Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке». -

«Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1337 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Үсенова С.О.,
8 «Б» сыныбының жетекшісі

«Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке» атты ашық тәрбие сағатының жоспары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, бейнеклип.


Мұғалім:
- Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі - ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. 1986 жыл ,
16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан қаралы да, қасіретті күн еді.

Слайдтар топтамасы көрсетіліп («Желтоқсан желі ызғарлы»),
Жұмаш Кенебаевтың өлеңі оқылады.
Көрініс:
Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.
- Қыздар, мен газет әкелдім
- Қане, не жаңалық бар екен?
- Пленум болыпты.
- Қонаевты орнынан алды дейді.
- Онысы несі?
- Орнына кім болыпты?
- Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
- Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
- Т.б.
Жастар шуласып кетеді.
- Пленум шешіміне қарсымыз!
- Әр ұлтқа өз басшысы!
- Колбинді әкетсін!
- Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап алады.
- Қайрат!
- Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.
Қайратты тергеуге әкеледі.

Үнтаспада Эннио Морриконенің «Ветер, плачь» музыкасы қойылады.

Батырхан: «Қайрат деген атым бар».

Жанар: «Ар, намысым, қасіретім –Желтоқсан!»

Гүлнұр: «Бір уыс шаш».

Алтынбек:
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

Анель: Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

Бейнеклип: Ә.Тінәлі «Желтоқсан желі».
Мұғалім:

- Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.
А.Еңсеповтің «Ұлттық күйі » қойылады.
Жанар: «Тәуелсіздік»
Айсұлу: «Тәуелсіздік монументі»
Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,
Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.
Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,
Мұндай ұлы монументті салған ел.
Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,
Қанаттанып жауға шапқан барыстай.
Келешекке құс боп қанат қақты Адам,
Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!
Тәуелсіздік монументі алдында
Қазақ болып туғаныма мақтанам!

Тілекберген:
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Гүлнұр: М.Шаханов «Төрт ана»

Гүлмира:
-Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары - осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп, жасанып-жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Гүлжайнат:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

Әсел: «Бақыттың кіндігі - Отан».

Гүлжан: Ш.Мұртаза «Жаңа жылда жарылқай гөр...».
Мұғалімнің қорытынды сөзі: слайдтар бойынша Қазақстанның қазіргі кездегі жетістіктері туралы баяндап, ел тарихын білуге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.