Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағдыры». -

Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағдыры».

Сабақ жоспары | Документы | Баяндамалар Загрузок: 269 | Просмотров: 3055 | Размер: 0.2 Kb | Автор:
. Баяндама.
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағдыры».

Ахмет Байтұрсынов қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің октябрь төңкерісінен кейін қазақ халқын ату ретінде көп еңбегі сіңді.Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет.Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес.Бұны пролетариат та бағалайды», - деп жазды Сәбит Мұқанов.Ғаббас Тағжанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары масса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді».
1929 жылы бесінші мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген «Газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми – методикалық еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған. Мұнда мынадай еңбектері көрсетілген:
1. «Тіл құрал» (1-бөлім.Фонетика).
2. «Тіл құрал» (2-бөлім.Морфология).
3. «Тіл құрал» (3-бөлім.Синтаксис).
4. «Әдебиет танытқыш».
5. «Баяншы» (Методикалық жазбалар).
6. «Тіл – жұмсар. (Практикалық грамматика).
7. «Тіл – жұмсар. (2-бөлім.Практикалық грамматика).
8. «Оқу құрал» (Балалар әліппесі).
9. Әліппе.
10. Сауат айқыш (ересектер әліппесі).
11. «Әліппе – астар». (Әліппе методикалық нұсқау).
12. «Қырық мысал» (Крылов мысалдары, аудармалық жинағы).
13. «Маса» (Төлтума және аударма).
14. «Оқу құрал».Хрестоматия (нұсқалық) – Шонановпен бірлесіп жасалған).
Бұлар ерекше мәні бар материалдар деп білеміз.Кезінде Мұхтар Әуезов ауызға алған, қазір кейбір зерттеушілер айтып жүрген «Мәдениет тарихы» деген дүние көрсетілмеген, яғни өкінішке орай, ондай жұмыс жарық көрмесе керек.
Өз қолымен жазған «Өмірбаянында» (1929, 8-наурыз) А.Байтұрсынов былай дейді: «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (йерифін емес), орфографиялық жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау
арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзіне жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты».
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айналған.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі – зор жауапкершілік бар іс.Көп жылы көзжұмбайдан, қиянаттан арылатын тұс келді.Шолу түрінде көз жүгіртіп, ат-үсті қарағанның өзінде, толып жатқан саны шындық алдыңнан шығады.Бұл мысалға жүйнелік.
«Тіл құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері.І-тіл танытқысы құрал».Қазақ-қырғыз білімпаздарының І тобының қаулысы бойынша өзгертіліп 4-басылуы.
(Қызылорда, 1925) сөз басы былай басталады: «Тіл – адамның белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді.Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...»
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады.Қазақ мектептеріндегі оқыту жайын, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор өзінің әдістерін ұсынады.Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып отырады.Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:
-Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді:
1) Түбіршек тіл.
2) Жалғамалы тіл.
3) Қопармалы тіл.
Түбіршек тіл түпкі қалыбымен өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері.
Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен: түрік, фини тілдері.
Қопармалы тіл сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі.
Ал «Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерге әуелі өз тілімізен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға, тиіспіз.Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек» деген пікірлер ешқашан өз маңызын жоймақ емес.
«Тіл құралы» оқулығы: «Сөз басы» (1-3 бет). «Тіл мүшелері»: «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлеу мен сөз», «Сөз бен буындар», «Буын мен дыбыс» (3-10 бет), «Қазақ тіліндегі дыбыстар, олардың таңбалары» (11-14 бет), «Сөз тұлғалары» (15-16 бет), «Сөз жазуының жалпы ережелері» (17-18 бет), «Жұрнақтар» (19 түрі көрсетіледі) (19-26 бет), «Атауыш сөздер» (Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік) (27-33 бет), «Шылау сөздер» (34-37 бет), «Үстеу», «Демеу, жалғаулық, одағай сөз, Қорыту» (38 бет), «Тасымал» (39 бет) бөлімдерінен тұрады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.