Меню
Назад » » »
Құстар- біздің досымыз
загрузка...

загрузка...
Ашық сабақ тақырыбы: «Құстар- біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Ой-өрісін,сыни тұрғыдан ойлау және танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:елімізге, оның табиғатына, құстарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыра отырып, мемлектіміздің табиғатын, құстарын қорғауға, қадірлеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс,талдау,түсіндіру, ойын.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Құрметті ұстаздар,оқушылар! Қош келдіңіздер!Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз. (Оқушылар алдына гүл қою)Сіздер де осы гүлдей құлпырып,ашылып , айналаңызға әдемілік сыйлап жүре беріңіздер.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Ал енді құрметті оқушылар, бүгінгі тақырыпты анықтау үшін мына сөзжұмбақты шешейік
Ол үшін мына жұмбақтарды шешулерің керек.
1.Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (Аққу)
2.Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы. (Бұлбұл)

3.Секектеп бір тұрмайды;
Өреден құрт ұрлайды.(Сауысқан)
4.Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)
5.Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)
6.Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там-тұмдап. (Қарға)

Мұғалім.

Ей адамдар, жер сенің аялы бесігің,
Осы жер бетінде аштық өмір есігін.
Онымен кіндіктес жаның да ,қаның да,
Жер жаhанды аяла алақаныңда.
Көктем келіп жайнатар кең даланы,
Қар –мұз еріп, толтырар сай-саланы.
Құстарсайрап,тіршілік оянады,
Бөлейді айналаны әнге, сәнге.–дей келе,көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар –біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлі1. Құстар туралы мәлімет

А) Қане сендер құстар туралы не білесіңдер? Білгенімізді ортаға салайық.
1-оқушы: Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері.Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды.Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл-күйін көтереді..
2-оқушы: Құстардың түрлері өте көп.Салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстарды- жыл құстары деп атаймыз.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна жатады

3-оқушы:Егер,жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелесек,.мысал,:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды.Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген

4-оқушы:Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.
5-оқушы: Аққу-30-40 жыл өмір ан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
6-оқушы:Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
7-оқушы:Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
8-оқушы:Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға,ез жігітін-жапалаққа теңеген.
Ә) Сен білесің бе?
«Кұстар әлемі» мақаласына сүйенсек,тау қыраны-150-170 жыл, бүркіт пен тоты-120, қарға-100, жабайы қаз-80, бұлбұл-45, тырна-40, сарышымшық-20-30,бозторғай-13-14 жыл өмір сүреді екен деген болжам бар.Бір қызығы мамандар белгі ретінде құсьтарды сақиналайды.
2. « Балапандарды құтқару» ойын
Сұрақтары:
1.Ең үлкен құсты ата. Ол туралы не білесің?
2.Ең кішкентай құсты ата. Ол туралы не білесің?
3.Мүлдем жойылып кеткен құстарды білесің бе?
4.Ұша алмайтын құсты ата. Ол құсты сипаттап бер.
5.Қызыл кітап туралы не білесің?Қызыл кітапқа енген құстарды білесің бе?
6. Алғаш рет «Құстар күні» мерекесі деп, қашан, қай жерде жарияланды?

Мұғалім.
Қазір біз сендермен қар лақтыру ойыннын ойнаймыз. Сол ойынның негізінде топқа бөліну.
3.Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
1-топ: Мәтінді оқып, мазмұнын сахналап көрсету. «Құс ұясын бұзбайық!»
2-топ: Сурет бойынша әңгіме құрастыру
4.Сергіту сәті «Құстар -біздің досымыз» слайд тамашалау
ІІІ. Ойтолғау (жұптық жұмыс)
1-жұп: Кесте бойынша жұмыс
1.Жасыл-құстардың пайдасы туралы.
2.Қызыл - Құстардың зияны туралы.
3. Сары -Егер құстар мүлдем жойылып кетсе не болар еді?
4.Көк- Достарыңа құстарды қорғау туралы үндеу хат жаз.

2-жұп: Құстар туралы өлең құрастыру
.... .... баламыз,
... ... қолдаймыз.
... ... ... ,
.... .... аламыз.
3-жұп: Бір құстың атынан туған жерге оралу жолындағы бастарынан кешкен қиындықтары жайлы сипаттап, балаларға хат жазу.
6. Оқушыларды орындауында ән «Құстар келді»
7.Қорытынды

Сартомар орта мектебі

Құстар – біздіңдосымыз



Өткізген: Кушкинбаева Г.С.

2015 жыл Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Құстар- біздің досымыз можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: гость
Көрсетілім: 436 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar