Меню
Назад » » »
0-ден 100-ге дейінгі сандар. Қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері.
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: 0-ден 100-ге дейінгі сандар. Қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері.
Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: есепті түрлендіруге және салыстыруға, бірдей қосылғыштардың қосындысын табу және оған кері іс-әрекеттер мен екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруға машықтандыру;
Дамытушылығы: топпен жұмыс істеу арқылы коммуникативтік қарым-қатынасқа, бірлесе отырып ізденуге, өз білімдерін бағалауға үйрену және шығармашылық ізденуін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, топтар арасындағы сайыс.
Керекті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, топтар тапсырмалары жазылған карточкалар, шығармашылық тапсырмалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1. Амандасу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
Біз бақытты боламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз.
3.Бүгінгі сабақта үш топқа бөлінеміз. Әр топ басшысы болады.
1-топ басшысы: Шайдоллин Жәңгірхан
2-топ басшысы: Сыйықов Дінмұхамед
3-топ басшысы: Мергенғалиева Айымгүл
Әр топ басшысына «Бағалау парағы» беріледі. Сабақ барысында өз тобындағы сабаққа қатысқан оқушыларды белгілеп отырады. Сабақ соңында бағалайды.
-Балалар, күн салқындағанда адамдар көбінесе қандай аурумен көп ауырады? (Оқушылар жауабы)
-Осы аурумен ауырмау үшін не істеу керек? (Оқушылар жауабы)
-Ал қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады? (Оқушылар жауабы)
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерін бізде сабақ үстінде ойнайтын боламыз. Әр ойынның бізге берілген тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, ойынды ойнаған болып есептелеміз.
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1-тапсырма. «Аққала соғу» ойыны.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Теңдіктерді толықтыр. №4 113-бет.
1-топ. 2-топ. 3-топ. Барлығы
100-7=93 93+7=100 48+2=50 90-7=83
100-5=95 95+5=100 50-8 =42 88+2=90
2-тапсырма. Коньки тебу.
ІІІ. Ауызша тапсырмалар орындау.
1-топ оқушылары 3-ке қосу кестесін қайталап алайық.
24+3=27 34+3=37 16+3=19 53+3=56 65+3=68 80+3=83
2-топ оқушылары 4-ке қосу кестесін қайталап алайық.
13+4=17 22+4=26 61+4=65 72+4=76 90+4=94 25+4=29
3-топ оқушылары 5-ке қосу кестесін қайталап алайық.
18+5=23 29+5=34 37+5=42 46+5=51 60+5=65 74+5=79
ІV.Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
3 тапсырма. Шаңғы тебу.
№1 Есепте /өзіндік жұмыс/
1-топ. 2-топ. 3-топ.
23+7=30 67+3=70 48см+2см=50см
56+4=60 94+6=100 88см+2см=100см
30-7=23 100-6=94 9дм-2см=88см
4 тапсырма. Хоккей ойыны.
№2 /тақтамен жұмыс/
а) Есепті шығар.
1-вагонда – 35 ж.
2-вагонда - ? 5 ж. артық ?
Ш: 35+5 =40 35+40 =75
Ж: барлығы 75 жолаушы.
ә) Есепті оқы. Бұл есептің алдыңғы есеппен қандай байланысы бар?
1-вагонда – 35 ж.
2-вагонда - ? ж. 75 ж. ? артық
Ш: 75-35 =40 40-35 =5
Ж: 5 жолаушы артық.
V.Сергіту сәті.
- Көңіл –күйлеріңіз қалай?
- Тамаша! (Қолдарын көтереді)
- Сабақ қалай өтіп жатыр?
- Керемет! (Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді.)
- Ендеше жалғастырайық!
5 тапсырма. Мұз айдынында мәнерлеп сырғанау.
№3 Есептерді шығар.
а) 1-ші күні – 10 қ.
2-ші күні - ? 64 қ. ? артық
Ш: 64-10 =54 54-10 =44
Ж: 44 қорап артық.
ә) /ауызша/
6 тапсырма. Шанамен сырғанау.
№5 Сұрақтарға жауап бер.
а) Кәмила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Кәмила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?
ә) Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?
7 тапсырма. Қармен атысып ойнау.
№6 Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.
а) 83-(45+5)=33
ә) 37+(26-6)=57
б) (50+25)+5=80
в) (35+5) -20=20
г) (82-13) +3=72
VІ. Қорытындылау. Топтық жұмыс.
1-топқа.
1.Ең кіші екі таңбалы сан.
2.Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.
3.Үш ондықтан құралған сан.
4.Он алты мен он сегіздің арасындағы сан.
5. 1 тәулікте неше сағат бар.
2-топқа.
1.Ең үлкен бір таңбалы сан.
2.Қарама – қарсы қабырғалары тең геометриялық фигура.
3.Бұрыштарды ата.
4.Азайтудың компоненттерін ата.
5. 1 сағатта 20 минутта неше минут бар.
3-топқа.
1.Ең үлкен екі таңбалы сан.
2. Қосудың компоненттерін ата.
3.Бес ондық төрт бірліктен құралған сан.
4. Периметр дегеніміз не?
5. 1 ғасырда неше жыл бар.

VІІ. Бағалау. Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
VІІІ. Үйге тапсырма. №4 115 – бет. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 0-ден 100-ге дейінгі сандар. Қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 355 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar