Меню
Назад » » »
Отбасым - қымбат қазынам.
загрузка...

загрузка...
Тәрбие сағатының қысқа мерзімдік жоспары
Тақырыбы: Отбасым - қымбат қазынам.

Өткізілу күні: 15.09.2015
Мұғалім: Бисенғали Қарлығаш Бақтыбайқызы
Сынып: 8 «А»

Тақырыбы Отбасым - қымбат қазынам.

Сілтеме Жоспар, ғаламтор материалдары, "Мақал-мәтел" кітапшасы.

Жалпы мақсаттар Оқушылармен отбасы құндылықтары жайлы әңгіме өрбіте отырып, оларды ата-ананы, отбасын сүюге, сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу, адамгершілік, имандылық, рухани қасиеттерге нығайту.
Оқыту нәтижесі Оқушылармен отбасы құндылықтары жайлы әңгіме өрбіте отырып, олар ата-ананы, отбасын сүюге, сыйлауға, қадірлеуге тәрбиеленеді, адамгершілік, имандылық, рухани қасиеттері нығаяды.
Қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, миға шабуыл.

Көрнекіліктер Интербелсенді тақта, А-3 парақтары, маркерлер, слайд.

Тәрбие сағатының барысы

кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой шақыру кезеңі Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.
Топтастыру
(Шаңырақ, Уық, Кереге, Босаға) сөздері жазылған жетондар таратылады.
Жаңа тақырыпты хабарлау.
Мұғалім тақтадан ребус көрсетеді.

Мұғалім тәрбие сағатының тақырыбын хабарлайды. Сәлемдеседі, сынып оқушыларының сабаққа қатысы туралы мәлімдейді.

Оқушылар жетондар бойынша 4 топқа топтасады.

Оқушылар ребусты шешіп, тәрбие сағатының тақырыбын табады.

Мағынаны тану Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасы- нан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондық- тан да туған үйдің жылуы–оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айт- қанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі,басқа адамдармен қарым-қаты- наста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қа- дам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсе- мен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіс- пеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Әке мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Әке-асқар тау,
Ана – қайнар бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ, – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
/Мұғалім оқушыларға ата-ана туралы мақал-мәтелдер айтуға тапсырма береді./
Топтық жұмыс. /Постер қорғау/
1,3-топтар "Әдепті бала - арлы бала" тақырыбында топтық тапсырма орындайды.
2,4-топтар "Озық ойлы ата-ана" тақырыбында топтық тапсырма орындайды.
Сергіту сәті. /Мұғалім оқушыларға шаңырақ, уық, кереге жаттығуын жасатады./

Оқушылар ата-ана туралы мақал-мәтелдер айтады.

Әр топтан бір оқушыдан шығып, жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Рефлексия ББҮ.
Оқушыларға сұрақтар беріледі.
Hе білемін?
Не білдім?
Не үйренгім келеді?
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.

Бағалау Қорытынды.
Ақыл-кеңес:
1. Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жер- де, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.
2. Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.
3. Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, тоқмейіл- ділікті, екіжүзділікті, менмендікті, пайда-күнем есепшіл- дікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.
4. Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақ- сы-ақ, бірақ ең бастысы – істеу керек.
5. Қарапайым бол!
6. Арақ ішпе, темекі тартпа, зиянды әдеттерден сақ бол!
7. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.
8. Егер бірнәрсені дұрыс жасамасаң, кемшілігіңді тез түзетуге тырыс. Жақсылыққа апарар жолға баста.
/Мұғалім оқушыларға ақыл-кеңес береді./
Мұғалім оқушыларға 5 жұлдызша бейнеленген парақтар таратып, оларға тәрбие сағатында белсенділік танытқан 5 оқушының есімін жазуға тапсырма береді.
/Тәрбие сағатының соңында мұғалім ең көп жазылған есімдерді атап айтады./
Үйге тапсырма беріледі.
"Менің сүйікті отбасым" тақырыбында шығарма жазу.

Оқушылар бағалау бетшесіне тәрбие сағатына белсене қатысқан 5оқушының есімін жұлдызшаларға жазады.

Оқушылар дәптерлеріне үй тапсырмасын белгілеп алады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Отбасым - қымбат қазынам. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: гость
Көрсетілім: 625 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
avatar