Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Айналайын, ақ анам! -

Айналайын, ақ анам!

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2088 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Айналайын, ақ анам! Мақсаты:1.Жанұядағы анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. 2. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: « Көктем-ана, қыздар-гүл» қабырға газеті,нақыл сөздер, балалардың шығармашылық жұмыстары. Сынып шарлармен,гүлдермен безендіріледі. Сабақтың барысы. І Ұйымдастыру бөлімі. ІІ Кіріспе сөз. Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі мерекелік тәрбие сағатымыз «Айналайын,ақ анам» депаталады. Ана,ана,ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да күннің нұрынан,ананың сүтінен таралған. Балалар,өмірде ең жақын кім? (Ана) Ананың баласы үшін қай жері ауырады? (жүрегі) Ана мерекесінде нағыз анаға деген сыйлық не деп уәде бересіздер? Хор: Біз тәртіпті,білімді,еңбекқор боламыз! Ана кім? деген сұраққа жауап беру арқылы сызба құрастырылады Ақылшы дос өмір сыйлаушы Ана қамқоршы пана ұстазАнаның тілі,ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? -Неге теңізге теңейді? (өйткені теңіз терең, сол сияқты ананың да тілі, тілегі махаббаты шексіз терең! - Осы жолдағы ананың тілі ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінеміз? Баласын жақсы көру. Ананың махаббаты Ерекше нәзік сезімі Балаға жүрек жылуы Баласын жақсы көру Ананың тілі Еркелете сөйлеуі Баласын жақсы көруі Мейірге толы сөз Жылап уанбай,шырылдағанда кімді іздейсің? (ана) -Дүниеде не қымбат? (ана) –Ана неден қымбат? (бәрінен) –Анаға деген махаббат қай күнінен басталады? (құнтақта жатқан кезде) –Анаға деген сөздің өзі ыстық дейді.Себебі ана деген бойға жылу раратады. Сондықтан да ыстық. Сол себепті де «Ана дегенде толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!» дейді. Толқымайтын жүрек. -Адам жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда,шаттанғанда) Толқымайтын жүрек Ана деген ыстық сөз Ол бойға жылу таратады Жылуды жүрек сезеді Толқу пайда болады. «Тасымайтын қан» тіркесті тура мағынада алып қарамауымыз керек. Шын мәнінде қан тасымайды. Не тасиды? (су тасиды) Ол неге тасиды? (Суы көбейген соң көптігінен тасиды)
Молшылық Күштілік Тасу
Сол себепті адам бойында анасына деген махаббаттың молшылығынан, күштілігінен «қан тасиды» екен. Жүрек толқығанда, қан тасығанда адамның ішкі жан дүниесін шаттық сезім пайда болады.
Жүрек толқуы Қанның тасуы Шаттық сезім
Үш тіркестің берер мағынасы біреу. Яғни баланың анаға деген шексіз махаббаты.
1.Әлпештеген, аялаған Ақ сүт берген апатайым, Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын. 2. Кім сендерді,балалар, сүйетұғын. Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. 3.Кім сендерді, балалар тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдетемін 4. Бойға қуат береді Әй жарайсың дегені Мен анамнан әр кезде Соны естігім келеді. 5.Сабағымнан қалмайтын, Бес аламын бәрінен. Озат оқып әрдайым, Қуантамын анамды. 6.Ойнаймыз ,күлеміз Жарқылдап жүреміз Ананы сыйлаймыз Айтқанын тыңдаймыз. 7.Қамқорсың ана өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгіңде. 8. Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам, Анашымды күнге ғана балсам Жер бетінде ең жақыным өзіңсің, Мәпелейсің,аялайсың әрқашан.
Көрініс: «Жылдың төрт мезгілі» Жыл ақсақалы:Балаларым қайдасыңдар? Бері келіңдер. Көктем,Жаз: Немене,әке? Қыс: Не болып қалды,әке? Күз: Қап,ойын жаңа қызып келе жатыр еді. Жыл: Ойын, ойын. Өмірді ойынмен өткізбекшісіңдер ме? Енді міне, құдайға шүкір, ержеттіңдер. Адамдарға қызмет ететін уақыттарың келді. Бүгіннен бастап іске кірісетін боласыңдар. Көктем (күлімдеп) Қалай,әке? Жаз (жадырап):Жөн сілтеп жіберіңіз,адамдарға қызмет етуден аянбаймыз. Қыс:Бәрібір адамдар мені жақтырмайды,мінезім қатал,суықпын. Күз: Мен де солай жадырап жүре алмаймын. Көңілшекпін.Қит етсе көзімде мөлдіреп жас тұрады. Жылауықты кім жақсы көрсін? Жыл: Мінезде тұрған ештеңе жоқ. Өмірге келген соң қоғамға пайдалы іспен шұғылдануға тиіссіңдер. Тірілік заңы солай (жыл ақсақалы балларына парақтар ұсынады. Балалар оқиды.) Көктем: Наурыз,көкек,мамыр Жаз: Маусым, шілде тамыз Күз: Қыркүйек, қазан,қараша Қыс: Желтоқсан, қаңтар,ақпан Жыл: Міне, менің сендерге берген еншім осы. Разы болыңдар. Адамдарға кезекпен қызмет ететін боласыңдар. Оларды ренжітпеңдер. Қыс: Ешқашанда Күз: Ренжітпейміз.Көктем: Қуаныш сыйлаймыз. Жаз: Айтқаныңыз орындалады. Мақалдар 1.Ана адында –құрмет. Ата алдында-қызмет. 2.Ақ жаулығы ананың-ақ көрпесі баланың. 3. Ана алақанының аясы-ақ шынардың саясы. 4.Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа. 5.Бала-ананың бауыр еті, көз нұры. 6.Ақ ағайын-алтау Ана-біреу. 7.Ана сүтін ақтамағанды Ешкім мақтамайды. 8. Балапанды торғайлар, Өрт болмасын тілейді, Балаларға аналар, Дерт қонбасын тілейді.
АНА ТУРЛЫ СЫР.
МЕРЕКЕЛІК ӘН ШАШУ.
Аспанымыз ашық болсын!
Аналарымыз аман болсын !
Қазақ елінде,жерінде соғыс болмасын!
Бейбітшілік,достық жасасын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.