Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ұстаз болу - жүректің батырлығы» -

«Ұстаз болу - жүректің батырлығы»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5237 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Ұстаз болу - жүректің батырлығы»
ашық тәрбие сағатының сценарийі

/Сахна сыртынан жүргізуші/
Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға
Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.
Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған
Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!
Көз алдыма елестейді бір алып
Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.
Ақыл алып келе жатыр өзіңнен
Өзіңменен келе жатыр нұр алып.
/күй тартылады/
Әли Алпысбаевтың күйі «Әке арманы», кешіміздің құрметіне орындалатын Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
2 жүргізуші: Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.
Мұғалім – ұстазысың балалардың.
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Атағым Алатаудай болып биік
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.

1 жүргізуші: Ең күрделі ғылым – Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
2 жүргізуші: Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, Ұлы Әуезов тілімен айтсақ «Алғашқы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайысы» дегендей кейінгі толқын ұстаздарға алдыңғы толқын аға буын өкілдері ардагер ұстаздарымыз келіп отыр.
/келген ардагер ұстаздармен таныстыру/
Ендеше осы ұстаздарымызға қол соғып, қошемет көрсетейік.
Бүгінде бүкіл әлем мойындаған қазақтың ұлттық биі «Қаражорғамен» ортаға «Балдәурен» би ансамблін шақырамыз.

/жүргізуші сахна сыртынан/
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
Данышпан да, дана да оқып сенен
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең
/Бүгінгі ұстаздарға өз құттықтауларын ала келген бастауыш сынып оқушыларын ортаға шығады/
1. Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы тұра қал.
2. Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі,
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.
3. Махаббаты: бала және Отаны
Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару
Демалысы: шәкірттерге хат жазу
Ал кәсібі: от беру мен от алу
4. Бұл халықтың мектеп жалпы тұрағы
Мектеп деме жан-дүние құрамы
Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен
Өзін өзі ұмытудан тұрады.
5. Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы
Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын.
6. Кім боласыз ұмтылмаңыз жоғары
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба
Бірге: Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары!

• 1 оқушы: Ғұлама білгіш ғалымнан,
• 2 оқушы: Оқушы жас жалыннан,
• 3 оқушы: Ғарышкерден, батырдан
• 4 оқушы: Өнері асқан актерден,
• 5 оқушы: Ырыс қазған шахтерден,
• 6 оқушы: Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен
Ұстаздарға мың алғыс!

/Сахна сыртынан/ Әбілақат Еспаевтың әні «Ұстазым»
1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында

2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
/келген ардегер ұстаздарға сұрақтар қойылады/
Құрметті қонақтар, бүгінгі кеш ерекше кеш, себебі ұстаз жолы – ұлы жол.
1 қонаққа сұрақ: Серке Қожамқұлов ағамыз былай дейді, «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» дейді, Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

1 жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз .

Ән: «Ұстазым»
1 жүргізуші:
Арылтып түн-түнектен саналарын,
Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын
Бала емес, адамзатты тәрбиелер
Ұстаздар – ар-ұяты замананың.
2 жүргізуші:
Мәрт мінез елің барда өресі кең,
Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен
Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда
Тағдардың толқын ұрған кемесімен
1 жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.
2 жүргізуші:
Қуат алып күндерден алыстағы
Жүресіңдер мініп ап намысқа бір
Дерексіздер өткеннен, керексіздер
Болыңыздар бай қуатты арыстарым.

Соңы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.