Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендірудің маңыздылығы -

Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендірудің маңыздылығы

Сабақ жоспары | Документы | Баяндамалар Загрузок: 300 | Просмотров: 1181 | Размер: 17.8 Kb | Автор: Нартай4540
. Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендірудің маңыздылығы

Адамның бойындағы қандай да қасиеттер, мейлі жақсы, мейлі жаман болсын ол адамгершілік, білім-парасаты, инабаттылық, кісілік мінез, еңбек дағдысы, - бәрі-бәрі үлгі-өнегені үйрену арқылы жұқпақ. Оның негізі ұлттық тәрбие беруде. Ұлттық тәрбиенің түп төркіні халық педагогикасымен тығыз байланысып жатқандықтан, ол халықтың рухани әрекетінің барлық саласын қамтиды. Ұлттық тәрбиені қазіргі заманның жаһандану сипатымен үйлестіру, адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қоғам жаңарған сайын адам да жаңара түседі, оның мінез-құлқы да жаңарып отырады. Білім берумен қатар, қоғамға адал, арлы, мәдениеті мол адам тәрбиелеу барлық оқу орындарының міндеті. Осы жолда білім беру сипатын ұлттық тәрбиеге негіздеп алғанымыз жөн.
Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Бұрынырақта баласын тәрбиелеу мақсатында баланың өмірі мағыналы болсын деп, ұлы адамдардың қасына қосып қойып, солардың қасында жүру арқылы, аталы сөздерін тыңдап өсу арқылы тәлім-тәрбие үйренуге ықпал еткен. Сондай адамдардан тәрбие алған адамдардың біразы кейіннен халқымыздың біртуар азаматы болып ержетіп отырған. Кейін ел ісі де осындай жастардың қолына өтіп отырған. Жалпы, қазіргі кездегі мәселе халыққа, яғни ұрпаққа ұлттық тәрбиені
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.