Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыз аруы - 2015 -

Қыз аруы - 2015

Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1670 | Размер: | Автор: гость
. «Қыз аруы - 2015» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін орны: Жиын залы
Уақыты:06.03.2015 жыл, 1330
Мақсаты: Оқушылар арасында қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, «қызға қырық үйден тыйым»,-демекші қыз баланың инабаттылығын, парасаттылығын осы байқау арқылы көрсету. Ата-баба дәстүрін насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу. Ұлттың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендеріміздің бойынан табу, эстетикалық тәрбие беру арқылы көпұлтты еліміздің татулығы мен туысқандығын, тілі мен мәдениетін, дүниетанымын құрметтеуге шақыру, Отансүйгіштікке баулу.

Байқауды бағалау: Байқауды ұпай түрлерінің 10 ұпайлық жүйесімен сәйкестендіріп, тәуелсіз қазылар бағалайды.

Талаптары: (өзін-өзі таныстыруы, әуен міндетті түрде МD дискіде болуы керек).

Сайыстың сындары:
1. «Мен қазақтың қызымын» (өзін-өзі таныстыру) 2 минут.
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету: ән, би т.б) 3 минут.
3. «Білімді мыңды жығар» интеллектуалды сайыс. (Қазақстан тарихы, салт-дәстүр, мақал-мәтел) 1,5 минут.
4. Кез келген ерекше бейне көрсетілімі (киім таңдау еркін тақырыпта,
1 минут). Әдемі гүл шоғы. (Букет)
5. Қызықты қолөнер. (қолөнерлерін дайындап әкеліп, оны қорғау)
3 минут.
6. Пневматикалық винтовкадан оқ ату.

Марапаттау: сайысқа қатысушылар наминациялар, дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталады.
Комиссия мүшелері:
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Турсумбаева Шынар Ахатқызы
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы
3. Технология пәнінің мұғалімі Жырғаланова Жанат Аринқызы
4. Психолог Ұлықпанова Ақмарал Нұрланқызы

«Қыз аруы - 2015» байқауының сценариі
Мақсаты: Оқушылар арасында қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, «қызға қырық үйден тыйым»,-демекші қыз баланың инабаттылығын, парасаттылығын осы байқау арқылы көрсету. Ата-баба дәстүрін насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу. Ұлттың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендеріміздің бойынан табу, эстетикалық тәрбие беру арқылы көпұлтты еліміздің татулығы мен туысқандығын, тілі мен мәдениетін, дүниетанымын құрметтеуге шақыру, Отансүйгіштікке баулу.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және әділ-қазылар!
Қызғалдақты құшақтап қырлар күліп,
Аспан жердің сусынын тұр қандырып.
Қайтқан құстың ілесіп қанатына,
Көктем келді дүниені нұрландырып,- деп жер дүниенің жаңарар шағы, көктемнің алғашқы айы күллі аналар мерекесі екені мәлім. Осыған орай, ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Қыз аруы - 2015» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші.
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1-нөмірлі 10 «А» сынып оқушысы Ануарбекова Меруерт
2-нөмірлі 10 «Ә» сынып оқушысы Тұрғанбекова Асель
3-нөмірлі 10 «Б» сынып оқушысы Қажыбаева Аружан
4-нөмірлі 10 «В» сынып оқушысы Маратова Алуа
5-нөмірлі 11 «А» сынып оқушысы Қали Айдана
6-нөмірлі 11 «Ә» сынып оқушысы Жалбағаева Диана
7-нөмірлі 11 «Б» сынып оқушысы Баякенова Баян

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Турсумбаева Шынар Ахатқызы
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы
3. Еңбек пәнінің мұғалімі Жырғаланова Жанат Ариновна
4. Психолог Ұлықпанова Ақмарал Нұрланқызы
Жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
І кезең: Өзін-өзі таныстыру
ІІ кезең: Өз өнерін көрсету
ІІІ кезең: Интеллектуалды сайыс
ІV кезең: Бейне көрсетілімі (дефиле)
V кезең: Қызықты қолөнер
VI кезең: Мылтық ату сайысы. Бұл сайыстың қорытындысы әділқазылар алқасының алдында тұр.
Жүргізуші:
І кезең: Таныстыру.
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді – дей келе,
1-нөмірлі 10 «А» сынып оқушысы Ануарбекова Меруертті қарсы алыңыздар
2-нөмірлі 10 «Ә» сынып оқушысы Тұрғанбекова Асель
3-нөмірлі 10 «Б» сынып оқушысы Қажыбаева Аружан
4-нөмірлі 10 «В» сынып оқушысы Маратова Алуа
5-нөмірлі 11 «А» сынып оқушысы Қали Айдана
6-нөмірлі 11 «Ә» сынып оқушысы Жалбағаева Диана
7-нөмірлі 11 «Б» сынып оқушысы Баякенова Баян
Жүргізуші: келесі кезеңге аруларымыз дайын болғанша, мектебіміздің «Балауса бишілер» тобының орындауында «Қазақ биі» қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
ІІ кезең Өнер сайысы. «Өнерлі өрге жүзер»
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші:
ІІІ кезең интеллектуалды сайыс.
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
(сұрақтарға жауап)
Жүргізуші: келесі тамашалайтындарыңыз гимназиямыздың 1 –сынып оқушысы, әнші қызымыз Мақсат Мединаның орындауында «Аналардың тілегі » қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
ІV кезең: Бейне көрсетілімі (Дефиле)
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік
Жүргізуші:
V кезең: Қызықты қолөнер.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын келесі сайысымыз қолөнер сайысы.
Жүргізуші:
VI кезең: Мылтық ату.
Жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше 1 «А» сынып оқушысы Ардақов Алимжан орындауында « Анашым » әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Енді сөз кезегін төрешілерімізге берейік. (Ұпайларын қорытқанда, қыздардың киімдерін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын бәрін де есептеген жөн).
Әділ қазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Қыз аруы-2015, І орын, ІІ орын, ІІІ орын сымбатты ару, инабатты ару, өнерлі ару) деп жүлде тағайындайды.
Жүргізуші: «Қыз – ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда
Баршаңызды алда келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.