Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
«IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті». -

«IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2174 | Размер: | Автор: Тәрбие
Орта ғасыр тарихы. 7 сынып. Тақырыбы: «IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті»
Мұғалім: Масалимова Нургиза Ешенгазиновна
Семей қаласы . М.М. «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»
Сабақтың тақырыбы: IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың мақсаты:

Білмдлік: Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым- білімнің дамуын қорытындылау.

Дамытушылық: Логикалық ойлауды, дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту, роль орындау арқылы белгілі мақсатқа жеткізу, ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Интерактивті қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: Жобалау. Баяндау, сұрақ- жауап, рольдік ойындар, талдау, жартылай іздену.

Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық слайдтар, қанатты сөздер жазылады, портреттер, карта, тірек кестелер, буклет «Ахмет Иасауй кесенесі», альбом «Отырар», сергіту сәтіне «Түркістан» әні, кітаптар т.б.

Дерек көзі:
1. Оқулық «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы»
2. «Қазақстан даласының жұлдыздары»
3. Ахмет Иасауй хикметтері
4. «Қазақстан тарихы» журналы

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, мақсаты мен жоспарын таныстыру.
2. Топқа бөлу, ат беру.
I топ «Түркістан»
II топ «Отырар»
IIIтоп «Баласағұн»
II. Тапсырмаларды орындау.
• Сұрақ бойынша тірек кесте сызу және оны талдау (әр топқа 5 мин)
1 сұрақ: Орта ғасыр қалалары санының өсуі, қала құрылысындағы өзгерістер.
2 сұрақ: Қолөнердің дамуы және оның салалары.
3 сұрақ: Дін және мәдениет.
• Жеке оқушыларға дидактикалық материал тарату (перфокарталар, тестілер)
III. Сергіту сәті. Р.Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» әніне 2 мин сергіту жаттығуын жасау.
IV. Үйге берілген топтық- шығармашылық тапсырмалар, «Ғұламалар және олардың еңбектері» немесе олар жайлы презентация, рольдік ойын, өлен оқу.
I топ «Түркістан»:
1. Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өклі, дуалы ақын- данышпан, кемеңгер ақын Ахмет Иасауйдың өміріне тоқталып, «хикметтерінің» жазылуын, мазмұның қысқаша талдап үзінді оқиды.
2. Ахмет Иасауй мен Арыстан баб арасындағы кездесуден үзінді рольдік ойын.
II топ «Отырар»:
1. Әбу Насыр әл- Фарабидің ғылым салаларына қосқан жаңалықтары мен үлесіне тоқталып, еңбектерін атау.
2. Халық аузында қалған «Өнерлі жігіт» аңыз- әнгімесінен үзінді.
III топ. «Баласағұн»: Жүсіп Баласағұнидың өміріне тоқталып, «Құтадғу білк» дастанын талдап, дастанның «Тіл», «Елші», «Әмірші» жайлы айтылатын тарауларынан үзінді келтіріп, тәрбиелік мәнін ашу.
V. Сабақты бекіту: оқушылар Блумның «мен жүйесімен» қорытындылайды.
Блумның «мен жүйесімен»

VI. Қорытындылау (әр топ өздері бағалайды)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.