Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Жыр  дүлейі – Дүр  Оңғар -

Жыр дүлейі – Дүр Оңғар

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1835 | Размер: | Автор: Тәрбие
Ақбаева Дәрігүл Нұрланқызы
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Дүр Оңғар ауылы
№ 107 орта мектеп

Тәрбие сағаты

Тақырыбы : Жыр дүлейі – Дүр Оңғар

Мақсаты : 1) Оқушыларға Сыр сүлейі , жыр дүлдүлі – Дүр Оңғар жыраудың өмірі ,
өлең – жырларын , шығармаларын , әдеби мұраларын насихаттау
2 ) Дүр Оңғар жыраудың қасиетті сөз өнерін арқау ете отырып , жас
ұрпақты патриоттыққа , ізденімпаздыққа , мәдени мұраларымызды
сақтауға тәрбиелеу .

Көрнекілігі : Дүр Оңғар жырау жайлы тарихи , әдеби шығармалар , кітап бұрышы ,
портреттері .

Барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ . Кіріспе
Мұғалім :

Алты Алаштың анасы да, панасы да болған Сыр бойы киелі де қасиетті жер . Осы жерде талай билер мен батырлардың ,небір дүлдүл ақын ,жыршылардың ,дана елідің әулиелерінің кіндік қаны тамған және бақилық қоныс тепкен .
19 – ғасырдың екінші жартысы , 20 –ғасырдың басы осындай киелі жерге Сыр сүлейлерінің бір топ жыр жұлдызын сыйлады .
Сол шоқ жұлдыздар шоғырының көрнекті өкілі – Оңғар Дырқайұлы артында өшпес мұра қалдырған орақ ауызды , өткір тілді ақын – жырауларымыздың бірі де бірегейі болған .
Оңғар жырау кім?
Оңғар жырау – 43 жылдық қысқа ғұмырында артына өшпес мол рухани мұра қалдырған орақ тілді , от ауызды , арқалы ақын , жампоз жыршы , сырлы сазгер.
Ол 1859 жылы Қазалы уезіне қарасты Қармақшы ауданының Жаманасыр болысындағы 3 – ауылда дүниеге келген . Яғни , қазіргі Жаңажол ауылы .
Барын базар етіп өрнекті сөйлеген , ақындықтың апшысын қуырып сөздері жалын , сөздері оқ ,Сырдың саңлағы Оңғар жырау жырлап қана қоймай арнау өлеңдер , бір
қақпай жұмбақтар шығарған .
Тұрмағанбет Ізтілеуов Сырдың саңлақ шайырлары он тоғыз ақынға арнаған «Әр ел –
дің бар бұлбұлы» атты туындысында :
Қаратамыр ол – Оңғар ,
Ақмарал , бұғы һәм арқар
Қоныстанған қысы жаз ,
Асқар таудың үңгірі , - деп оны ешкімнің өресі жетпейтін асқар таудың басына шығарып , киелі ақын дегенді меңзейді .

Ой қозғау .



Сыр саңлағы

Жампоз жыршы Жыр киесі

Арқалы ақын Сырлы сазгер


ІІІ Негізгі бөлім

1 . « Қоңыраулы көк найза»
( Оңғар жыраудың жыр толғауларының ерекшелігі)
Мәнерлеп оқу . Өлеңдер мен толғаулар : «Өзім туралы» , «Ерлерім сөйле дегесін» ,
«Әркімдерге сөз айттым»

2 . «Бір дария таяздайды кешкен сайын»
(Жұмбақ өлеңдерінің сыры )

1 . Бір нәрсе өзі нәзік ұстағанда ,
Көреді үйде отырып тыстағыны
Жаласы зәредейден бола кетер ,
Өмірін жаратыптықысқа қылып . ( әйнек )

2 . Бір нәрсе темір басты , ағаш сапты
Алдыңда қарсы қарап құлап жатты
Ағеке , тапқыш болсаң осыны тап
Өзімнің тәуір көрер ағам атты ( балға )

3 . Бір көлік қалмайды артта көшкен сайын ( ұрпақтар жалғасы )

4 . Бір арқан тарқатылар ескен сайын ( ой – тілек )

5 . Бір дарақ өсе түсер кескен сайын ( ұрпақтардың өсіп - өнуі )

4 . Сергіту минуты .
Өлең – жырлар оқылып , әр топ өлең – жырлардың авторларын табу керек .
1
1 . Құйрығы жоқ , жолы жоқ -
Құлан қайтіп күн көрер ?!
Аяғы жоқ , қолы жоқ –
Жылан қайтіп күн көрер ?! (Асан қайғы )

2 . Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку – еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме ? ( Махамбет )

3 . Қас жақсылық қадірін –
Жақыны білмес , жат білер
Төс айылдың батқанын
Иесі білмес , ат білер ( Тұрмағамбет )

4 . Алыстан қызыл көрінсе
Манат емей немене
Көтеріліп ұшқан соң
Қанат емей немене ( Бұқар жырау )

4 . 1 Оқушылар шығармашылығынан .
« Дүр Оңғарғарға арнау» . Айзере Рахманбердиева ( оқушы)

Жырымен тамсандырған талайларды
Білмейтін адам бар ма , Дүр Оңғарды ? !
Абыройын асырған Сыр елінің
Мақтан тұтам киелі мен бабамды

Өнері үлгі болған өнегелі
Тағлымы теңіздей терең еді
Есімі өлмес мәңгі елі барда
Ақын - жырау ішіндегі кемеңгері

Қанықпын жастайымнан жырларына
От өрілген жырының шумағында
Атағы асқақтаған бабамыздың
Қуанам ауылымда туғанына



5 . « Дүр Оңғар туралы толғаулар»

Той бастар . ( Достық Тілеубергенов)


Алқалы топта сөйлесе Сынығын жина асылдың ,
Тау тұлғам тұрмас толғанбай . Қапқа қол созбай , хат танып .
Ақыннан кім бар Оңғардай Есімі жетті Алашқа,
Деп білгей жырын ендеше , Басына баян бақ дарып
Алтынмен аптап қойғандай . Сүйінші ! Даусым жете ме
Дүр десе дүрің осы еді , О ,Сырдың бойы , түз – белең !
Көтерген жырдың байрағын . Жұртыңды сөйле көтере ,
Сапырып алған деседі , Ақынын әркез іздеген .
Суүбелі сөздің қаймағын Тұрғызған аппақ кесене ,
Бар және жер ғып өтері , Есі бар елміз біз деген
Таққанда болыс ,байға мін Жанып тұр жүзім алау боп
Жыр арнау сәтім келгенде , Жыр төкпей қалай қалайын
Асырман яки кем етпен Жұғыны менде бар – ау деп
«Дүр» деген атын берген де , Мақамын салып бағайын
Халқым – ау , өзің емес пе ? Жиналған мұнда әлеумет ,
Жасында Оңғар бабаның , Той құтты болсын , ағайын !
Айдарынан рас , жел ескен
Арманы бар ма ақынның
Мұрасы қалса сақталып .

6 . Бекіту . «Кім жылдам» ( викториналық сұрақтар )

1 . Дүр Оңғар атамыз жайлы қандай мәліметтер білесіңдер ?

2 . Неліктен «Дүр» атанған , «Дүр» сөзінің мағынасы ?

3 . Дүр Оңғар қандай атақты айтыскерлермен айтысты ?

4 . Ауыл орталығындағы Дүр Оңғар ескерткішінің авторы кім ?

5 . Ауданымызда «Дүр Оңғар» жылы қай жылы және осыжылда қандай игі шаралар
өтті ?

7 . Қорытынды

Кестелі жырдың ақтангері – Дүр Оңғар жыраудың халқының қасиеті мен қасіреті , ерлігі мен ездігі жайлы толғаулары кім – кімді детолғандырары анық .
Ерлікті –елдікті дәріптейтін жыраулық өнерді насихаттау , сол арқылы жастардың
Бойында ұлттық сананы жетілдіру . Отаншылдық қасиеттерді дамытуға ықпал ету құптарлық іс .
Халықтың рухани дамуын , өткен тарихымызды біліп , одан сабақ алу , ата – баба дәстүрін бүгінгі өмірімізге арқау ету – ұрпақ алдындағы борышымыз .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.