Меню
Назад » » »
ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА
загрузка...

загрузка...
ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА
Сыныптан тыс жұмыс
Мақсаты: математиканың жан жақты екендігін көрсету. Әртүрлі ойлау, ойнау әдістерін қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын ояту болып табылады.
Сайыстың көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер.
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов).
«Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус).
«Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская).
«Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С.Ков).
Сайыстың барысы:
Студенттерге қызықты болу үшін жарыс түрінде өткіземіз. Студенттер екі топқа бөлініп жарысады.
Жоспары :
 Таныстыру
 Иә немесе жоқ
 Бәйге
 Ширату
 Дода
 Тапқырлық
 Жаңылмас-жеңімпаз
Бірінші кезең: Таныстыру бағасы 10 ұпай
«Алғырлар тобы»:

Шақырып жарыстарды сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы зер салады !
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады !

Тапқырлар биіктерде қалықтасын !
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

«Тапқырлар тобы»:

Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?
Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де !

Құрметпен алғырларда ой – саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.

Екінші кезең студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.Берілген сұрақтарға « иә» немесе « жоқ» деп тез әрі дұрыс жауап берулері керек.
1) Ең алғаш әйел математик С. Ковалевская (иә)
2) 4-ке қарама-қарсы сан 4 (жоқ)
3) Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш үшбұрыш (жоқ)
4) Квадраттық функцияның графигі парабола (иә)
5) Тікбұрышты үшбұрышта үшбұрышта хорда болады (жоқ)
6) Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады? (иә)
7) √144 тең 12 (иә)
8) Табиғи жарық көзі тоқ (жоқ)
9) 0-ден кіші сандар оң сандар (жоқ)
10) Геометрия сөзі грекшеден аударғанда жер өлшеу деген ұғымды білдіреді (иә)
11) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем аксиома (иә)
12) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 60 (жоқ)
13) 1барлық санға қалдықсыз бөлінеді (иә)
14) 1 мин-та 60 секунд бар (иә)
15) Қиылыспайтын түзулер параллель(иә)
16) Төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең (жок)
17) √625 тең 24 (жок)
18) Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым аксиома (жоқ)
19) Жасанды жарық көзі от, сіріңке, шам, шырақтар т.б. (иә)
20) Бұрышты өлшейтін құрал градусник (жоқ)

Үшінші кезең: Бәйге деп аталады.Сұрақтар тест ретінде беріледі.Кестені тек дұрыс жауаптармен толтырулары керек.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
ә А А А Ә Ә Ә А Б Ә А А Ә Ә А А

Төртінші кезең: Ширату. Сайыскерлеріміз анаграмма шешеді.

д и а м е т р
п а й ы з
т е т р а э д р
ш е ң б е р
м е т р
х о р д а
т а қ
т а б и ғ и
а к с и о м а
р а д и у с

1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.
2. Санның 100 ден 1 бөлігі.
3.Барлық қырлары тең шүбұрышты пирамида.
4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды .
5. Ұзындық өлшемі.
6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.
7. 2 бөлінбейтін сандар.
8. Натурал санның мағанасы.
9. Дәлелденбейтін ұғым.
10. шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.

ж а й
п а р а л л е л ь
п е р и м е т р
П и ф а г о р
д и а м е т р
п е р п е н д и к у л я р
т а қ
ш и р е к
к е с і н д і
ж а з ы ң қ ы

1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар.
2.Қиылыспайтын түзу.
3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы.
4. Ғұлама ғалым.
5. Ең үлкен хорда.
6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.
7.2 бөлінбейтін сан.
8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.
9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
10. 180о-тең бұрыш.
Бесінші кезең : «Дода».Төрт тақырып пен 20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар беріледі. Топ мүшелері кезек кезек таңдап жауап береді.

Алтыншы кезең: «Тапқырлар»
Топтарға ортақ сұрақ.Қол көтеріп жауап береді.
1.Бір топ үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің артында, үшеуі тізбектесіп қатар ұшқан? Қанша үйрек келеді? (Үш)

2 Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)

3.Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
4. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта неше кг картоп болуы тиіс? (48 және 52 кг)

5. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды? Немересі нешеге толды? (немересі 5 жаста, әжесі 60 жаста)

6. Данияр бір сан ойлады. Егер ол санды 30 есе көбейтсе 2700ге тең болады. Данияр қандай сан ойлады? (90)

Жетінші кезең : «Жаңылмас жеңімпаз» деп аталады.Топтар 15-ке дейiн санаулары керек. Санау ережесі қазақша, орысша кезек кезек.Мысалы: бір, два, үш, четыре...
Қорытынды. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: гость
Көрсетілім: 373 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar