Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Киелі  шаңырақтың өшпес  естеліктері -

Киелі шаңырақтың өшпес естеліктері

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1660 | Размер: | Автор: гость
. Ашық тәрбие сабағы
Сыныбы:8 "ә"
Уақыты:950
Өтілетін орны: кабинет №20

Тақырыбы: "Киелі шаңырақтың өшпес естеліктері.":
Мақсаты: 1.Оқушыларды 75 жылдық тарихы бар киелі шаңырақ-Абай мектебінің өткен өмірімен таныстыру.
2.Оқушыларды мектеп тарихын өз бетінше ізденіп,зерттеп,талдауға үйрету.
3.Оқушыларды туған елін,алтын ұя мектебін қадірлеуге,сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,плакаттар,альбом,кітаптар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сабаққа дайындық.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар мен ұстаздар!Бүгінгі біздің " Киелі шаңырақтың өшпес естеліктері" атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Сабағымызды Қазақстан мемлекетінің әнұранымен бастайық.
2-жүргізуші:Міне ,бүгін Абай мектебінің 75 жылдық,Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойын тойлап отырмыз. Абай атамыздың 150 жасқа толған мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен болатын.Демек,Абай Құнанбаевты әлем мойындаған.
1-жүргізуші: Ия,дұрыс айтасын. Ал ,енді мектебіміздің ірге тасын қалаған кезден бастап,осы күнге дейінгі тарихымен таныс болайық.
2-жүргізуші: Сіздерді таныстыратын Серікбай Бексұлтан мен Пернехан Ақкенже.
Пернехан Ақкенже1924 жылыдары алғаш Ұялыжар ауылында мектеп құрылысын салдыруға күш салған Иманқұлов Әлібай 1924 жылы ауыр науқастан қайтыс болып, мектеп 1925 жылы бірінші қырқүйекте пайдалануға берілді. Сол кездегі партия мүшесі Полатбеков Ерсінбек мектеп құрылысын аяқтауға күш сала отырып мектепке Иманқұлов Әлібай аты берілді.

Мектептің алғашқы ұстазы - Бимұрзаев Шахмет болды.
Серікбай Бексұлтан Мектептің алғашқы шәкірттері: Ысқақов Сұлтан, Есмаханбнтов Аймбет, Құрымбаев Қойлан және т.б
Мектепті 1937-39 жылдары Қалменов Жамир басқарған.
1940 жылы бірінші қыркүйекте мектепке " Абай " - аты берілді. Мектеп " Абай " атындағы жеті жылдық мектепке айналды. Мектеп директоры Ысқақов Сұлтан болып 1942 жылдың аяғына дейін басқарды.
1940 - 41 оқу жылында " Абай " орталау жеті жылдық мектебінде мұғалім болып істегендер:
1. Тұрсынбеков Садық. 4. Айдағараев Сапар.
2. Битасов Әнуар. 5. Құлыншақов Орынбасар.
3. Ысқақов Сұлтан. 6. Ердесов Шіман.


1-жүргізуші: Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл ,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті ақын қара сөзін оқуға СҰЛТАН БЕКСҰЛТАН береміз
Абайдың 38 қара сөзі
Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып ядкар қалдырайын. Ықыласпенен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббатың төлеуі - махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздері барған болады - ешбір бәһра болмайды.

2-жүргізуші: Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті әннің әсері жан оятар
Жаңға шуақ,жүрекке шаттық сыйлап,
Жас балаша көңілді жадыратар
Осы мектептің тасын қалап,сабақ беріп және басқарған,бұл күнде арамыздан өткен ұстаздарға бас ие отырып, "Ұстазым менің,ұстазым" атты әнді тыңдауға шақырамыз.Орындайтын Ақкенже Пернехан.
1-жүргізуші: Абай не жазса да,не айтса да ең алдымен жүрегінің үніне құлақ түрген.Ол қанша жерден қайратты,ақылды болсаң да жүрегіңнің жетелеген жағымен жүр деген.Ал,енді Абайдың 17-ші қара сөзінен ұйымдастырылған көріністі көріңіздер
Қайрат,Ақыл,Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, Ғылымға жүгініпті.
Айзада-Қайрат айтыпты-"Ей,Ғылым, өзің білесің ғой,дүниеде еш нәрсе менсіз кәмлетке жетпейтұғынын әуелі өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмекте-менің ісім.Дүниеге лайықты өнер,мал тауып,абырой,
мансапты еңбексіз табуға болмайды.Орынсыз, болымсыз нәрселерге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын,күнәкәріліктен,көрсеқызар жеңілдіктен,нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе?Осы екеуі маған қалай таласады?"
Ақыл айтыпты "Не дүниеге не ахиретке не пайдалы болса, білетұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды оқып үйрене алмайды екен, Осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?"- депті.
Онан соң жүрек айтыпты:
"Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ . Үлкенге ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын - мен бірақ, мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің барлығы менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?"- депті.
Бексұлтан- Ғылым: - Ей Қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқада көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз болмайтұғыны да рас, бірақ қаруына қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің соның жаман - депті.
- Ей ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңірімді де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының жаманның екеуінің сүйгені - сен, екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман - депті.
- Сонда билеуші сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім. Бірақ сонда билеуші әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді оятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрінде жүрекке билет.

2-жүргізуші:Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға-дегендей ,ұстаз болған,мектепті басқарған басшыларға тоқталып кетсек.
Пернехан Ақкенже. Мектепті 1942 жылдан 1944 жылдар аралығында Тасболатов басқарды.
1944 - 1945 жылдары мектеп директоры болып Құлжабаев Өмірзақ істеген.
1945 -1948 жылдары мектеп директоры болып Кенжеханов Шырынхан істеген.
1948 -1957 жылдың қыркүйек айына дейін мектеп директоры болып Ысқақов Сұлтан істеді.
Серікбай Бексұлтан 1957 -1969 қыркүйек айынан сәуір айына дейін Маханбетов Жасия мектеп директоры болып істеген.
1966 -1967 оқу жылында " Абай " атындағы орталау мектебі орта мектепке айналды. 1967 жылы 25- мамырда 1- түлектерін ұшырды.
1969 жылдың 28 ақпанынан 1998 жылдың 25 тамызына дейін мектеп директоры болып Ысқақов Әбдіқайым істеді. Осы жылдары 1236 шәкірт тәрбиелеп шығарды.
Пернехан Ақкенже.
1998 жылдың 30 тамызынан 2005 жылдың 1 ақпанына дейін Нұрбай Арысбек басқарды.
2005 жылдың 1 ақпаннан 2006 жылдың 5 қыркүйекке дейін Төкеев Бертай басқарды.
2006 жылдың 1 ақпаннан осы уақытқа дейін мектеп директоры болып А. Нұрбай басқарады.

1-жүргізуші:Тіршіліктің тылсымын ашу үшін жаралған
Ұстаз қымбат,ұстаз биік,қадірлейтін бар адам
Ұстаз берген өнегемен қаланады бар арман.
Осы Абай мектебінің киелі шаңырағынан тәлім-тәрбие, білім алып,арман қуып, жоғары оқу орындарына түсіп,одан әрі қарай ғылым іздеп, ел аралап,ел-жұртқа танылып,аты Республика және ТМД елдеріне танымал болған мектеп мақтаныштарына тоқталып кетсек.
(Сұлтан Ысқақ-Әбдіхайым Есдәулет,Ауғамбаев Мұса-Ордабайұлы Айтахан,Есіркепов Байболыс-Руслан,Тұтқышбай Ибрагим-Әбсамат Ж,Әкім Ысқақ-Тайбасар Ә)

Әбдіхайым Есдәулет -Ысқақ Сұлтан 1912 жылы қазіргі Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты Ұялыжар ауылында туылған. Осындағы Әлібай мектебінде оқыды, Жамбылдағы педагогикалық техникумды сыртай бітірді. Шымкентегі мұғалімдер институтынан жоғары білім алды. 1928-1930 жылдары " Қайнар ", " Ұялыжар ", "Ықыластемір" колхоздарын ұйымдастыруға ат салысты. Осы үш шаруашылықта тұңғыш комсомол ұясын құрып, жетекшілік етті. Ұстаздық жолын 1930 жылы Манкент маңындағы " Бірлік" колхозында күндіз жастарға, кешке колхоз мүшелеріне сауаттандыру (ликбез) сабағын беруден бастады. 1931-1934 жылдары да мұғалімдіктен қол үзбей, Ленгір аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болды. 1932 жылы жастарды ұйымдастырып, Шымкент қорғасын зауытының құрылысына қатысты. 1934 жылы өзі басшылық жасап салдыртқан " Қазақстан " мектебін ашып, оның алғашқы меңгерушілігіне тағайындалды. Екі жыл аудандық білім бөлімін басқарды. Диқанкөл ауылының тұрғындарын жұмылдырып, орталау мектептің қабырғасын тұрғызды, соның тұңғыш директорлығына бекітілді. 1940 жылы Ұялыжарға қоныс аударды. Мұнда да білім ошағының асар әдісімен бой көтеруіне, оның Абай есімімен аталуына бастамашы болды.
1942 жылы Ұлы отан соғысына аттанды. " Қызыл жұлдыз " орденімен, бірнеше жауынгерлік медальмен, бас қолбасшы И.В. Сталиннің Алғыс хатымен марапатталды. Елге оралып, Абай атындағы орта мектепті 20 жыл басқарды. Мектептің тәжірибелік телімінде мақта, картоп, бидай, арпа, көкөніс, бақша егіп, жоғары өнім алу нәтижесінде бірнеше рет Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысып, күміс медальмен әспеттелді. Мұғалімдердің республикалық съездеріне қатысты. Аудандық, облыстық Кеңестік депутаттығына сайланды. КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының 1960 жылы 11 тамыздағы Жарлығы бойынша " Еңбек қызыл ту" орденімен, 1960-жылғы 15-тамызда Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері" төсбелгісімен наградталып, 1967- жылғы 15-тамызда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығы бойынша "Қазақ КСР мектебінің еңбек сіңірген мұғалімі"
Ордабайұлы Айтахан: Ауғамбаев Мұса 1938 жылы 5 мамыр күні Бөржар ауылы Ұялыжар елді мекенінде дүниеге келген. Абай атындағы орта мектебін бітіргеннен соң, Ташкент қаласындағы Иррегация институтына оқуға түсті. Жоғары оқу орнын өте жақсы бағамен аяқтады. Оқу бітіргеннен соң жоғары оқу орнында оқытушы болып жұмыс істеді. "Мақта теру машинасы шпиндельдік аппаратының 12 параметрін негіздеу" тақырыбында өзінің кандидаттық жұмысын қорғап, " Орта Азия ғылыми зерттеу институтына" жұмысқа жіберілді. Ол жерде мақтаны тез пісіп жетілуіне байланысты ғылыми жұмыспен айналысады. ТМД - елдері мен Қытай мемлекетімен байланыс жасап ғылыммен айналысты. 80- ге жуық кітаптар шығарды. 25 аспирант дайындап олардың жұмыстарын қорғауға көмектесті. Қазіргі кезде шәкірттері жан - жақта қызмет істеуде. Сол шәкірттерінің бірі қазіргі кезде М. Әуезов университетінде сабақ беріп жүр. Ол техника ғылымдарының кандитаты Қалымбетов Бердияр.
Мұса Ауғамбаевтың отбасында қазіргі кезде 2 ұл 1 қыз бар. Үлкен ұлы Марат Ауғамбаев Ташкент қаласында аэропортта жұмыс істейді. Екінші ұлы Мұрат Ауғамбаев Жаңа жол қаласында отбасымен тұрады. Қызы Ауғамбаев Меруерт Алматы қаласындағы жекеменшік медициналық орталығында врач - дерматолог болып жұмыс істейді.

Жалалы Сузанна
Есіркепов Байболыс 20 шілдеде 1948 жылы ОҚО Бөген ауданы Қайнар елді мекенінде туылған. 1964 жылы Қайнардағы 4 жылдық мектепті бітіріп, Ұялыжарда орналасқан Абай атындағы орта мектепке келіп оқып, бітіріп шығады. Мектепті бітірген соң ауыл шаруашылығында троктарист болып жұмыс істеді. Сол кезде ағасы Ауғамбаев Мұса Ташкентке оқуға түсуге шақырады. 1975 жылы Ташкент иррегация институтына оқуға түсті. 1980 жылы Ауыл шаруашылығының механигі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Бітіріп шыққан соң Ташкентте "Орта Азия" ғылыми зерттеу институтында жұмыс істеп кондидаттық жобаға дайындалды. 1995 жылы "Шитті мақтаны жасанды қабықтандыру технологиясын анықтау дражиратор параметрлерін зерттеу" тақырыбында дисертация қорғап шықты. 1997 жылы елге оралып
Әбсамат Жансая- Ибрагим Әскерұлы Тұтқышбай 1960 жылдың 12 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Абай атындағы жалпы орта мектебін өте жақсы бітірді. 1977 ж аралығында Сарыағаш қаласындағы Қапланбек зооветеринарлық техникумына түсіп 1982 үздік бітіріп, 1989 жылы Ресейдің Челябинск облысындағы Троицк ветеринарлық институтын жақсы бітіріп шықты. 1993-1996 жылдары Бөржар қой совхозында малдәрігерлік қызметін абыроймен атқарды. 1996-1998 жылдары Оңтүстік - Шығыс аймақтық Мемлекеттік Ветеринарлық Басқармасына қарасты Оңтүстік Қазақстан ветеринариялық қадағалау бас инспекторы, бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Ғылым саласында 30- астам ғылыми еңбектері жарық көрді.
2006 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ғылыми зерттеу ветеринариялық институтының ҚР Ауылшаруашылығы Ғылым академиясының академигі, ветеринария ғылымының докторы, прфессор А.Р. Сансызбай басқарған диссертациялық кеңесінде " Әр түрлі шауашылықтарда ірі қара малды туберкулезден сақтандыру шаралары" тақырыбында ветеринария ғылымының кандидаттық дисертациясын қорғап шықты.
Қазіргі таңда ғылыми зерттеулерін жалғастыра отырып докторлық еңбек дайындауда. Аспирант- магистрант, ізденушілер тәрбиелеуге де өз үлесін қосып келеді.
Жанұясында 2 қыз, 1 ұлы бар өнегелі отбасы, елге сыйлы азамат.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Құрмет грамотасы, Ордабасы аудандық Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихаттың құрмет грамотасымен марапатталған.

Тәңірберген Руслан
Әкім Ысқақ 1960 жылы 3- қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылында туған. Шымкент педагогикалық институтының факультетін және Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Германияда мемлекеттік қызметкерлердің курсында оқып арнайы білім алған. 1980 жылы өзі оқыған Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі 1990 жылы Бөген аудандық партия камитетінің нұсқаушысы, Республикалық " Лениншіл жас" газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстары бойынша меншікті тілші, Ордабасы ауданы білім бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылы Баламалы негізде мәжіліс депутаты болып сайланды. 1999 жылдан Президент әкімшілігінің жауапты қызметкері болды. Қазір мәжіліс төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2-жүргізуші: Әл-Фараби, Абайлар да осы ұстаздан нәр алған,
Ұстаз қымбат,бұл өмірде ол ерекше жаралған
Абыройы асар биік,төбесіне күн тиген,
Өлеңменен кім бар екен,ұстаз орнын таба алған
Басшылар да,дәрігер де,инженер де ,барлығы ұстаз қолынан шығады.Бүгінгі біздің Абай мектебінің шаңырағынан 75 жыл ішінде қаншама директорлар, әкімдер,депутаттар мен кәсіпкерлер шықты десеңізші!Солардың біразына тоқталып өтсек.
1-жүргізуші:Әбдіхайым Ысқақов 30 жыл Абай мектебінің директоры болған.
2-жүргізуші: Боранбаев Төреш-Сұлтан Ысқақ атындағы мектепті басқарған.
1-жүргізуші: Құрманәлиев Әміре-М.Әуезов мектебін басқарған.
2-жүргізуші: Айтбаев Нұрғали аудандық мәслихаттың үш мәрте депутаты болды.
1-жүргізуші:Әбділәлім Ысқақов пен Құрымбеков Асан осы уақытқа дейін ел басқарып келеді.
2-жүргізуші: Ауғамбаева Құндыз апайдың бүгінгі күні сынып жетекші болған оқушылары да ел алдындағы міндетерін абыроймен атқарып жүр.
1-жүргізуші: Елтаева Зарина аудандық аурухана генеколігі,Жолшыбекова Қарлығаш ағылшын тіліоқытушысы,Базарбаев Нұрзат аудандық аурухананың хирургі,Нұрбаева Айдана Ақтау медколлежднің оқу -ісі жөніндегі орынбасары және Бөржар аумақ әкімшіліктің жастар ұйымының жетекшісі Құрымбеков Серғали.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар!.Енді сөз кезегін бүгін мектебімізге келген қонақтарға берсек.Есіркепов Байболыс М.Әуезов университетің доцентті техника ғылымдарының кандидаты.
1-жүргізуші: Тұтқышбай Ибрагим М.Әуезов университетің доцентті ветеринария ғылымдарының кандидаты.
Ол кісілер өздерінің естеліктерімен бөліссе дейміз.
1-жүргізуші Осымен біздің " Киелі шаңырақтың өшпес естеліктері " атты ашық тәрбие сабағымыз аяқталды.Көріп ,тамашалағандарыңызға рахмет!

Сынып жетекші: Ауғамбаева Қ.А.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.