Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
«Жүрегім толы мейірім» ( «Қайрымдылық» қамқорлық айлығы аясында өткізілетін  іс-шара) -

«Жүрегім толы мейірім» ( «Қайрымдылық» қамқорлық айлығы аясында өткізілетін іс-шара)

Сабақ жоспары | Документы | Мектеп әкімшілігі Загрузок: 0 | Просмотров: 2607 | Размер: | Автор: Нартай4540
«Жүрегім толы мейірім»
( «Қайрымдылық» қамқорлық айлығы аясында өткізілетін іс-шара)
Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық қамқорлық акциясына қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Аршалы ауданының білім бөлімінің 2014 жылдың 6 қаңтарындағы № 3 – Б бұйрығы негізінде 2014 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілуде.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым » деген даналық сөзінда айтылғандай.
«Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық қамқорлық акциясының негізгі мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде



Өзі келер қасыңа – дей отыра бүгінгі «Қайырымдылық» қамқорлық акциясының аясында ұйымдастырылып отырған сатып алынған лотерия билеттеріңізді ойнатуға шақырамыз.


Осы «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық қамқорлық акциясынан түскен қаражатқа мектебіміздегі әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетілді:


Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.
Өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.