Меню
Назад » » »
1 Желтоқсан « Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні»
загрузка...

загрузка...
«Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ

1 Желтоқсан « Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні»

Тақырыбы:
Дайындаған: биолог М.Құдайбергенова

Еңбек ауылы


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.
Оқушыларды ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік, дағды қалыптастыру.
Сабақтың негізі: : Елбасының «Қазақстан – 2030» Жолдауы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ боййына сіңіру ұстаздар алдында тұрған үлкен мәселе.
Бұл сабақта қазіргі таңда елімізде де таралып бара жатқан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын ойландыратын СПИД дерті жайлы сөз болмақ.
Онда СПИД-тің пайда болуын, таралу жолдарын, зиян екенін түсіндіру, нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға үйрету көзделді.
Сабақта берілген нәтижелер арқылы оқушылар шылым шегудің физиологиялық зардабын және тірі ағзаға әсерін сипаттай алуы қажет.
Қолданылатын әдістер: Конференция түрінде өткен сабақта пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу,топтастыру әдістері қолданылды.
Көрнекіліктері: Бейнеклиптер (СПИД-ке байланысты), слайдтар, баяндамалар
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі пресс-конференциямыздың тақырыбын «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» деп алып отырмыз. Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе.
Слайд (Адамзатқа төнген қауіпті дерт) 5 мин
1-жүргізуші: Әсем
Есірткі деген сөздің өзі бір зұлымдық сияқты құлаққа жағымсыз естіледі. Есірткі - адамның санасын жаулап қана қоймай, әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті бар химиялық зат. Есірткі түрлері: гераин, какаин, анаша, канапля және тағы басқалары. Көбінесе есірткіні Ауғанстан мен Батыс мемлекеттерінде өндіреді. Оны қолдану тәсілдері көп. Оны ине шаншу немесе дәрі сияқты капсулаларда қолданады. Есірткінің дәрі немесе қант пудрасы сияқты болып келуі оның бір елден екінші елге тасымалдануына мүмкіндік береді, себебі оларды дәрі немесе витаминдер сияқты шекарадан тасымалдау оңайға түседі.
Есірткіні қолданатын адамның түрі бозарып, тамаққа тәбеті болмай, тез арықтау, қатты жөтелдер сияқты өзгерістер байқала бастайды. Ондай адамдардың есте сақтау қабілеттері нашарлап, көңіл күйлері тез өзгеріп, әр түрлі заттарға немқұрайлы қараулары байқалады.
Есірткіні, әлбетте, қызығудан немесе жаңа әсер алу үшін қолданады, яғни есірткіні «компания» үшін немесе «тормоз» болмау үшін татып көреді екен қазіргі жасөспірімдер. Ең бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ләззат ала отырып, ешкім де оның арқалаған жүгінің ауырлығын және қайғылы салдарын біле бермейді. Бірінші рет есірткіні қолдану тәжірибелі, бұрыннан қолданып келе жатқан нашақрлардың ықпалымен, солардың итермелеуімен өтеді.
2-жүргізуші: Данагүл
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

1-жүргізуші: Әсем
СПИД біріншіде дұрыс білінбейді. Адам өзін сау адамдай ұстайды, ештеңе сезбейді. ВИЧ адамның жасушасына жабысып, дамиды екен. Дами келе, СПИД-ке айналады. Ол басқа аурулардың астарларына тығылады. Мысалы, грипп, өкпе аурулары, т.б. Ол алғашқы 3-4 айдың ішінде байқалмайды. Ал СПИД-ке қарсы ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Әрине, адам өмірін ұзартатын дәрі бар. Бірақ СПИД вирусы күшейіп алса, адамды аурулардан қорғайтын иммунитетті істен шығарады. Дәрі бұған төтеп бере алмайды. Ал бұл адамның өліміне әкеледі
2-жүргізуші: Данагүл
ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

1 жүргізуші: Әсем
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.

2-жүргізуші: Данагүл
Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты-ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.
1 жүргізуші: Әсем
Данагүл ЖИТС қандай жағдайда жұқпайды?
2 жүргізуші: Данагүл
 Қол алысып, құшақтасқанда.
 Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан.
 Төсек жабдықтары мен киімнен.
 Темір және қағаз ақшадан
 Су мен ауадан.
 Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.
 Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.
 Жәндіктердің шағуынан.
 Моншада, саунада, бассейінде ЖИТС жұқпайды

1 жүргізуші: Әсем
Ал, ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады:
1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер арқылы) 3) Анадан баласына сүті арқылы жұғады.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.
2 жүргізуші: Данагүл
Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады.
ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы дедік. Ауырған әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғады.

1 жүргізуші: Әсем
ЖИТС-тің зардаптарын бейнекөріністен бірге көрейік
(бейнекөрініс СПИД зардаптары)

2 жүргізуші: Данагүл
Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:
— салауатты, әдепті өмір сүру;
— кездейсоқ жыныстық қатынастан сақ болу
— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу
— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

Оқшы: СПИД деген – ғаcыр уы , зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

СПИД-ғасыр обасы,қауіпі бар адамға
Проблема болып тұр бүкіл біздің ғаламда
Сақтаныңдар дертінен қауіпті бұл обаның
Өзің үшін,басқа үшін әрқашанда алаңға

Қайғы жұтар мұңаяр адамдар көп бұл дерттен
Қызығы мол өмірден,көпті көрмей тез кеткен
СПИД-пенен ауырып,қиналғандар қаншама?
Қалай ғана шыдаймыз сұмдық еді бұл неткен

Бірімізді-біріміз силап өтсек өмірден
Кірбің түспес көңілге,күлкі кетпес езуден
Қарсы тұрсақ бірігіп обасына ғасырдың
Жарқын өмір кешеміз!Жасқанамыз біз неден?

СПИД жайлы адамдар біліміңді толықтыр
СПИД деген біздің басты проблема болып тұр
Өз-өзіңді сақтандырсаң,қауіпінен бұл дерттің
Күтіп тұр сені болашақта шуақ шашқан жарық күн!

1-жүргізуші: Әсем
Қорыта айтқанда әр оқушы аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау керек.
2 жүргізуші: Данагүл 21-ғасыр даму ғасыры. Адамға денсаулық 1-ақ рет беріледі. Ол өзінен-өзі жақсармайды. Оны үнемі күте білу керек. Ол үшін әрқайсымыз санамызға «денсаулық», «әдемілік» ұғымдарын сіңіре білуіміз керек. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 1 Желтоқсан « Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 433 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar