Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тағдырынның кілті - өз қолында -

Тағдырынның кілті - өз қолында

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2275 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сыныбы 8 сынып
Сабақтың тақырыбы Тағдырынның кілті - өз қолында
Мақсаты Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау
Күтілетін нәтиже Мәлімет алады, Ой бөліседі, пікір алмасады.

Керекті жабдықтар Белсенді тақта; Презентация; Үлестірме парақтар; Флипчарт

Сабақ барысы
Сабақ кезендері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топқа бөлу/Топшамаларды тандау арқылы/. Сәулеттің гимн орындау
3. Топ басшысы сайланып, топ ережесі еске түсіріледі.
Оқушылар амандасады, Топқа бөлінеді, гимнді бірге орындайды
топ басшыларын сайлайды.
Тұсаукесер 1. Ой қозғау/АКТ мүмкіндігі/
Видео ролик көрсетіледі.
2. Түрткі сұрақ /Сыни ойлау, жуан және жіңішке сұрақтар/
1) Видео роликтегі көрсетілім туралы не айтуға болады?
2)Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз?
3) Адамды ішімдік ішуге, шылым шегуге не итермелейді?
Оқушылар видеоны көреді сұрақтар бойынша топта жауап іздейді
Сұрақтарға жауап береді.


Негізгі бөлім
1. Топтық жұмыс/Постермен жұмыстану/
Диалогтық оқыту/зерттеушілік әңгіме/
І топқа "Арақ түбі азап"
ІІ топқа "Шылымшы өзін көрге тығушы"
ІІІ топқа "Есірткі есіргеннің ісі"
Бағалау Екі жұлдыз, бір ұсыныс
2." Темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны" /Тәжірибе көрсету/
3. Диалогтық оқыту. Рөлдік ойын "Мен қабылдайтын шешім"/ Жағдаяттан шығу/
І топқа: Темекісіз өмір жоқ ...
ІІ топқа Темекіден арылудың тиімді жолдарын іздеу
ІІІ топқа Темекіден арылып салауатты өмір салтын ұстанған адамның рөлі 1. Топта оқушылар берілген тапсырмаларға жауап іздейді, өз ойларын флипчартқа түсіреді. Постер қорғауға алдарына берілген қосымша мәліметтерді пайдаланады. Топта зерттеушілік әңгіме жүреді, ойларын түйіндейді.
Әр топ өз постерлерін қорғайды.
Нәтижесі формативті түрде/мадақтау, қолдау көрсету/ бағаланады.
2. Оқушылар көрсетілген тәжірибені көреді.
3. Оқушылар берілген сұраққа топта жауап іздейді. Ортаға шығып рөлдік ойындарын көрсетеді.
Қорытынды 1. Бақытты өмір - бұл ... /Апликация құрастыру/

2. Топта оқушылар берілген тапсырмаларға жауап іздейді.Топшамаларға теңеу іздейді, ойларын қорытады.
Әр топшаманы өз орнына орналастырады.

Сабақтың өзіндік талдауы:

Сабақтың мақсаты оқушыларға алгебралық бөлшектерді көбейту тақырыбын менгерту. Күтілетін нәтиже: Бөлу амалын меңгеру; ортаңғы деңгейдегі есептерді шығара алу және жоғары деңгейдегі есептерді шығара алу.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, оқушыларды топпен отырғыздым. Әр топ өз топ басшыларын сайлап алғаннан кейін, топ ережесі еске түсірілді.
АКТ мүмкіндігін пайдалана отырып өткен тақырыпқа түсінік қалыптастыру, ой қозғау мақсатында сыни ойлауды қажет ететін сұрақтар ұсынылды. Оқушылар өте жоғары қызығушылық танытты, өз жауаптарын түрлі деңгейде жеткізе білді .
Сабақ тақырыбы мен мақсаты ашылған соң топтарға үш түрлі тақырыпта постер қорғауға әр топқа тапсырма берілді. Зерттеушілік әңгіме жүрді, әр оқушы өз ойларын дәлелдеуге тырысты.Осы тапсырманы беру мақсатым топпен жұмысты жетілдіру, оқушылардың өзіндік ойларының реттелуін қадағалау.
Өз постерларын барлық топ жақсы түсіндіре алды, яғни ең басты осы оқушылардың бойынан жауапкешілікті көре алдым, топтарындағы жауапкершіліктің, ынтамақтастықтың нәтижесін көрсете білді. Топтардың жұмысы бір-біріне 2 жұлдыз, бір ұсыныс арқылы формативті түрде бағаланып, жүйеленді.
Зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін тағы да көз жеткізу мақсатында тәжірибе көрсетілді. Одан әрі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында әр топқа түрлі тапсырмалар түрінде беру арқылы рөлдік ойын өткізілді. Оқушылар берілген рөлдерді жауапкершілікпен көрсете білді деп ойлаймын. Нәтижесінде рөлдердің сәтті-сәтсіз шыққан тұстарына топтардың өзара бағалары берілді.
Қорытынды бөлімде бүгінгі сабақ бойынша талқыланған мәліметтерді, айтылған ойларды жүйелеу мақсатында "Бақыттты өмір - бұл ..." тақырыбында апликация құрастыруға топтарға түрлі топшамалар ұсынылды. Оқушылар топшамаларды берілген тақырыппен байланыстыра отырып, әр топшамаға теңеу тауып айтып, тақтаға рет ретімен орналастырды. Тәрбие сағаты осы бағытта қорытындыланды.
Оқушыларды толық тәрбие сағатына қамти алдым. Әр тапсырмаға барлық оқушылар жауап іздеуге тырысты. Сабақ оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Өздерін еркін ұстады.

Сабақ бойынша ескертулер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.