Меню
Назад » » »
HTML тілінде веб-беттер құру
загрузка...

загрузка...
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
информатика пәні мұғалімі
Жубанов Сагатбек Орынгалиевич
Сабақтың тақырыбы: HTML тілінде веб-беттер құру
Сабақтың мақсаты: HTML тілінің көмегімен қарапайым веб-парақтар жасап үйрену.
Веб-парақта дәстүрімізді дәріптеуге шақыратын құжаттар дайындауға тәрбиелеу.
Өз бетімен жұмыс істеуін, зейіндік қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу, тарих, дүниетану, құқық т.с.с
Сабақтың құрал-жабдықтары: ДК, интерактивті тақта, бейне роликтер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Топқа бөлу (сурет арқылы): 1-топ - Әлеуметтік желілер, 2-топ - Браузерлер
2. Үй тапсырмасын тексеру
Семантикалық карта (интернеттен уикипедиясын қарауға болады )
1-топ
Желі түрлері
Ерекшелігі
Қызметі
Пайдасы
Зияны
Whatsapp
Facebook
Instagram
Skype
2-топ
Желі түрлері
Ерекшелігі
Қызметі
Пайдасы
Зияны
Internet Explorer
Google
Mail.ru
Yandex
- Браузерлер дегеніміз не?
- Әлеуметтік желі не үшін керек?
- Желінің зиянды жағы бар ма?
- Желімен жұмыс жасағанда неден сақтану керек?
- Авторлық құқық дегенді қалай түсінісіңдер?
- Желілік этикет дегеніміз не?
- Желілік этикет ережелерін ата?
3. Жаңа тақырып
- Интернеттен не алуға болады? Браузерлерді пайдаланып не іздейміз? (құжат, мәтін, бейнежазба, сурет)
- Олардың барлығы қайда орналасқан? (интернет беттері)
- Ол интернет беттерін кімдер дайындайды? (Веб-шебер, веб-дизайнер)
- Веб-бет дайындайтын қандай бағдарламаларды білесіңдер? (Front page, HTML)
Сендерге алдымен HTML тілінде дайындалған құжатты көрсетейін. Index.htm құжаты
Бүгінгі сабағымызда HTML – гипермәтінді белгілеу тілімен таныс боламыз.
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-құжаттарының бір ортақ қасиеті-олардың басым көпшілігі HTML тілінде жазылған.HTML тілінде Web-құжаттарды жасау программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Webпарақтар HTML (HyperTextMarkupLanguage – гипермәтінді белгілеу тілі)тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTML серверлерінде орналастыру жолымен Webпарақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады.Webпарақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі *.htmнемесе *.html болып келеді.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor-зәкір) орналасқан мәтін.
Web-құжат дегеніміз тәгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады,оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі.
Web-құжаттың алғашқы нұсқасын Блокнот немесе WordPadредоктарларында дайындап алып,броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шығарып түрлендіру қажет.Web-құжаттарды жасап,оны көрнекті түрге келтіріп безендіретін мамандарды web-шебер немесеweb-дизайнерлер деп атайды.
HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг(tag) деп аталады.Тәг символдар тізбегінен тұрады.Кез-келген тәг «кіші» (<) символынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады.Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады.Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз тәг орналасады.
Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды,ал жабатын тәг сол әсерді аяқтайды.Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс
Броузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей,тек керекті мәтін немесе суреттер көрініп,тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
HTMLтәгтеріне мысалдар:
< HTML>
Жалпы тақырып < TITLE> Терезе тақырыбы
< /HEAD>

Ең ірі мәтін



Кішілеу мәтін

<Р>< H3> Бірінші абзац


< H3> Екінші абзац
<Р> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HRтәгі көлденең сызық сызады.



HTML тілінің көмегімен қарапайым Web-парақтар жасап үйрену үшін компьютердегі Блокнот (Notepad) және Internet Explorer программаларымен жұмыс істей білу жеткілікті.
HTMLқұжат-бұл аты аты түрінде берілген қарапайым мәтіндік құжат.Мынадай құжатты Блокнотта теріп шығыңыз:

Менің алғашқы парағым
1-мысал

< body>

Сәлем!


<Р> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады.
<Р>


HTMLқұжатының кез-келгені< HTML>тәгінен басталып,соған сәйкес түріндегі жабылу тәгімен аяқталады.Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
Құжаттың тақырыптық бөлігі және < /HEAD>тәгтерінің ортасында тұрады да жалпы құжат туралы мәлімет береді.Әдетте бұл бөлікте < TITLE>......тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады.
Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын .....тәгтерінің ортасына жазылады.
4. Компьютермен тәжірибелік жұмыс. Camtasia Studio бағдарламасында дайындалған бейне көрініспен әр оқушы өзі тыңдап, тапсырманы орындайды.
Веб-бетті құрғанда жай ғана құрмай біздің, қазақ халқын бүкіл дүние жүзіне мақтанышпен паш ететін веб-беттерді құрып үйренейік.
Бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық тағамдарын сипаттайтын мәтінді сауатты компьютерде теріп, веб-құжат дайындайық.
1 – тапсырма.
2 – тапсырма.
3 – тапсырма.
4 – тапсырма.
5 – тапсырма.
6 – тапсырма.
7 – тапсырма.
8 – тапсырма.
9 – тапсырма.
10 – тапсырма.
Веб-беттің мән-мағынасына тоқталып өту.
5. Постер қорғау
- Интернет, әлеуметтік желісінің пайдасы
- Интернет, әлеуметтік желісінің зияны
6. Бағалау
Кері байланыс. Рефлексия.
Оқушылар стикергесабаққа қатысты өз ойларын, пікірлерін жазып қалдырады.
7. Үйге тапсырма беру
Төрт түлік малдың сүттері туралы мәлімет жинап келу.
Интернет туралы қызықты мәліметтер. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему HTML тілінде веб-беттер құру можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 526 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar