Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Функция. Функция түрлері, қасиеттері, графигі -

Функция. Функция түрлері, қасиеттері, графигі

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 662 | Просмотров: 10396 | Размер: 9.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Курс тақырыбы:



Бағдарлама авторы: Жалмендин Бекболат


Түсінік хат

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы қоршаған әлемнің заңдылықтарын оқып-үйренуде математика негізгі аппарат және өзіндік құрал ретінде рөл атқаратын іс-әрекет салаларын таңдаған оқушыларға арналған. Математиканы оқытуда қарастырылатын қандайда бір нақты жағдаяттың математикалық моделін құру және тұжырымдау нақты процестер мен құбылыстарды зерделеуде пайдаланылады.
11 сыныпқа арналған математика курсы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге мүмкіндік береді.Дифференциалдық есептеулер оқушының математикаға деген ықыласын оятуға, қызықты есептерді шешу арқылы жаңа әдіс-тәсілдермен, идеялармен таныстыру арқылы математика жөніндегі түсінігін, математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.


Мақсаты:

Функцияның туындысы, аргумент, функция, функцияның анықталу облысы, нүктедегі шегі мен үзіліссіздігі ұғымдарын және функция мен аргумент өсімшесі, туындының анықтамасын, туындыны табу ережелерін тереңдете беру. Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсіндіру. Туындының қолданылуына дифференциалдық есептеу формулаларын практикада пайдалана білу. Есеп шығаруда білім-білік дағдысын жетілдіру.

Міндеті:

1) Туынды ұғымын кеңейте отырып туындыларды табу ережелерін, туындыны табу формулаларын оқушы жадына қалдыру, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
2) Туындыны физикалық, геометриялық мағынасын ашу, жуықтап есептеу, жанаманың теңдеуі формуласын қорытып шығару, оларды есеп шығаруда қолдану.
3) Туындыны функцияны зерттеуге қолдануға үйрету. Дифференциалдық теңдеулер теориясына сүйене отырып есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
4) Оқушының шығармашылық ойлауы ақпаратқа сыни көзқарасы, ізденушілік қабілетін қалыптастыру.


№ Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі Сабақ түрі Әдебиеттер Енгізулер
1 Функция. Функция түрлері, қасиеттері, графигі
Туынды туралы ұғым 1 Жаңа білімді меңгерту сабағы
2 Туынды туралы ұғым. Туындының анықтамасы, функцияның туындысы 2 Лекция сабақ Дидактикалық материалдар, 10 сынып, Алгебра және анализ бастамалары.
3 Есеп шығару 1 Қосымша материалдармен жұмыс
4 Функция графигіне жүргізілген жанама 1
5 Есеп шығару 1 «Жұлдызды сағат» сабағы
6 Функцияның үздіксіздігі және шекке көшу туралы ұғым 1
7 Туындыны табу ережелері. Дифференциялдаудың негізгі формулалары 1 Қайталау сабағы Реферат жаздыру
8 Есеп шығару
1 Реферат талдау сабағы
9 Математикалық индукция әдісін қолданып туындыны есептеу. 1 Семинар сабақ
10 Есеп шығару 1 Есеп шығару жаттығу сабағы Тест жинағы 2010 жыл
11 Туындының физикалық және геометриялық мағынасы 2 Интеграциялық сабақ Оқушыларға тапсырма беру
12 Есеп шығару 2 Электронды оқулықпен жұмыс №1,№2
13 Лагранж формуласы, формуланы есеп шығаруда қолдану 1 Конференция сабақ



14 Есеп шығару 1
15 Күрделі функцияның туындысы 1
Эвристикалық тапсырмалар (зерттеу)
16 Есеп шығару 2 Жарыс сабақ «Брэйн ринг»
17 Тригонометриялық функциялардың туындысы 1
18 Есеп шығару 1 Леция сабақ Консультация сабақ (Көмек сабағы) Задачи по алгебре и началам анализа для 10-11кл.
Реферат жазу
19 Тригонометриялық функциялардың мәнін жуықтап есептеу 1
20 Есеп шығару 1 Реферат жазу
21 Туынды функцияны зерттеуге қолдану. Функцияның өсу және кему белгілері 1 Лекция сабақ
22 Сындық нүктелер. Функцияның экстремумдері 1 Электронды оқулықпен жұмыс Сызба схемалар
23 Есеп шығару 2 Тест жұмысын алу
24 Функцияны зерттеуге туындыны қолдану, графигін салу. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері 2 Практикалық жұмыс
25 Есеп шығару 3 Сынақ сабағы
26 Қорытындылау 1 Тексеру және бағалау сабағы


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Алгебра және анализ бастамалары. Авторлары: Әбілқасымова А.Е, Шойынбеков К.Д, Есенова М.И, Жұмағұлова З.А
2. Алгебра және анализ бастамалары Авторлары:. Колмогоров А.Н, Абрамов А.М, Дудницын Ю.П, Ивлев Б.М
3. Алгебра және анализ бастамалары. «Есептер жинағы» Авторлары: Әбілқасымова А.Е, Жұмағұлова З.А
4. Алгебра және анализ бастамалары «Дидактикалық материалдар» Авторлары: Әбілқасымова А.Е, Жұмағұлова З.А
5. Задачи по алгебре и анализа для 10-11 классов Авторы: Саакян С.М, Гольдман А.М, Денисов Д.В
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.