Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Әке –асқар тау». -

«Әке –асқар тау».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4153 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Елеуова Жұлдыз Қылышпекқызы Астана қаласы
№31 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие сағаты: «Әке –асқар тау».

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекіліктер: мақал –мәтелдер,әкелерінің суреті бар плакат,ребус,шарлар.

Сабақ барысы: Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерге арналған «Әке-асқар тау» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Хор: «Ойлаймын әке өзіңді».

1-оқушы: Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап,көтеріп алатын.

2-оқушы: Сәулелі сөз сөне ме?
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім өнеге
Ақ тілеуі әкенің .

3-оқушы: Әр сөзінің ақырын
Жақсылыққа тірейді
Қадап айтып ақылын
Көпке бақыт тілейді

Көрініс: «Әке мен бала»

4-оқушы: Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мейрімі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.

5-оқушы: Аққудай ақ орманым
Ауырмашы әкешім
Ауруы көп-ау жалғанның
Қартайиашы әкешім

6-оқушы: Бойға қуат береді
Әй жарайсын дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соңы естігім келеді.

Ребус шешу: Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұртын
Айтады кәне кім атын?
( ата,ана,апа,аға,іні )


Ойын сәті: Ер балалар мен әкелері арқан тартысып,күш сынасады.

Кім тез? : Шарларға әкелерінің аттарын жазып жарысу.

Балалардан 7 атасын сұрау.
(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

Қорытынды: Бата беру (үлкен кісіден бата сұрау)
Сұрасан бата берейін
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін.
Дастархандарына береке берсін;
Бастарына мереке берсін.
Дендеріне саулық берсін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.