Меню
Назад » » »
Қош келдің, Жаңа жыл! «ертеңгілігі»
загрузка...

загрузка...
Қош келдің, Жаңа жыл! «ертеңгілігі»

Жүргізуші: Cәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар.
Міне, көптен күткен қыс мезгіліде келіп жетті. Жер үстін де аппақ қарға оранды. Ағаштар ақ көрпесін жамылды. Қыс мезгілінде асыға күтетін тамаша мереке бар. Ол мереке- жаңа жыл. Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шырша түбінде барлығымыз жиналып отырмыз.
Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық.
Шашу-шашып, әрқашан-ән салайық.
Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,
Балаларға, жастарға, кәрімізге,
Ашық аспан астында ойнап-күлсек,
Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек,
Алланының нұры жаусын әр үйге,
Жақсылықты тілеймін бар әлемге.
Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын,
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.
Құттықтау сөз: Мектеп бала-бақша басшысы: Қансұлу Жұмағұлқызына беріледі.
(«Болашақ» балабақшасының әдіскері: Саяхатқа сөз кезегі беріледі.)
Жүргізуші: Жаңа жыл береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын. Сіздерге жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт, отбасыларыңызға шаттық, қуаныш әкелсін! Жаңа жыл құтты болсын.
Жаңа жыл мерекесіне арналған «Болашақ» бала-бақшасының ертеңгілігін бастайымыз.
Жүргізуші: Ерте заманда мезгіл атты батыр өмір сүріпті. Ел-халық қамын ойлапты оның үш ұлы бір қызы болыпты. Батыр әке ұлдары мен қызының өнерлі данышпан болуын арман етіпті. Бір күні төртеуін шақырып алады да былай дейді
Қарақтарым, батырлық бойға біткен қайрат пен елге деген махаббаттан, сүйіспеншіліктен туады. Сендердің бойларында осы екі қасиеттің екеуіде бар. Енді төртеуін әлемнін төрт тарапына тарап өнер үйреніп келіңдер. Өнерлерің тек өздеріңе үшін емес, халық игілігіне ассын,- деп балаларын ұзақ сапарға шығарып салады.
Жүргізуші: Ай өтті, ұлдары мен қызы оралмапты, жылдар өтті оралмапты. Мезгіл батырда қартая бастапты. Балаларын сағын әке тау жотасына шығып, балаларын күтеді екен.
Бір күні үлкен ұлы- қыс оралыпты. Кигені үлкен тұлып тон аяғын да үлкен пима, басында түлкі тымақ.
Қыс:-Армысыз әке!
Мезгіл батыр: - бар бол ұлым, байлық пен оралдың ба әлде?
Қыс: Әке,түсінгендерге өнерім байлық болар, түсінбегендерге зәрлі болар. Әйтеуір үлкен, кішіге қуаныш әкелдім.
Мезгіл батыр: Көрсет онда өнерінді!
Қыс: әке қыс жыл басы ғой, олай болса «Болашақ» бала-бақшасының бүлдіршіндері өнер – жырларын , ән-билерін биылғы келе жатқан жаңа жыл меркесіне арнап «Қош келдің, жаңа жыл!» атты ертеңгілігін тамашалауға ұсынады.
Ән: «Қыс»
Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар:
1-бала: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
құттықтаймыз , әрейне,
әкемізді, анамызды,
қонақтардың бәрін
2-бала: Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
3-бала: Бізді байтақ далада,
Асқар тауда, қалада.
Биыл ғажап іс болды.
Таң ғажайып қыс болды.
4-бала: Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әкеліп іліпті.
Ән: «шырша жыры»
Ғажайы сәт:
Қоян Бекғали келеді.Саламатсыздарма тойшы қауым!
Армысыздар! Әр түрлі қимылдар көрсетеді.
Жүргізуші: мәссаған балалар, мыгау кәдімгі дала қоян ғой! Кәне балалар, кішкентай қояндар қосыла қимылдар жасап билейік. Балаларға қояндарға арнап би-билеп берейік.
Қояндар биі: «Сұр қоян»
Жүргізуші: - балалар қараңдаршы, шыршамыз қандай әдемі! Жасыл шыршамызға арнап тақпақ айтайық.
5-бала: тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
6-бала: мұздан моншақ тағынып,
Күміс моншақ жамылып.
Ортада тұр ақша қар,
Көппен күтіп сағынып.
7 бала: өлеңде әзір, әнде әзір,
Ойында әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл, біздерге,
Кел,жаңа жыл, жаңа жыл.
8-бала: әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
9-бала: аспан жерге төгеді,
Ақ ұлпасын уыстап.
10-бала: жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Жүргізуші: - балалар жаңа жыл мерекесінде ең құрметті адамдар кімдер?
Балалар жауабы: Аяз ата, ақшақар.
Ақсақалды, ақ таяғы бар, қолында қапшық толы сыйлығы бар кім еді?
Балалар жауабы: Аяз ата.
Үлпілдеген ақ торғын көйлегі әдемі қыз кі м еді?
Балалар жауабы: Ақшақар.
Ақшақар: кіріп келеді.
Саламатсыздар ма балалар!
Мені тадыңдар ма?
Мен ақшақармын ғой. Аяз атаның немересімін. Мен алыстағы қар патшалығынан келдім. Онда даланы ақ ұлпа қар басқан. Күн суық. Біз онда аяз ата екеуіміз тұрамыз.Аяз ата сендерге сәлем айтты. Кешікпей өзіде келіп қалар. Кәне балалар ол келгенше ән салып, жұмбақ шешейік.
Ән: «Қыс»
11-бала. жасыл желек жамылған.
Асыл моншақ тағынған.
Міне, сұлу шыршамыз.
12-бала. Тамаша, тамаша,
Шыршмаыз тұр жараса.
13-бала. Басымда әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
14-бала. Кел бейлейік сенімен,
Демін тартып жеңінен.
Еріп кетпе ақшақар,
Адамдардың демінен.
Ақшақарш: рахмет балалар, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Енді мен сендерге жұмдақ жасырайын сендер шешуін айтыңыздар.
Жасыл ине киімім.
Жайлаймын тау биігін
Жаңа жылды тойлаймыз,
Төріндемін үйіңнің.
(шырша)
Жаздай тығылады,
Қыстай зымырайды
(шана)
Қыста ғана болады, ұстасан қолың тонады (қар)
Рахмет, балалар,сендер менің жұмбағымды дұрыс шештіндер. Атамыз кешігіп жатыр, атамызды шақырайық.
Барлық бала: Армысыз аяз ата ақ сақалды.-2 рет.
Мұз айналады: Аяз ата үш пар ат жеккен шанамен келеді. (шыршаны айналып шығады)
Аяз ата: амансыңдар ма халқым! Жаңа жыл құтты болсын! Ой айналайындар қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер, шыршалары қандай әдемі?
Жүргізуші: Аяз ата «Болашақ» балабақша бүлдіршіндері сіздерге арнап «Қош келдің, жаңа жыл» атты ертеңгілігі болып жатыр. Келген қонақтармен бірге тамашалап демалыңыз.
Аяз ата: - бәркелді, жарайсыңдар, өрендерім олай болса тамашалайық.
Би:
Көңілді қыс тақпақ бір топ бала.
15- бала. Бір топ бала сырғанап,
Би-билейік зырлайық,
Қалда артта қар алып,
Іздерінен қар ұшып.
16-бала. Қырау атып жағаға,
Аяз беттен өтеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
17-бала. Міне тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан
18-бала. Жаңа желмен, жаңа жыл
Құттықтаймыз әрине,
Әкемезді, анамызды,
Қонақтардың бәрінде.
Ән: Аяз ата
Тақпақ:
19-бала. Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

