Меню
Назад » » »
Мәңгілік ел идеясы
загрузка...

загрузка...
Мәңгілік ел идеясы

Адам - қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі. Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат керек. Ұлттық идея – халық мұраты. Бұл көптен көтеріліп жүрген тақырып. Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымды адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін мемлекеттік нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру болса, одан кейінгі кезеңде Ресей, Қытай, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнатып, елдігімізді сақтап қалу болды. Елбасының биылғы Жолдауда айтқан «Мәңгілік Ел» идеясы да осыдан туындаған деп ойлаймын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» – деген еді.
Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін азаматтарымыз (әсіресе жастар) білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет.
Елбасымыз үнемі біз – жастарға қолдау көрсетіп келеді. Ұлт көшбасшысы осы жолға Жолдауында да Жастарға: «Бұл стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар» деген қанатты сөздері бойымызға рух беріп жауапкершілікті одан сайын сезіндіре түсті. Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел
мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ. Елдің ертеңі нұрлы болсын! Қазақ елі мәңгі болсын!
Балқаш қаласы
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Рахимова Рауан Толеухалымовна Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мәңгілік ел идеясы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 484 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar