Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құлагердің сипаты. 5 -сынып -

Құлагердің сипаты. 5 -сынып

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 5310 | Размер: | Автор: Публикатор
. Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы,
Әйке орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Сарсембаева Гульнур Назаровна
Тақырыбы: Құлагердің сипаты. 5 -сынып
(С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» 2-сағаты)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ақырғы бәйге» әңгімесіне талдау жасау, ондағы Құлагер бейнесін ашу;
Дамытушылық: жүйелі талдауға, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, төрт түлікті қадірлей білуге, оның пайдасын ұғына білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау жұмыстары, сұрақ-жауап, «Сэнквейн»
Сабақтың көрнекілігі: төрт түліктің суреті, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1.Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыны түгендеу
3.Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту
- С. Жүнісов қай жылдары өмір сүрген?
- Балаларға арналған қандай еңбектері бар?
- «Ақырғы бәйге» қай романнан алынған үзінді?
- Мұндағы бас кейіпкер кім?
ІІІ. Жаңа сабақ
«Ойшақыру»
Жылқы малына сипаттама беріңдер?
1. Төтр түліктің пірі
2. Жыл атауы
3. Батырларымыздың көлігі
Дұрыс айтасыңдар, оқушылар. Олай болса, 1- қатар оқушыларына:
Төрт түлікке тағы қандай малдарды жатқызамыз?
2- қатар оқушыларына:
Жыл атауларын жатқа айтыңдар.
Осында кездесетін жылқы жылқы атауын, оның сондай қадірлі екендігін Ақан серінің Құлагерінен де байқауға болады.
Мәтінге талдау жасау:
1. Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде ол Құлагердің қандайсипаттарына сүйеніп айтты?
2. Мөңкеге Ақанның «Байқа, бала, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме. Жел жағында отыр» деген сөзінің мән-мағынасына барлау жасаңдар.
Осы әңгіме Ереймен өңіріндегі (қазіргі Ақмола облысы) атақты паң Нұрмағанбет болыстың тоқсанға келіп өлген әкесі Сағынайға берген асында болғандығын, әңгіменің өзегі нақты тарихи оқиғаға құрылғанына көңіл аударыңдар.
ІҮ. Дәптермен жұмыс:
-Жылқы малы туралы мақал –мәтел жазу.
Ү. 5 жолды өлең «Сэнквейн»
1. Зат есім. Құлагер
2. Сын есім. Жүйрік, тұлпар
3.Етістік. Шабады, жарысқа түседі, өледі
4.Сөйлем. Батыраштың жасаған қастандығынан өледі
5. Синонимі. Тұлпар
ҮІ. Сабақты бекіту:
(Кеспе қағаздарын таратып, жауап алу арқылы бекіту)
1. «Сыншы» деген сөздің мағынасы қандай?
2. Ақан кім?
3. Қазақтың қандай аңшылық кәсібін білесіңдер?
4. Құлагерге мінездеме бер.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1.Ұнаған үзіндіні жаттау.
2. Жылқы малының биологиялық өсу сатысын жазып келу.
ҮІІІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.