Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Интербелсенді оқыту Не? Неге? және Қалай?» мұғалімдер коучингісі -

«Интербелсенді оқыту Не? Неге? және Қалай?» мұғалімдер коучингісі

Сабақ жоспары | Документы | Коучинг жоспарлары Загрузок: 0 | Просмотров: 2362 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Желдібаева Альфира Ақтайлаққызы

Сессияның тақырыбы: «Интербелсенді оқыту Не? Неге? және Қалай?» мұғалімдер коучингісі
Уақыты: 19 қараша 2014 жыл
Жалпы мақсаты: Мұғалімдердің интербелсенді оқытудың түрлі нысандарын түсінуі, іс-тәжірибеде тиімді қолдану тәсілдері, интербелсенді оқытуды ұйымдастыру ережелерін білу, әркімнің оқу сапасын жақсарта алатынын түсіндіру.
Түйінді идеялар: Өмір талабына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын азамат тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Өз сабақтарында интербелсенді оқытуға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдалану.
Іс-әрекет жоспары: 1. Көтеріңкі көңіл күй орнату. «Көңіл күйді көтеру» бейнеролігін көрсету, рефлексия
2. А, Б, В әріптерін таратып, сол арқылы үш топқа бөлу.
3. «Интербелсенді оқыту Не? Неге? және Қалай?» туралы зерттеулерге шолу таныстырылымы
4. «Миға шабуыл», топтарға мәтін таратып, постер құрату.
5. «Мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы. Ретімен орналастыр» (Н.Сандерстің кестесі)
6. Бекіту. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі
7. Кері байланыс. Смайликтер тұсына сессия туралы өз пікірлерін жазып ілу.
Жаттығулар: Сергіту «Қызыл өрік» билеу
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Мұғалімердің «Интербелсенді оқуды ұйымтастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» деген тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс істеп, постер дайындау, қорғау.
Топтардың бір-бірін бағалауы
Қосымша оқу: «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» (А.Әлімов)
Әдістің ерекшелігі: Оқушылардың өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту.
Әдістің жетістігі: Мұғалім мен оқушыны жұмылдыратын ортақ мақсаттың болуы; оған жетуге ұмтылу;
Оқу процесіне қатысушылардың бірлескен оқу еңбегінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, олардың қызмет нәтижесі үшін ортақ жауапкершілігі;
Оқу міндеттерін шешудегі оқушылар мен ересектер қарым-қатынасының белсенді-жағымды сипаты; бір-біріне деген сенім, оқудағы қиындықтарда өзара көмек көрсету;
Оқушылардың бір-бірімен өзара ықпалдастығы, олардың іскерлік қатынасы және ортақ еңбектің нәтижесіне деген ұжымдық жауапкершілігі.
Күтілетін нәтиже Оқудағы қиындықтарды анықтап, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж, болжау және сұрыптау, стандарттарды бақылау және орындау іс-әрекеттері жүзеге асады.
Мұғалімдерде болуға тиісті нәрселер Рефлексия парақтары
Ғаламтормен байланыс;
Постер дайындауға керекті заттар (стикер, маркер, фливчарт т.б.)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.