ж. Ұлыбритания Бру-ней¬ді отарлауға кірісіп, 1888 ж. өз протекторатына айнал¬дырды. 1906 ж. мұнай қоры ашылған соң, елді басқаруға ағылшын резиденті тағайын¬далды. Бру¬ней 1941 - 45 ж. Жа¬пония қол астына қарады. Соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалыстың нә¬тижесінде 1959 ж. Бру¬ней ішкі билікті өзі жүргізуге мүмкін¬дік алды. Бірақ 1962 ж. бол¬ған қарулы көтерілісті ағыл¬шын әскерлері жаныштаған соң, елде төтенше жағдай енгізіліп, заң шығару кеңесі та¬ратылды. 1979 ж. қаңтарда Ұлыбритания мен Брунейдің тә¬уелсіздік жөніндегі жасаған шарты 1984 ж. 1 қаңтарда күшіне енді. 1992 ж. "Малай ислам сұлтандығы" тұжы¬рымдамасы мемлекеттің даму негізін анықтады. Елде ша¬риғат заңдары, сұлтандық басқару жүйесі толық орна¬ды. Бруней БҰҰ-на, Оңт.-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциа¬циясына (АСЕАН), т.б. ұйымдарға мүше.
Бру¬ней бұрынғы ағылшын отары болғанымен, экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Бру¬ней сұлтаны дүниедегі ең бай адам саналады. Елдің басты байлығы - мұнай (жылына 10 млн. т өндіріледі) және табиғи газ (12 млрд. мЗ). Олар ел экспортының 99%-¬н құрайды. Жалпы ішкі өнім 4556 млн. доллар. Жан басына шаққанда табыс ¬14240 АҚШ доллары. Бұл дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ағаш өндіру мен өңдеу кәсіпорын¬дары бар. А.ш. өнімдерін өсіруге мемлекет жерінің 5,5%-i ғана қолайлы. Күріш өсіріледі. Тамақ өнімдерінің 80%-і шет елден тасылады. Алтын-валюта қоры 35 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Сыртқы сауда серіктестері: Жапония, Сингапур, АҚШ, Тайланд, Малайзия.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.