Меню
Назад » » »
Ұрпақтар сабақтастығы
загрузка...

загрузка...
Қостанай облысы, Амангелді ауданы
Б. Қолдасбаев атындағы орта мектебінің аға тәлімгері
Ақышова Ақтоты Ауданбекқызы

«Ұрпақтар сабақтастығы»
Амангелді ауданының 88 жылдығына орай, аудан тарихына шолу және көрнекті тұлға Бірмағамбет Қолдасбаевтің ұрпақтарымен кездесу кеші/

Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, тарихатғы баға жетпес орнын паш ету; ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету;
Барысы: слайд жүріп отырады, шар гүлдермен безендіірілген.

«Қара шаңырақ» - ой толғау
Қара шаңырақ-ұрпақтар өрбіген қуатты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де қара шаңырақ. Сондықтан қазақ баласы қара шаңырақ иесі-қазақ атасының үйінің ардақтайды, яғни, қазақ атасы көтерген қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.
Қашанда әке-шеше отырған үй аяулы, ардақты, ыстық. Ұрпақтар соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордаға керек-отауға да керек» деген аталар өсеті негізінде әр ұрпақ өзінің шаңырағын ата-салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. Өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенің жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан қара шаңырақ-қазақ арманының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.
Отбасы – кішкентай бір мемлекеттік ұя деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы жұртты жақындастырушы ұрпақпен ұрпақты табыстырушы. Ұрпақ аралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Ата-аналар мен балалардың, аға-інілермен әпке қарындастардың және туған туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамының ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіпдүниеге кеген сәтінен бастап, осында ер жетіп отбасының тәрбиесін алады. Шыныңда отбасы олда бір шағын мемлекет. Обасы ұрпақтар сабақтасығын жалғастырушы. Адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани адамгершілік бастауы. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегіде берік болады. Отбасында әуелі сезім мен сенім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болмасын өмірің асщысы мен тұщыссын, суығымен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, бақытқа жете алады.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Ұрпақтар сабақтастығы» кешіне қош келдіңіздер!
Отбасы-шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершілік ордасы. Адам баласының өмірге келгенен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
Шариғатта: «Балалар-ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы болары болып табылады. Қазақ ұғымы бойынша үйлерінің төбесенінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде түннің аспанынантөріндегі самғаған қалың жұлдыз жымындай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен орда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудың белгісі деп біледі. Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын қара шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады. Шаңыраққа ие болудың өз-шексіз абырой, адамның нысаны.
Слайд: «Бақытты жанұя»
Қонақтарды ортаға шақырады. /мектептің бүгінгі тынысы туралы әңгімелесу/
Арнау Айтбаев Еркінғазы
Сұрақтар көші
Аға буын: / немерелеріне/
1. Ұстаздық өмірге қалай келіңіз?
2. Немерелеріңіздің оқитын газет-журнал, кітапын атап-бересіз бе?
3. Немереңіз қанша өлшемді аяқ киім киеді?
4. Тұңғыш балаңыз мектеп қабырғасын қашан аттады?
5. Балаларыңыздың туған күндері?
6. Ұстаз бақытын қалай түсінесіз?
Орта буын /шөберелеріне/
1. Отбасының басшысы кім?
2. Директордың неше орынбасары бар?
3. Балаларыңыздың парталас көршісі кім?
4. Топ тәрбиешісінің аты-жөні?
5. Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?
Кіші буын /шөпшектеріне/
1. Директордың толық аты-жөні?
2. Мектеп кімнің есіміен аталады?
Ән
Өнер сайысы /жеребе/
Қорытындылау /естелік фото суретке түсіру /

Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп



Дайындаған: «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы

2015-2016 оқу жылы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұрпақтар сабақтастығы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 365 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar