Меню
Назад » » »
Қош бол, аяулы бастауыш!
загрузка...

загрузка...
Қош бол, аяулы бастауыш!

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд,
(слайд. «Қош бол, аяулы бастауыш)
Жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар,
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Келе жатыр балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін, міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! муз
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
(Слайд. Әр оқушыға.)

4-сынып оқушылары бәрі қосылып бірге: (слайд. Барлық оқушылар)

Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

1-жүргізуші:
Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз, біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттап еді.

2- жүргізуші:
Олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйренді.

(слайд. «Мектеп өмірінен»)
1-жүргізуші:
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.
2-жүргізуші:
Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Аружан:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Нұрсұлтан:
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы-
Ақ көйлек жеті жасар балалығым.

Сәкен:
Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,
Құп алып бара жатыр болашаққа,
Аяулы жеті жасар балалығым.

Жансая:
Қабыл етіп білімге алғаш қадамың,
Бағын ашқан талай – талай баланың.
Бетке ұстар мектебіне ауылымның,
4 жыл бұрын біріншіге барғанмын.

Құралай:
Ел ардақтап ғұламаның есімін,
Біз тербеттік даналықтың бесігін.
23-ші Боралдай атындағы мектептің,
Салтанатпен ашқан едік есігін.
Әнел:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Диана:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

«Мектебім» әні хормен орындалады.

1-жүргізуші:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге ұшамын мен. – деп кім туралы айтылған екен?
2-жүргізуші:
- Ұстаз туралы, әрине.
1-жүргізуші:
Дұрыс айтасың ____________. Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі ұстаз. Өйткені ол көкірек көзін ашады, дүниетанымын кеңейтеді, қиялға қанат қақтырады.
2-жүргізуші:
Сізбен келісемін. «Ұстаз шәкіртіне білім үйретеді,
Білімді жан тас қамалды күйретеді».
Сондықтан ұлы Абай атамыздың: Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға. - деген сөздерінде терең ой жатыр.
Олай болса келесі бөліміміз ұстаз ұлағаты деп аталады.


(5 оқушы шығады, қолдарында ҰСТАЗ сөзі. Слайд көрсетіледі).

Аружан:
Намыспен биік ұстап жалауды,
Сөндірмейміз ұстаз жаққан алауды.
Бойымызға білім нәрін беретін,
Армысыздар, ұстаздарым аяулы.

Ұ – ұлағатты Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
С – салмақты Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Т – танымал Есейіп ертең кетсем де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
А – ардақты Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
З – зиялы Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
Жансая: Өз ұстазымызбен қатар басқа да ұстаздарға, мектеп әкімшілігіне өз алғысымызды білдіреміз.
Диана:
Қанша жыл бұл мектепті басқарады,
Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы.
Үлесі бар мектепті көркейтуге,
Басшымыз сізге алғыс жолданады.
Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
Сондықтан да біздін мектеп үлгілі.
Мария Ерзаянқызы — дана кісі басшымыз.
Тәртіп пенен мәдениеттің символы.

Әнел:
Орыс тілін құрметтеп,
Сүйеміз шын жүректен.
Мұғалім анамыздай,
Көңілдерге гүл еккен.
Өсіреді сананы,
ГҮЛЗАЙРА Омарғазықызына мың алғыс,
Әлпештеген баланы.

Жансая:
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Өз аузына қаратқан,
АЛЬМИРА Мұратқалиқызын ұғамыз.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығамыз.

Нұрсұлтан:
Баулыған әрбір өнерді,
ГҮЛЗИРА Ахметкәрімқызы өнерлі.
Әсем әннің шебері,
Әрбір сөзі мәнерлі.
Қызықтырып ән-күйге,
Бізді үйретіп келеді.

Құралай:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәрбие алған.
Сондықтан, ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!

2 - жүргізуші:
Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Ұл қыздарымыз бар біздің
Керемет би билейтін – деп, 5 - сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Ана тілінен оқыған «Байлық пен ақыл» әңгімесінен сынып балаларының көрінісін тамашалаңыздар.

2- жүргізуші:
Бүгін біздің ортамызға мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндер келіп отыр. Ортаға шақырайық!
(дайындық тобы тілектерін білдіреді
«Қуыршақ» әні)

2- жүргізуші:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Диана:
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Сәкен:
Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Жансая:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

1- жүргізуші:
Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Нұрсұлтан:
Иә, дұрыс айтасыз. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Ән «Ана әке», орындайтындар: Құралай, Әнел, Нұрсұлтан.

1- жүргізуші:
Келесі тамашалайтындарыңыз «орыс халқының ұлттық биі».

Оқушылар диалогі:
Нұрсұлтан: – Біз нені үйрендік?
Жансая: – Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.
Құралай: – Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
Әнел: – Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.
Сәкен: – Біз кім боламыз?
Хормен: – Адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.
Диана: – Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: – Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.
Жансая: – Біз нені сүйеміз?
Хормен: – Ата- ананы, халқымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!
Оқушылар сынып жетекшісіне арналған тілектерін айтады.
(слайд «Мұғалімге тілек»)
Сәкен:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Әнел: Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты
Нұрсұлтан: Шәкірттер сізді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Диана: Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Жансая: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Құралай:Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Аружан: Көрмедің артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстазымызбен,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Алғысымыз мына үлкен жүрекке тең!

(Ән: «Ардақты ұстазым» Әні мен сөзі: Б. Бейсенова)

Нұрсұлтан, Жансая:
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

Әнел, Сәкен, Диана:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектепбім!

Құралай, Аружан:
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Хормен: Қош бол, қош бол бастауышым!

2- жүргізуші:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Шәкірттерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де.

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

2- жүргізуші: Осымен «Қош бол аяулы бастауыш!» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Мектеп директорының, ата - аналардың құттықтау сөзі
Марапаттау рәсімі. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қош бол, аяулы бастауыш! можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: гость
Көрсетілім: 505 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar