Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Үндестік заңы Ілгерінді ықпал -

Үндестік заңы Ілгерінді ықпал

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 2619 | Размер: | Автор: Нартай4540
Сабақтың тақырыбы : Үндестік заңы Ілгерінді ықпал
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға үндестік заңын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Қазақ тілінде буын үндестігі және дыбыс үндестігі деп екіге бөлінеді.
Жуан буынды сөздерге жалғанған қосымша да жуан болады, жіңішке буынға жіңішке қосымша жалғанады.
Бұл ережеге бағынбайтын қосымшалар да бар
Ал, Сөз ішінде немесе сөз арасында дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы дыбыс үндестігі деп аталады.
Алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбыспен үндесуі ілгерінді ықпал дейміз.
1.Сөздің сөзғы дыбысы қатаң болса оған жалғанатын қосымша да қатаң болады.
тар
ЗАТ қа
пен
2. Егер сөздің соңғы дыбысы ұяң болса оған жалғанатын қосымша да ұяң болады
да
Жаз дың
ға

ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннен ілгерінді ықпалды табыңдар

Қыз ұшса –қияға, ұл ұшса –ұяға
Жүнісбек таңғы ұйқыдан сергек оянды
Қамысбайдың алғаш келген кезі еді.


3.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, ел туралы мақал оқисың. Қай әріптен бастап оқу керек? Ол қандай мақал?

V Сабақты қорыту

4.Сауатты болу арманым
Жұмбақтарды дәптерге жауабын табу.
Жеп көріп ем өзін мен
Жас шығарды көзімнен.

Өзі – көзі,
Көзі - өзі.

Үй бағады, үрмейді,
Аяғы жоқ, жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.


Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.

VІ Үйге тапсырма
5. Қоржындағы сарқыт

VІІ Бағалау
6.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.