Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бейнелі  сөздің берені болған Қазақ тілі! -

Бейнелі сөздің берені болған Қазақ тілі!

Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1314 | Размер: | Автор: гость
. Бейнелі сөздің берені болған Қазақ тілі!
(әдеби танымдық кештің сценариі)
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар!
2-жүргізуші: Есенбісіздер, текті жұрттың жүзіктің көзіндей жарқыраған
жайсаңдары!
1-жүргізуші: Иманды шын жүректен танығасын,
Несіне бақыт іздеп сабыласың.
Жердегі жақсылыққа құштар болған,
Алаштың төріндегі бағы басым.
2-жүргізуші: Ырысым босағаға қонақтаған,
Таңдайға гаухар жырым қонақтаған.
Айбарлы ұлым бөлек, қызым ерек.
Бабалар аманатын жоғалтпаған.
1-жүргізуші: Тілдің майын тамызар,
Білім бұлағын ағызар...
2-жүргізуші: Жаңа әдіс көрінер,
Өнер нұры себілер, аудандық семинарға
Екеуі: ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
1-жүргізуші: Бүгін сіздерге мектептің дарынды оқушыларының Қазақ хангдығының 550-жылдығына арнап әзірлеген «Бейнелі сөздің берені болған ҚАЗАҚ ТІЛІ» атты әдеби-сазды кешін ұсынамыз.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев «Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп айтар едім. Оның біріншісі, әрине, ата-бабамыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз- сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір – қазақ тілі!»
2-жүргізуші: Қазақ тілі- Қазақстанның мемлекеттік тілі. Барша қазақстандықтарға ортақ тіл. Кеңсе тілі, кеңесу тілі. Біз де мемлекеттік тілімізді өз ана тіліміздей дәріптеп, оны зор ықыласпен меңгеріп келеміз. Ендеше,бүгін мемлекеттік тілдің мерейі артып, мәртебесі биіктейтін күн.
1-жүргізуші:___________сен білесің бе, қазақтың ғажап тілі жаугершілік заманда қалай алмастай жарқырады?!
2-жүргізуші: Енді.... ептеп оқығаным бар. апайлардан жаттаған өлеңдерім де есіме түседі....
1-жүргізуші: Сырына қаныққың келе ме? Олай болса сахнаға назар аударайық.
Сахналық қойылым
Сахна сыртындағы автор: Қазақ хандығы құрылғанда оған қызмет еткен тіл – қазақ тілі болды. Өйткені, бұл тіл осы хандықты құраған қаңлы,қыпшақ, алшын, арғын, найман,керей,жалайыр тағы басқа ру-тайпалардың сөйлейтін тілі болды. Қазақ тілі ру-тайпаларды бір-бірімен табыстыратын ұйытқы, хандықты құраған негізгі күш болды. Сондай-ақ бұл тіл қатынас құралы ғана емес, хандықтағы адамдардың рухани талабын өтейтін толыққанды әдеби тіл болды. Бұл сипатқа қазақ тілі тек хандық кезінде ғана емес, одан алдын да осы сипатқа ие болған. (шымылдық ашылады)
Ортада ақсақалды шал отырады, қасынақолында оқулығы бар бала кіріп келеді
Бала: Ата,қазақ әдебиетін оқып отырып, ақын- жыраулардың кей сөздеріне мен түсінбеймін. Мысалы, батырлар жырындағы «буырқанды, бусанды, мұздай темір құрсанды...» деген не мағына береді?
Атасы: Е, балам, қазақ тілі өте бай тіл. Мұндағы «буырқанды,бусанды» дегені, қаһарланды, ашуына мінді деген., ал «мұздай темір құрсанды» дегені «қару-жарақ асынды, »дегенді білдіреді ғой. Ол кездегі елді, жерді сырт жаудан қорғаймыз деп, ат үстінде өмірі өтті ғой, талай жанның. Сол кездің өзінде тілге құрмет ерекше болған.
Бала: Тағы бір толғауда, «қоғалы көлдер, қом сулар» деп айтылады. Бұл не?
Ата: Бұл- өте көне сөз. Мұнда қом-толқын, су-өзен дегенді берсе, яғни толқынды өзен деген сөз шығады. Сондай-ақ «Толағай» деген көне сөз бар. Ол жалаң басдеген мағына береді. Мұны Дулат ақынның «Тау толағай көрінер, тасы кетсе» деген өлең жолдарынан білеміз.
Бала: Ата, сол дәуірдегі ақындар айтпағына астарлап,тұспалдап, бейнелеп айтыпты ғой. Мен бұл толғаулар мен жырларды жаттап алады екенмін. Ал түсінбегендерімді сізден келіп сұрап тұрамын. Сау болыңыз.
Ата: Ал, ендеше, халайық, хандық дәуірдегі бейнелі сөзді берен ғып қолданған тарихи тұлғаларымыздың айтқандарымен тағы бір жүздесейік.
Сахнаға оқушылар тобы шығады:
1-оқушы: Қазақ тілінің қазынасы мол, барынша бай, жан-жақты қалыптасқан жүйелі тіл!
2-оқушы: Қазақтың әдеби тілі- сол тілде сөйлейтін жұртты біріктіріп, бөлініп кетуден сақтайтын ұлы күш!
3-оқушы: Қазақ тілі- аймақтарға, өлкелерге қарай азды-көпті бөлініп тұратын лексикалық, грамматикалық, ерекшеліктері жоқ яғни диалектілерге аса бөлінбейтін тұтас, барлық қолданушыға түсінікті монолит тіл.
4-оқушы: Ең негізгісі, қазақ тілі сөйлеу тілі, қатынас құралы болумен қатар, өте көркем, әсем және әсерлі тіл!
5-оқушы: Қазақ тілі поэзияда көрініс тауып, ақын-жыраулар мен билердің толғаулары арқылы мірдің оғындай көздеген жеріне дәл тиюі.
1-жүргізуші: Иә, ХУ-ХУІІІ ғасырлардан бастап, аты әйгілі болған Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Ақтамберді,Тәтіқара, Үмбетей ,Бұқар жырау, Шал ақындардың өлең-тоғаулары хандықтың тұсында алмастай жарқыратып көкке көтерген алдаспаны болды.
2-Жастық шағың ағын бір,
Күліп тұрсын бағың кіл.
Жақсылықпен сағындыр.
Өнеріңмен табындыр...
1-жүргізуші: Бүгінгі мәртебелі меймандар үшін мектебіміздің өнерпаз бишілері өз өнерлерін ұсынады. Қабыл алыңыздыр! ( Би «жарасымдылық »)
Қазақ хандығының негізін қалаған -- Керей мен Жәнібек. Ал осындай ұлы шешім қабылдап, дархан даланы бір мақсатқа жұмылдыруда да тілдің қызметі ерек болды. Осы бір ұлы оқиғаға қатысты мектептің көркемөнерпаз үйірмелері бірталай ізденді.
1-жүргізуші: Келесі назарларыңызға ұсынылатын сахналық қойылымымыз қазақ хандығының құрылу жылдарына бетбұрыс жасамақ. Алдарыңызда Қазақ хандығының құрылу сәтінен бір көрініс.
(Сахналық көрініс «Қазақ хандығының құрылуы»)
2- жүргізуші:Адамзат сөз болған тұстарда оның тілі туралы айтылмай қалмайды. Ал қазақ хандығының құрылу тұсындағы қазақ тілінің орны ерекше.
1-Жүргізуші: Әрине, әдеби тіл қазақ хандығы құрылмастан бұрын әлдеқашан негізі қаланып, біршама дамып қалған болатын. Бірақ осы тілді дамытатын үлгілер өлеңдер мен жырлар хандық дәуірдің басталуымен сәйкес келеді. Ал хандықтың тілге көрсеткен қызметін айтар болсақ, ол да зор болды. Қазақ тілінің сол кездегі бары мен барысын сақтап, әрі қарай дамуына мүмкіндік берді.
2-жүргізуші: Сөз өнерінің иелері жыраулар мен ақындарды қазақ хандары жоғары бағалап, өздерінің көмекшісі, ақылшысы етіп отырған. Мысалы, Абылай хан Бұқар жырауды, Әділ хан Түбек жырауды, Тәуке хан атақты үш биді ақылшысы еткенін тарихтан білеміз.
1-жүргізуші: Хандық пен әдеби тіл бір-біріне қызмет еткенін жыраулар поэзиясынан айтылатын толғаулардан көреміз. Кезек ақын-жыраулар өлеңдерін мәнерлеп оқитын оқушыларда.
(өлеңдер мәнерлеп оқылады)
2-жүргізуші: Біз қазақ тарихын қозғағанымызда елдің бірлігін сақтап, бір жағадан бас шығарып, ел қорғау жоылнда, ынтымақтастықты қамтамасыз еткен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді айтпай өте алмаймыз. Қазақ тілі елдің ішінде ғана емес, екі елді татуластыратын, бітімгершілікке шақыратын дәнекер де болған. Оның айғағы Қазыбек бидің Қоңтажыға барғаны. Алдарыңызда сахналық көрініс.Қабыл алыңыздар..
2-жүргізуші: Алатау мен Алтайдың, Арқа мен Атыраудың арасын мекендеген қазақ халықының тұтастығын сақтау үшін батырларымыз от кешті. Өзгеге бағынышты болғысы келмеді. Оған біз 1986 жылғы Желтоқсандағы қанды қырғынды айта аламы.з. Алдарыңызда , Мұхтар Шахановтың әні « Желтоқсан жаңғырығы.» Орындайтын --------------------------------------------------
1-жүргізуші: Ата-бабаларымыздың осындай ерлігі мен елдігінің арқасында бізге тәуелсіздік келді. .Егемен елдің болашағы жарқын, тәуелсіз елдің тұғыры биік, тілі мәңгілік болсын деп, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар! Ән «Алға, Қазақстан!» Би тобы сүйемелдейді

Сценарий авторы: Айгүл ЖАЛҒАСОВА
2015 жылғы қарашаның 23-і.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.