Меню
Назад » » »
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
загрузка...

загрузка...
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтой
Тақырыбы: « Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»
тақырыбында ұлы ақын шығармашылығына арналған 5-9 сыныптар арасында сыныпаралық сайыс
Мақсаты: Б/К Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
Д/К Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Т/К Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Барысы: І Ұйымдастыру кезең.
Кіріспе Мұғалім сөзі: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жат тоқып ал көңілге.(С.Торайғыров)
Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында ұлы ақын шығармашылығына арналған 5-9 сыныптар арасында сыныпаралық сайысқа қош келдіңіздер! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс».
Сайыстың жүру барысы: Жоспар
1.Абай – ақын. /Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқу/
2.Абай – философ. /Қара сөздерін мәнерлеп, жатқа оқу/
3.Абай – сазгер. /Ақынның сазды әндерін орындау/
4.Кім Абайды көп біледі? /Ақын шығармашылығы жөнінде сұрақ жауап. 10 сұрақты 2 минутта жауап беру/
5.Абай және сахна. /Ақын шығармашылығынан сахналық көрініс 3-5 мин/
6. Буклет дайындап, таныстыру. /Әрбір сыныпқа тақырып беріледі, тақырыпқа сай безендірілуі, деректерді жүйелі қолдануы таныстырушының өзін-өзі ұстауы, жүйелі сөйлей білу ерекшелігі қарастырылады 3-5мин/
1-жүргізуші: Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:

1-жүргізуші: Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен....,-деп
І-кезең: «Абай – ақын» /Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқу/
1-жүргізуші: Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келедіАбайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
ІІ-кезең: «Абай – философ» /Қара сөздерін мәнерлеп, жатқа оқу/
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй..
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,-деп ұлы Абай Құнанбаев айтқан.
ІІІ-кезең: «Абай – сазгер» /Ақынның сазды әндерін орындау/
2-жүргізуші: Орыстың сыншысы Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады,орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады», - деген. Ал біздің поэзиямыздың қан тамыры Абайдан бастау алады.
«Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас» - деп, өзге өнерден сөз өнерін жоғары қояды.Ұлттың тілі – сол ұлттың айнасы,құралы.Абай ұлттық тілдің сол ұлтқа жат, түсініксіз сөздерден таза болуын талап етіп былай дейді:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз,бейшарасы.
ІV-кезең: «Кім Абайды көп біледі?» /Ақын шығармашылығы жөнінде сұрақ жауап. 10 сұрақты 2 минутта жауап беру/
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шы,арма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
1-жүргізуші: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма,-деп ұлы ақынымыз айтқан.
V-кезең: «Абай және сахна» /Ақын шығармашылығынан сахналық көрініс 3-5 мин/
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
VІ-кезең: Буклет дайындап, таныстыру. /Әрбір сыныпқа тақырып беріледі, тақырыпқа сай безендірілуі, деректерді жүйелі қолдануы таныстырушының өзін-өзі ұстауы, жүйелі сөйлей білу ерекшелігі қарастырылады 3-5мин/
1-жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде, ұпай сандарын айтып, марапатталсын.
1-жүргізуші: Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр,-деп Мұхтар Әуезов айтқандай бүгінгі Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай « Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында ұлы ақын шығармашылығына арналған 5-9 сыныптар арасында сыныпаралық сайыс аяқталды. Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын! Келіп қатысқандарыңызға рахмет.
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 346 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar