Меню
Назад » » »
Тәуелсіздік шежіресі
загрузка...

загрузка...
Алматы облысы, Іле ауданы,
Боралдай кенті «№ 23 орта мектеп» МКМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сансызбаева Гаухар Муратовна

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шежіресі»
Мақсаты: 1. Тәуелсіз еліміздің 24 жылдық шежіресімен таныстыру, оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.
2. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
3. Жеке тұлғаның дүниетанымдылығының, ізденімпаздылығының, шығарма- шылық қабілетінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет, өзін-өзі тану.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ізденіс, пікір алмасу
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, (оқушылар шығармашы- лығынан)
Тәрбие сағатының барысы:
I Кіріспе бөлім.
1. Гимнді орындау.

II Негізгі бөл.

Басталуы.
Көрініс «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады 2,37мин) https://www.youtube.com/watch?v=dhACslPLK8I
(атасы мен немересі ойланып отырады)
Мұғалім: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
1986 жыл, 16-желтоқсан «Желтоқсан желі» видеороликті тамашалау.
https://www.youtube.com/watch?v=5o_swYUqUoo
Аружан: 16-желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер, жас ұлан!
Көрініс жалғасады.
Атасы: Иә, балам... Қазақ халқы басынан не өткермеді дейсің.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады)
Атасы: - Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – деген....
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

Әли: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Алихан: 16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп шалдардың.

Гүлім: 16-желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.

Әлкен: Бостандық құтты болсынерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Гүлім: Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.


Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 24 жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Сондықтан Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Баршаларыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

- 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Әдеби монтаж.
Алтаир: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Ринат: Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.

Асхат: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

III Қорытынды бөлім.
Ойтолғаныс.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, міне біз қазір кеудемізді бақыт сезімі билеп, «Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным» -деп жар салып, мақтанышпен айта аламыз. Қазақ халқында Атамекенді ардақтау, ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл-өсиетінен тараған. Өз елінің Тәуелсіздігі үшін жанын да, арын да аямайтын ержүрек жастар, Сіздер деп білемін! Сондықтан, тәуелсіз еліміздің болашақ ұрпақтары қандай болу керек?
(Оқушылар ойларын айтады)
Оқушыларға сынып сағатын қорытындылауға тапсырма беріледі.
Шығармашылық жұмыс: Екі топ оқушылары өлеңнің жалғастырып жазады. («Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, Елбасы» туралы балалардың жүрек жарды сөздерін тындап, шығармашылық жұмыстарымен танысайық)
1.Тәуелсіздік елім менің, ертеңім,
Шын жүректен ұлың сырын шертеді.
...............................................................
2. Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн,
Еліміздің басына бақыт құсы қонған күн.
..........................................................................
Оқушылар тапсырманы орындау кезінде слайд көрсетіледі. «Қазақ елі»

Батырбек: Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Сөз соңы: «Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,
Қазағымның адал ұлы болғанын.
Көрсем деймін, жатсам-тұрсам ойланам,
Өзімнен де көш ілгері озғанын» - деп тәрбие сабағымызды аяқтағым келеді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіздік шежіресі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: гость
Көрсетілім: 480 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar