Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Астана-Қазақстанның жаңа астанасы. -

Астана-Қазақстанның жаңа астанасы.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1594 | Размер: | Автор: Тәрбие
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Златогорская орта мектебінің
тарих және география пәнінің
мұғалімі Рай Майгүл

Сабақтың тақырыбы: Астана-Қазақстанның жаңа астанасы
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың мақсаты: Қазіргі елорда Астана қаласының тарихы туралы білім алады. Қазақ астаналарының ауысуы жайында, бүгінгі Қазақстанның даму барысы жайында түсінік алады.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, маркер, бағалау парағы, кеспе қағаздар.
Күтілетін нәтиже: Астана қаласының тарихы туралы біледі. Қазақ астаналарының ауысуы сипаттай алады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Уақыт
Әдіс- тәсілі Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушыныің іс -әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі 3 минут Маймыл ойыны. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал тудыру.

Астана қаласының картасын қию арқылы топқа бөлу. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

Картаны құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырма-сын тексеру. 5 минут

«Аквариум»
Диалог
Үй тапсырмасын пысықтауда «Аквариум» әдісі арқылы тексеріледі. Бірінші топ жауап береді. Екінші,үшінші топтар сұрақ қояды.Төртінші топ бақылайды.Орындары ауысады. «Бағдаршам»



Мағынаны ажырату: 20 минут Елшілер
Астана-Қазақстанның жаңа астанасы тақырыбына «Елшілер» әдісін қолдану арқылы сабақты аша түсеміз. Әр топтан бір оқушы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Топпен бағалау
Ой -толғаныс 5 минут Сұрақ-жауап «Иә» немесе «Жоқ»
Кеспе қағаздар беру. БҰҰ-ға кіретін мемлекеттің арасында Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орын алады
Қазақстанның жер көлемі 2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым
Қазақстан Азия аумағының 6,1 %-ына тең келетін мемлекет
Қазақстан халқының саны жөнінен әлемде 71-ші орында тұр
Қазақстанда 84 қала, 200 кент бар
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады
Бүкіл әлемдегі қазақтардың саны 12 млн.-ды құрайды
Түркі тілдес халықтардың расында қазақтар саны жағынан төртінші орында
Шетелде тұратын қандастарымыздың саны 5,5 млн. адамды құрайды
Қазақстан әлемнің 145 мемлекетімен сауда-саттық жүргізеді
Қазақстан минералдық қоры жағынан әлемде 6-шы орында тұр
Бармақ пен бағалау.

Қорытындылау. 5 минут Мнемоника Мнемоника әдісі. Оқулықтан бір рет қарап шығуды ұсынамын. Оқулықты жауып кезекпен бүгінгі сабақтағы даталар мен жаңа сөздерді толық анықтама беріп айтады. Өзін-өзі бағалау
Үй тапсырмасы: 2 минут АКТ Хронологиялық кесте.
Тарихи уақыт Тарихи оқиға
1920-1924 жылдар
1924-1928 жылдар
1928-1998 жылдар
1998жылдан бастап

Рефлексия: 5 минут
Инсерт әдісі яғни түртіп алу.
“V”
Білемін “+”
Жаңа мәлімет “-”
Білмей-мін “?”
Сұрақ туды

Оқушылар кестені толтырады. Жиынтық баға

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздер.
Сынып: 5 «А»
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толық түсінік алады. Рәміздердің элементтерінің ерекшеліктерін ажырата біледі. Оқушылар рәміздерді құрметтеуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толық білді.
- Рәміздердің элементтерін ажырата білді.
- Оқушылар рәміздерді құрметтеуді үйренді
- Рәміздердің ерекшеліктерін ажырата біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, флипчарт, фломастер, желім, суреттер, қима қағаз, маркер, қарындаш,өшіргіш, слайд, кесте, бағалау парағы.

Блум
таксономиясы
Сабақ-тың барысы Уақыт Оқып үйренудің мақсаты Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс -әрекеті Бағалау
Ұйымдас-тыру кезеңі 3мин Оқушылардың топта сабаққа белсенді қатысып, ой- өрістерін дамытып, тақырыпқа қызығушылықтарын арттыру.
- Оқушыларды түгендеп, амандасамын. Сабаққа дайындығын тексеремін.
Сергіту сәті
«Қара жорға» биі.

Топқа бөлу:
-Топқа гүл және жемістердің суретімен жасалынған қағаздарды беру арқылы екі топқа бөлемін. - Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
Презентациядан қарап тұрып, іс-қимылын қайталайды.

Екі топ болып оқушылар ұйымдасады, топ ережесін оқиды.
(Гүл және жемістердің суреттері арқылы топқа бөлінеді.) Бағалау парағы, бағалау критерий-лерін таныстыру.

Білу Үй жұмы-сын тексеру 3 мин Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау деңгейін тексеру. «Миға шабуыл». АКТ
1. КСРО қашан өмір сүруін тоқтатты?
2. Н. Ә. Назарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?
4. Қазіргі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды?
5. Жетпіс жыл бойы өмір сүрген КСРО неліктен ыдырады деп ойлайсың? Оқушылар сұраққа қол көтеру арқылы жауап береді.
смайлик,




Білу Жаңа материал игеру 5мин ҚР мемлекеттік рәміздермен таныстыру.

«Қар көшкіні ойыны»
Флипчартта суреттер көресете отырып тақырыпты ашуға суреттер беріледі. Флипчартта суреттер көре отырып тақырыпты ашады.
Бармақ пен бағалау.

Түсіну 12 минут Тақырыптың маңызын ашу, түсіну, оны басқа топтарға түсіндіру. Мемлекеттік рәміздерге постер жасату.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасау арқылы постер салады және өз жұмыстарын жинақтап қорғайды. Оқушылардың жеке пікірлері.
Бағдаршам
Қызыл, сары
жасыл




Қолдану 5минут Материалды есте сақтау , жүзеге асыру, фактілер мен теорияларды, ережелер мен принциптерді біледі. Кестені толтыру. (кеспе қағаздар тарату). Рәміздер Автор-лары Рәміздегі бейнелер
Мемлекеттік Елтаңба

Мемлекеттік Ту

Мемлекеттік Әнұран
Өзін-өзі бағалау
Талдау 4 минут Геральдика мен виксикология сөздерін ажырата алады. Термин сөздер. АКТ.

І топ -
ІІ топ -
Айырмашылығын ажыратады.
Ұқсастығын дәлелдейді . Өзара бағалау.
Жинақтау Қорытынды. 8 минут Оқушыларға алған білімдерін қорытындылап, сабақтын нәтижесін шығару «Ыстық орындық» әдісі
Сұрақтар:
1. Қазақтардың ертедегі туында неге қасқырдың басы бейнеленген?
2. ҚР Мемлекеттік Туының түсі неге көк?
3. ҚР Мемлекеттік Туында неге күн мен бүркіт бейнеленген?
4. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында неге шаңырақ бейнеленген? Оқушылар ыстық орындыққа отыру арқылы сабақты жинақтап, қорытындылайды. Бармақ пен бағалау.


Бағалау 5 минут Құндылықтарды анықтау Оқушылармен бірігіп жиынтық баға қою. Топ басшысы формативті бағаны айта отырып мұғаліммен бірге жиынтық баға шығару. Екі жұлдыз, бір тілек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.