Меню
Назад » » »
Білімдіге дүние жарық...
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Білімдіге дүние жарық...
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, математикалық есептеу жылдамдықтарын тексеру.
2)Тарих пәні бойынша білімдерін тексеру
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ (математика мен тарих)
Көрнекіліктер: Слайдтар,тарихи карталар, үлестірмелі қағаздар
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі (5-минут)
2. Біліміңді сынап көр (20-минут)
3. Құпия қала (15-минут)
4. Логикалық тапсырма(5-минут)
Қолданылған нақыл сөздер:
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
Тарих-өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі
(Н.Ә.Назарбаев)
Жүргізуші:
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң.
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
Армысыздар құрметті көрермен қауым! Бүгінгі «Білімдіге дүние жарық...» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер! Ортаға 11 «а» және 11 «ә» сынып оқушыларынан құрылған екі топты шақырғым келеді. Бүгінгі сайысымызда өздерінің әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтсек.
1-Д.Тоқанова (тарих пәнінің мұғалімі)
2-М.Ыбышева (математика пәнінің мұғалімі)
3-Г.Дүйсембаева (мектеп директоры)

Көп уақытты созбайық.
Ойынымызды бастайық!
1-тур: Топтар өздерін таныстырулары керек. Топтың аты, ұраны, эмблемасы және қосымша жұмыстарының бар болуы ескеріледі. Ең жоғарғы ұпай 10 ұпай болып есептеледі.

2-тур: Біліміңді сынап көр. Бұл турда тарих пәні бойынша 1 сұрақ, математика пәні бойынша 1 сұрақ беріледі. Тарих сұрағына 5 ұпай, математикаға 5 ұпай беріледі Сұрақ екі топқа да бірдей беріледі. Қай топ жылдам және дұрыс жауап берсе, сол топтың ұпай саны жоғары болады. Сұрақтар ұяшықтар бойынша таңдалады. Алдымен сұрақты толықтырыңыз. Сұрақ толықтырылу үшін математикалық есептің жауабын бос орынға қоясыз?
1-ұяшық
Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі полеолитке жататын 300-ге таяу тас қүрал шыққан ең көрнекті көне мекен ? (Батпақ)
1)Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі полеолитке жататын ---------ге таяу тас қүрал шыққан ең көрнекті көне мекен ?
2) 15 %-і 45 тең болған санды есепте? (300)
2-ұяшық
Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ? (Орталық Қазақстан)
1) Қола дәуіріне тән ------ қоныс, -------оба зерттелген аймақ?
2) Теңдеуді шеш: . (30)
1 қарындаштың бағасы 20 теңге, ал 1 дәптердің бағасы 25 теңге болса. 5 қарындаш пен 2 дәптерге неше теңге төлейміз? ( 150)
3-ұяшық
Жазба деректерден белгілі б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы (Томирис)
1) Жазба деректерден белгілі б.з.б. ----------------жылдары өмір сүрген сақ патшайымы
2) Теңдеуді шеш: (570)
Ең кіші үш таңбалы санды 5ке көбейтіп, көбейтіндіге 20-ны қос? (520)
4-ұяшық
Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны
(Шірік Рабат)
1) Қызылордадан --------- шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны
2) Есепте: (300)
5-ұяшық
Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұрты (Алтын-асар)
1) Қаңлылардың -------------- гектар жерді алып жатқан қала жұрты
2) Теңдеудің түбірлерінің қосындысын есепте: (16)
6-ұяшық
Бұзылмай сақталған 13 жирен ат табылған темір дәуірінің қорғаны (Берел)
1) Бұзылмай сақталған -------- жирен ат табылған темір дәуірінің қорғаны
2) Есепте: (13)
7-ұяшық
Сәтті ұяшық. Сізге 10 балл силық!

Жүргізуші:
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады. – демекші, 3-турға да келіп жеттік. 3-тур «құпия қала» деп аталады. Алдымен, таңдап алынған математикалық есепті шығарамыз. Есеп жауабы қай қаламен сәйкес келсе, сол қала туралы тарихи шолу жасау керек. Бұл шартта да есепті дұрыс шығарса ең жоғары ұпай 5 ұпай, қала жайлы толық жауап берсе 5 ұпай беріледі. Жалпы ұпай саны 10 ұпай болады. Ескертеміз, есеп жауаптары рим цифрларымен көрсетіледі.
3-тур
1)Исфиджаб (V ғасыр)
Теңдеуді шеш:
2)Талас (XII ғасыр)
Теңдеудің түбірлерінің көбейтіндісін есепте:
3)Шауғар (IV-X ғасыр)
Белгісіз санның қосындысы да, көбейтіндісі де квадраты да ойлаған санға тең. Ойлаған санды тап?
Ойлаған санды белгісіз санға көбейтіп, көбейтіндіге белгісіз санды қос?
4)Баласағұн(V ғасыр)
Үстелдің бір бұрышын арамен араладым. Неше бұрыш пайда болды?
5)Фараб (VI-VIII ғасыр)
Арифметикалық прогрессияда болса, үшінші және төртінші мүшесін анықта?
6)Сығанақ (XII ғасыр)
Есепте:
7) Сауран (X ғасыр)
12358123456789051565489725984 – санына қанша цифр қатысқан?

Жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Бүгінгі зияткерлік ойынымыздың қорытындысын шығару мақсатында соңғы 4-турды бастаймыз.
Екі тапсырма беріледі. Әр тапсырма 5 ұпаймен бағаланады.
1) Сіріңкелер есебі: Берілген 5 сіріңке қатар қойылған. Осы сіріңкелерді тек екі сіріңкеден ғана аттата отырып XXI санын шығару керек.
2) XXI ғасыр – жарқын болашақ ғасыры! тақырыбына ой-пікірлеріңіз.

Жүргізуші:
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
Құрметті оқушылар бүгінгі «Білімдіге дүние жарық...» атты зияткерлік ойындарымыз осымен тәмам. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Жүргізуші
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.
Марапаттау кезеңі. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Білімдіге дүние жарық... можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 291 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar