Меню
Назад » » »
Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
загрузка...

загрузка...
Күні: 30.11.2015ж
Тақырыбы: Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
Мақсаты: 1. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің
мәнін ашу; Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың
өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған,
қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат,
шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
3. Оқушылардың бойында Елбасына деген
сүйіспеншілік,құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.Н.Назарбаев портреті еліміздің
рәміздері, шарлар,фото-суреттер
Түрі: Сайыс
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
2.Психологиялық дайындық
3..Сыныпты топқа бөлу.
1 топ «Ұлан»
2 т оп « Қыран»
4.Ой қозғау
1-желтоқсан-қандай мереке?
(оқушылар жауабы)
Ендеше ,бүгінгі сынып сағатымыз Елбасыға арналады екен.
5.Дәптермен жұмыс
а)дәптерді ашып сынып сағатынын тақырыбын жазу
ә) мақсатын түсіндіру
6.Сынып сағатының бөлімдері
1 бөлім
«Менің президентім»
(Бұл бөлімде Президентіміз туралы не білеміз,балалық шағынан бастап Елбасы болғанға дейінгі өмірдерегін айту.қай топ көп біледі?.)
2 бөлім
«Елбасыны жырлаймыз»
( бұл бөлімде оқушылар Елбасы туралы жаттаған тақпақтарын айтады.
3 бөлім
Шығармашылық тапсырма
«Ұлан»тобы Елбасы тақырыбына сөэжұмбақ құрастыру
«Қыран» Елбасыға арнап 4 жол өлең шығару
4 бөлім
«Жылдар сөйлейді»
(экранда көрсетілген жылға сәйкес республика өміріне байланысты оқиғаларды айту)
* 1991ж 1-желтоқсан
1991 жылы1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады
* 1991ж 16-желтоқсан
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет деп жарияланды
*1992 ж 4-маусым
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту, Әнұран бекітілді
*1993 ж 15-қараша
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді
*1995 ж 28 қаңтар
1995 жылы 28-қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш «Ата заңы» қабылданды
*1998 ж 10-маусым
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды
*2007 ж 7-қаңтар
2007 жылы 7-қаңтарда жаңа әнұран болып «Менің Қазақстаным» жер жүзіне тарады
5 бөлім
Танымдық сұрақтар
(әр топқа 3 сұрақтан беріледі)
«Ұлан»тобына
1.Елбасының ата-анасы кімдер?
2.Елбасының қандай кітаптарын білесің?
3.Елбасы дүниеге келген жайлау?
«Қыран»тобына
1.Елбасы туралы түсірілген фильм қалай аталады?
2.Елбасы сөзін жазған әндерді ата?
3. «Балалық шағымның аспаны»фильмінде Елбасы рөлін ойнаған актер кім?
Ән «Тәуелсіздік жыры»
Олай болса балалар шеңбер жасап тілегімізді айтайық
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Мұғалім сөзі
Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді,ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық.Президент-біз үшін ұлы тұлға.Біз Елбасымен мақтана аламыз,мақтай да аламыз
Сайысты қорытындылау
Жеңіске жеткен топты мадақтау

Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
(ашық сынып сағаты) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Елін сүйген,елі сүйген Елбасы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 343 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar