Меню
Назад » » »
«Кішкентай арулар» атты қыз сыны сайысының сценарийі.
загрузка...

загрузка...
«Кішкентай арулар» атты қыз сыны сайысының сценарийі.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ата-аналар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызды 8 – наурыз халықаралық ару аналар, әсем қыздар мерекесімен құттықтаймыз.
Бүгінгі «Кішкентай арулар» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіз !
Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден нәр алған.
Ақ маңдайлы, ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған, - дей келе қазақ халқы ежелден қызды «қонақ» деп қадірлеген. Әрқашан оны мәпелеп, оны алақандарын салып өсірген. Қызға төрден орын беріп, босағада отырып қалмауын қадағалауының өзі құрметтегеннің белгісі емес пе?
Жаратылысынан қонақ жай, момын, адал, адам сыйлауда алдына жан салмайтын қазақтың қыз баласын гүліндей аялап, өбектеп өсірмеуі де мүмкін емес секілді.
«Қыз – ұлттың жаны» демекші, ата-аналарыңыздың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола біліңіздер, ардақты арулар.
Қазақ қызы ажары күн көрінген,
Басын алмас өзіңді кім көрінген
Арқаңдағы қолаңшаш, қос бұрымға
Ар-намысы Алаштың бірге өрілген, - деп ендеше сайысқа түскелі отырған аруларымызды ортаға шақырайық.
Енді құрметті сайыскерлер сайыс болған соң, үміткердің өнерін, білім деңгейін, жылдамдық шеберлігін бағалау үшін сайысқа әділқазылық ететін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Міне, сіздер бүгінгі байқауымыздың әділқазылар алқасымен таныс болдыңыздар.
Енді сайысымызды бастамас бұрын жалпы байқау шартымен таныстырып өтейін.
1. «Сәлем – сөздің анасы» Таныстыру бөлімі.
Мұнда сайыскер өзінің кім екенін, қай сыныптан келгенін, ата-анасы, туған жері, жеті атасы т.б. таныстырады.
2. «Білгенге маржан». Бұл бөлімде сайыскеріміз мақал-мәтелдерді жалғастырады.
3. «Әжемнің оюлары» деп аталатын бұл бөлімде аруларымыз қолөнер сайысынан сынға түседі. Сайыскерлеріміз түрлі-түсті қағаздан ою ойып көрсетеді .
4. Төртінші бөлімде: «Халқын сүйген, салтын сүйер» сайыскерлердің халқымыздың әдет-ғұрыптары, салт-дәстүріне байланысты сұрақтарына жауабы.
5. Бесінші бөлім: «Ас-адамнін арқауы» деген айдармен үй тапсырмасының орындалысын қадағалаймыз. Мерекелік тағам дайындау және жарнамалау.
6. Алтыншы бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Мұнда сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.
Міне бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар. Ең жоғарғы ұпай саны-5 ұпай. Дайын болсаңдар сайысымызды бастайық. Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырып өздерін,
Аруларды ду қол соғып қостайық, – деп таныстыруымызды бастайық.
2-бөлім. Сұрақтары 10 сұрақтан тұрады. Мақалды жалғастыр
3. «Әжемнің оюлары» қолөнер сайысы.
Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып,
«Шебер болар ма екенсің» деп үйреткен әжелер.
Қолөнерді көрейік, әділ баға берейік.
Шеберлер ою ойып бер қолыңнан
Жаңылмағын ата-баба жолынан
Ару қыздар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.

Музыкалық номер:
4. «Халқын сүйген, салтын сүйер»
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық.
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

Бұл кезеңде сайыскерлер әдет-ғұрыптардың, мән-мағынасын ашады.
(Әр билетте 3 сұрақ)

5. Ас – адамның арқауы». Үй тапсырмасы. Мерекелік тағам дайындау және жарнамалау шеберлігі.
Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Ас қадірін білмеген, аштан қалады» демекші, қыздарымыз мерекелік дәмді тағамдарын таныстырады.

6. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей ару қыздарымыздың өз өнерлерін ортаға салар сәт туды.

Өнерлерін тамашалайық.
Қыздар, қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Өнерімен сынға түскен
Аққу мойын ару қыздар
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Шіркін,қандай сұлусыңдар!
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.
Құрметті көрермендер, сайыскерлер!
Ән: «Анашым-асылым»

Ал енді сайыскеріміз анықталып сайыс мәреге жеткен секілді.
Қалған сайыскерлерімізді ынтадандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Арман- тілек аласарып қалмасын
Үзілген көп үміттерді жалғасын
Армансыз жан қанатсыз құс емеспе?!
Онда арулар қанатарың талмасын – деп сайыс болған соң, жеңіс қатар жүреді.Құрметті сайыскерлер жеңістерің құтты болсын! Ал көрермен қауым осымен сайысымыз аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге рахмет! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Кішкентай арулар» атты қыз сыны сайысының сценарийі. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 298 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar