Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмір. -

Қазақстанның XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмір.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2239 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы. Жезқазған кенті
«№ 2 орта мектебі» КММ
Тарих пәнінің мұғалімі Асанова Ж. О.

Сыныбы: 8 сынып
Тақырыбы: Қазақстанның XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмір.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстанның XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі және музыка өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Оқушылардың қанша деңгейде меңгергендерін, алған білімін қортындылау.
2. XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі және ұлы ақын, жазушы, зерттеуші ғалымдар жайлы талдау, анықтау арқылы білім-біліктілік арттыру, өздігімен іздену дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстырмалы.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызба, суреттер, үлестірмелі материал, қосымша әдебиеттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезені.
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа керекті оқу құралдарын түгелдетіп зейіндерін сабаққа аудару. Оқушыларды екі топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

1 тапсырма: Жедел сұрақтар.

1. Қазақ балаларын медреседе оқыту қалай жүргізілді?
2. Ғылым мен білім туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
3. Ы. Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?
4. Қазақ жеріне қоныстанған қандай орыс ғалымдарын білесіңдер?
5. Т. Г. Шевченконың еңбектерін ата.

2 тапсырма: Терминалогиялық диктант.
Берілген терминдердің мағынасын жазу.
I топ.
1. Кредо-
2. Қолөнер-
3. Ориенталистер-
4. Жер аудару-
5. Адъютант-
6. Декабристер-
7. Кадет корпусы-
8. Патриот-
II топ.
1. Айтыс-
2. Екінші ат-
3. Вакуф
4. Миссонерлер-
5. Мүфти-
6. Стан-
7. рекрут-
8. Шын ниетімен берілген-

3 тапсырма: «Әңгіме кім жайында»
Мәтінде қандай ғалым жайлы айтылған.
I топ.
1) Ол қазіргі Шығыс Қазақстан обылының Абай ауданындағы Шығыс тауында дүниеге келген. Оның шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Ол жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Ол көптеген орыс жазушыларды еңбектерін аударған. Оның өлеңдері: «Жаз», «Ескендір», «Қара сөздер».
2) Ол Украинаның ұлы ақыны әрі суретшісі. 1847-1857 жылға дейін Қазақстанның Кіші жүз аумағында айдауда болды. Украинаның ұлы ақыны, талантты суретшісі Қазақстанның көптеген табиғатын суреттеген
II топ.
1) Бұл ғалым 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Ол өте құрметті отбасына жатады. Ол жас кезінен бастап білімге өте құмар болған. Мектеп кезінен бастап ол араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Оның еңбектері: «Манас», «Қырдағы мұсылманшылар туралы», «Қырғыздың көші-коны туралы», «Ыстықкөл күнделіктері» жазып шығарды.
2) Бұл халық арасындағы кеңнен белгілі, аса көрнекті компазиторлардың бірі. Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Кіші жүздің ханы шығайдың отбасында дүниеге келіп, ер жетті. Оның еңбектері «Жігер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен таралды.

4 тапсырма: Кесте толтыру
I топ.

Ыбырай Алтынсарин Жазушының туылған жылы, жері. Ағартушының педагогикалық қызметі Қоғамдық саяси қызметі.



II топ.

Шоқан Уәлиханов Шоқанның жастық шағы Омбыда оқуда болған жылдары Көрнекті ғалымның ғылыми зерттеулері.


5 тапсырма: тест тапсырма.
I топ.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қай жылы аталып өтті?
а) 1994 ж.
ә) 1995 ж.
б) 1991 ж.
в) 1993 ж.
г) 1996 ж.
2. Қай жылы Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билік жойылды?
а) 1822-1824 жж.
ә) 1823-1825 жж.
б) 1821-1823 жж.
в) 1822-1825 жж.
г) 1823-1824 жж.
3. Қазақстандағы ең алғашқы әдістемелік мектеп қай қалада ашылды?
а) Өскемен
ә) Торғай
б) Түркістан
в) Қостанай
г) Ақтөбе
4. 1886 жылы мектеп-интернаттарда қанша қыз бала оқыды?
а) 220
ә) 311
б) 223
в) 211
г) 320
5. Ы. Алтинсарин кімнің әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударды?
а) А. Пушкин
ә) Т.Г. Шевченко
б) А. Н. Плещеев
в) В. И. Даль
г) Л.Н. Толстой
6. «Мұса Шорманұлы» жоқтау өлеңнің авторы.
а) Ы. Алтынсарин
ә) Ш. Уәлиханов
б) А. Құнанбаев
в) М. Ж. Көпейұлы
г) А, Сейітов

II топ.

1. Шоқанның анасының аты.
а) Нұржамал
ә) Зейнеткүл
б) Айғаным
в) Зейнеп
г) Баян
2. 1843-1913 жылдары өмір сүрген қазақ халқының атақты ақыны.
а) Жаяу Мұса
ә) Ақан сері
б) Біржан сал
в) Сүйінбай
г) Құрманғазы
3. Абайдың ізбасар шәкірттерінің бірі.
а) Оспан
ә) Омар
б) Асылбек
в) Шәкәрім
г) Дәулет
4. Қай жылы Дала қазақтарын христиандандыру едәуір қарқын алды?
а) 1881 ж.
ә) 1882 ж.
б) 1880 ж.
в) 1891 ж.
г) 1883 ж.
5. Шоқан Уәлиханов қай жылдары кадет корпусында оқыды?
а) 1847-1853 жж.
ә) 1845-1853 жж.
б) 1847-1854 жж.
в) 1846-1853 жж.
г) 1846-1854 жж.
6. Тәттімбет Қазанғапұлы қай жерде дүниеге келген?
а) Қарағанды
ә) Ұлытау
б) Қарқаралы
в) Арал
г) Сауатын ауыл

III. Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың берген жауаптарын бағалап, алған үпайларын есептеп, жеңген топты бағалау. Сонымен қатар оқушылардың тиісті бағаларын беріп қайталау сабағымызды аяқтау.

IV. Үйге тапсырма.
Қазақ халқымыздың көрнекті ақын, ғалым, жазушылары жайлы реферат жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.