20- бала. Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.

21-бала. Бізді байтақ далада,
Асқар тауда, қалада.
Биыл ғажап іс болды.
Таң ғажайып қыс болды.
Желтоқсан, қаңтар,ақпанда.

22-бала. Оралама ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге ойыншық берсе екен.

Көрініс: «Қонжықтың үйі»
Жүргізуші: Орамнда бір қонжық өмір сүреді, ол өте мейірімді екен. Ешкімнің көңілін қалдырмапты. Жидек теріп өмір сүріпті, бірде қонжыққа қу түлкі келіп жолығыпты.
Түлкі: Қонжық, саған жаным ашиды, үнемі далада түнейсін. Баратын баспанан жоқ. Менің ағаштан соғылған үйім бар еді, сатып ал, - деп ұсыныс жасайды.
Жүргізуші: Қонжық түлкінің үйін барып көреді. Алды-артын қарап шығады. Ішіне кірген соң
Қонжық: шатыры жоқ қой
Жүргізуші: дейді.
Түлкі: Саған шатырдың не керегі бар? Қайта төбеңнің ашық болғаны жақсы ғой. Ұйықтар алдын түнгі аспанға қарап жұлдыздарды тамашалайсын емес пе?
Жүргізуші: дейді қуланып кетіп бара жатып. Қонжық келіп, жаз бойы терген жеміс-жидегін, азығын түлкіге беріп, шатырсыз үйді сатып алады. Түлкі кетіп бара жатып қуланады.
Түлкі: мен түлкімін, түлкімін
Қайда жүрсем күлкімін.
Алдап соғып қулықпен,
Мың қулықпен таранған
Қане маған қараңдар.
Қонжыққа үй ұнайды. Бірақ бір күні дауыл тұрып, жаңбыр жауады, ұйықтап жатқан қонжықтың мазасын алады. Қу түлкіге алдаңғанын сонда біледі: не істеу керек? Қонжықты орман тұрғындары жақсы көретін.
Достары: сондықтан оған көмекке қоян, тиін келеді.Олар жабылып үйдің шатырын жабады. Ескі терезелерін сырлап үйді жаңғыртып береді, жаңа үй әдемі болып шығады.
Қонжық: Достарына ризалығын білдіріп «рахмет» айтады. Достарын сыйлап би-билеп, ән айтады. Әр қайсысының жүрісін салады.
Тиін: Достарым жаңа жыл құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын, нұрлы күні астында жайнап жүре берейік. (Тиін бұлғандап тұрып айтады)
Кірпі: Қуана шығып өз тілегін айтады. Жаңа жылымыз құт береке әкелсін, олай болса жыл ақ пейілмен, ақ тілекпен келсін!
Қонжық: Келген жылан жылы ырыс мерекесімен, құт берекесімен келсін елімізге! Баршаңа күш-қуат тілеймін. Достарым сендерге мың алғыс жаңа жыл қарсаңында менің үйімді жаңалап, қуанышқа бөледіңдер.
Би:
23-бала. Оралды өлекеме,
Жаңа жыл армысың!
Оралды ақ көрпе,
Асқартау, қарлы шың
24- бала. Әлде қарлы боранда,
Тау басынан түстіме,
Аяз ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
25- бала. Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да,
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
26- бала. Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген,
Қандай жақсы шыршамыз,
Би билейміз баршамыз.
Жүргізуші: Аяз ата бізге әкелген сыйлықтарыңыз қайда?
Аяз ата: мына сыйқырлы таяғым сыйлықты тауып береді. (төбеде ілулі тұрған шарды жарып жібереді. Сол кезде сыйлық пайда болады). Бәрекелді, міне біздің сыйлықтар. Ал енді балалар, тағыда біз барар бала-бақшалар көп еді. Сау болыңыздар.
Ақша қара: Келесі кездескенше.
Балалар: Сау болыңыздар.
Жүргізуші: Енді кезек ата-аналарға сөз берейік.
Жүргізуші: Көрініске қатысқан ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп сөз сөйлейді. Қымбатты ата-аналар, бүгінгі мерекеде өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Көрініске қатысып, балаларыңыздың көңіл күйлерін көтердіңіздер. Өте тамаша болды. Көп – көп рахмет! Келген жыл сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбекте жемісті болуларыңызға тілектеспіз.
Бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған «Болашақ» бақшасының ертеңгілігі аяқталды.

5-бала: тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

6-бала: мұздан моншақ тағынып,
Күміс моншақ жамылып.
Ортада тұр ақша қар,
Көппен күтіп сағынып.

7 бала: өлеңде әзір, әнде әзір,
Ойында әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл, біздерге,
Кел,жаңа жыл, жаңа жыл.

8-бала: әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.

18-бала. Жаңа желмен, жаңа жыл
Құттықтаймыз әрине,
Әкемезді, анамызды,
Қонақтардың бәрінде

Талдысай мектеп – балабақшасы



ертеңгілік

2012 – 2013 оқу жылы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қош келдің, Жаңа жыл! «ертеңгілігі» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 424 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar