Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері -

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сабақ жоспары | Документы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 0 | Просмотров: 2056 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы түсінік беру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ

ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Берілген сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерді тап.
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Ертеде бір ғұлама ғалым болыпты. Ол бір адамдардың байлықты жақсы көретінін байқады. Ғұлама ғалым айтты: «Сен ешқашан байлыққа жете алмайсың. Себебі адамда төрт байлық бар. Олар: денсаулық, білім, өнер, бақыт. Сендерде денсаулық бар. Денің сау болса, білім аласың. Ал білімің болса, сенде ақыл да, өнер де болады. Осылардың барлығының жемісін көріп, бақытты боласыңдар», - дейді.


4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Жұмбақтарды шеш.


1.Сылдыр – сылдыр кісенім,
Сылдырлайды кісенім.
Құлағында құлпы жоқ,
Құдіретті кісенім.

2.Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,
Бірін жерге түптедім.

3.Кіруге адам батпайды,
Төрт бұрышты тақтайды
Төрде деп жұрт мақтайды,
Затыңды аман сақтайды.


4.Мен әдемі моншақпын,
Ірі емеспін, ұсақпын.
Мойнына ешкім таға алмас,
Мендей мөлдір таба алмас.


1.Сәукеле. 2.Уық пен кереге. 3.Сандық. 4.Шық. 5.Айран. 6. Ұршық. 7.Жаңбыр, найзағай.

5.Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.


6.Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ,
Беліне қыстырғаны шиден таяқ.
Келбетіңе қарасаң, ештеңе емес,
Беліне буыныпты аямай – ақ.


7.Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.


V Сабақты қорыту
Диктант.
Бастауыш пен баяндауыштың астын сыз
Әжем екеуміз көшеде келе жатырмыз. Жерде жатқан жарты күлше нанды көрдік. Әжем нанды алды. Оң қолының саусағын алдымен нанға бір тигізді, сонан соң маңдайына бір тигізді.

VІ Үйге тапсырма
6. Қоржындағы сарқыт

VІІ Бағалау
7.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.