Меню
Назад » » »
«Айналайын анашым»
загрузка...

загрузка...
«Айналайын анашым»
(мерекелік тәрбие сағаты)

Мақсаты: Ананың құдіреті мен мейірімді жан екенін түсіндіру. Ата-аналармен тығыз байланыс жасау, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Даналық сөздер, шарлар, сыйлықтар
әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, сахналау
сабақтың барысы:
Кіріспе сөз .
Айымгүл:
Анам десем, сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға тым ыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
(Әр оқушы ортаға өз аналарының қолдарынан алып музыканың үнімен таныстырып шығады
1Есенгелді Гүлдәурен
2 Науан Нұрдәулет
3Тастан Айымгүл
4 Утенов Мейрамбек
5Қаймолда Меңдібай

Дүниеде ананың мейіріміне аялы алақанына не жетеді? Жақсылық атауымен барлығы да ананың сүтімен жаралған.Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың» деген сөз анаңның соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтса керек.
Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да , осы қасиетті ана есімі болмақ.

ӘН: ХОР «Аяулы анашым»

Мейрамбек: Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің
Нұрдәулет: Жүре берсем қасыңда
Әйбат анам, ай аннам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қайда да
Гүлдәурен; Біліп тұрсың жан анна
Міндеті үлкен ботаңның
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның
ән: Айымгүл «Ана тілегі»

Мейрамбек: Өзіңсің сүйікті анна құдіретің
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін

Гүлдәурен; Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылым бар
Сен барда менің әрбір күнім өлең
Айымгүл: Өзіңсің өмірдегі бар ардағым
Жыр жаздым тұңғыш саған ән арнадым
Анашым айтарым көп тіл жетпейді
Бір сендей жанды таба алмадым
Сахналық қойылым: Қожанасырдың басынан кешкендер хикаясы

Әр оқушының анасына көңілі, сезімі ой-қиял арқылы шынайы сөздер арқылы беріледі ендеше кезекті жазған шығармалырына берелік.
ӘН «Ана тілі»Есенгелді Гүлдәурен мен Тастан Айымгүл

Нұрдәулет: Ана! Ол біздің елге ардақты адам
Кіші де , үлкен де оны ардақтаған
Өзінің аяулысы-Отанына
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған
Ана-отбасының тірегі
Қыздардың орындауында Би

«Қалпақ»сахналық қойылым

Гүлдәуреннің өлеңі мәнерлеп оқу

Қыздардың орындауында би

1 сұрақ: Ана мен қыз балаға байланысты қандай мақал-мәтел білесіз?
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз –қуыршақ, бала-құлыншақ
Анаға қарап-қыз өсер.
2 сұрақ:Үйіңізде балаңызға қандай тыйым сөздер айтасыз?
Малды тепе, ақты төкпе, малды басынан ұрма
Табалдырықта тұрма, тізеңді құшақтама, суды ысырап қалма

3 сұрақ: Ананың отбасындағы міндеті қандай?
Анна ұрпақ жалғастырушы ,тәрбиеші, асыраушы үйдің иесі, отбасы арасын ынтымақтастырушы

4 сұрақ: Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
Бесік жырының тәрбиелік мәні бесікті бөбекті түйсік сезімін, есту қабілетін ескеру бар.Ықыласын аударып, көңілін жұбататын тәрбиенің алғашқы ныандары мол.
ӘН «Ана» Тастан Айымгүл мен Утенов Мейрамбек
Ана -отбасының тірегі Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балаларының бақытты болуы қалайды. Біз аналарымызды сыйлаймыз, құрметтейміз.
Хормен Анамызға мың алғыс-3 рет айтады.

Қортынды: сөз сыйлықтарын табыстайды.

Оқушылар аналарымен қосылып ән айтады және ортаға шығып билейді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Айналайын анашым» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 306 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar