Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
11-сыныпқа тест тапсырмалары -

11-сыныпқа тест тапсырмалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2686 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы
Құспанова Гүлбаршын Тарихқызы
Жоғарғы сынып оқушыларының орта мектебі
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: 11-сыныпқа тест тапсырмалары
Әрбір оқушының алдына «Бағалау парағын» үлестіремін.
Рет саны Тапсырманың түрлері Балл
1.
2.
3.
4.
5. Жабық тест
Тіке жауап тест
Анықтау тест
Сәйкестік тест
Толықтыру тест 20 балл
10 балл
10балл
7 балл
3 балл
Жалпы 50 балл
45-50 балл- «5»
40-44 балл- «4»
Одан төмен –«3»

Жабық тестіні әр оқушы өзорнынан орындайды.
Әрбір оқушыға тіл білімі саласы бойынша 20 сұрақ беріледі.

Жабық тест
1.Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз:
а)қысаң ә)еріндік б)үнді в) жуан г) қатаң
2.Қазақ тіліне тән әріптер жазылған қатарды көрсетіңіз
а)ү,ұ,у ә)ғ,қ,ш б) ф,х, h в) ы,і,и г) ө,і,ү
3.Буынға бөлінбейтін сөзді көрсетеңіз
а) әке ә) қиын б) отан в) кие г) тарс
4. Сөз тіркесі арасындағы ілгерінді ықпалды табыңыз
а) Рахманқұл ә) көзбе-көз б) сәнқой в) ала ешкі г) ең қызық
5. Сөз бен қосымша аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз
а) есікті ә) жазғайсың б) қаздар в) сызықсыз г) орманға
6.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз
а)- бей, -паз, -ға, -лар, -лер ә) -дар, -дер ,-тар, -тер б) -ны,-ні, -ды,-ді
в)- нан,-нен,- ға,- дің г) -нікі, -тай, -мен,- хана
7. Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз
а) жұлдызша ә) жиналыс б) кәдімгі в) үзіліс г) үскүрүк
8.Тоғыспалы ықпалды табыңыз
а) ала ат ә) Оразжан б) көк ала в) Жанғали г) Жанқожа
9. «Тұрақты тіркес » сөзінің баламасын табыңыз
а) семасиология ә) лексикография в) лексикология в) ономосиология
г) фразеология
10. «Тамырына балта шабу» тұрақты тіркесінің синонимін табыңыз
а) от жағу ә) ұсталық б) жылыну в) алдау г) жою
11. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз
а) қой ә) қала б) қол в) қара г) қате
12. Бастауышы сын есімнен жасалған сөзді табыңыз
а) Жақсыдан қашпа, жаманға баспа
ә) Жанар әнді жақсы айтады
б)Әдептіге елікте, әдепсізден жирен
в) Сыпайының сыры ішінде
г) Жомарт жоқтығын, жүйрік тоқтығын білдірмес
14. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр
Олар үштерде келеді
а) анықтауыш ә) толықтауыш б) баяндауыш в) бастауыш г) пысықтауыш
15. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады
а)салт ә) құранды б) көмекші в) болымсыз г) сабақты
16.Одағайдан жасалған туынды етістікті табыңыз
а) абайлау ә) ысқыру б) желбіреу в) ілгерілеу г) аухаулау
17. Пысықтауыштық қатынасты табыңыз
а) түлкі тымақты ә) жылқыны бағу б) қатты қағаз в) жаман әдет г) жақтырмай қарау
18. Берілген ретіне қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін табыңыз
Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман
а) матасу,қабысу, жанасу ә) меңгеру, қиысу, қабысу б) қабысу, меңгеру, жанасу в) қиысу, матасу, меңгеру г) матасу, меңгеру, қабысу
20. Айқындауыш қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр
Оның кіші қызының, Жамалдың, ақындығы елге танымал
а) бастауыш ә) толықтауыш б) пысықтауыш в) баяндауыш г) анықтауыш

Тіке жауап тестіде ауызша жауап беріп, өздеріне ұпай жинайды

Тіке жауап тест
1.Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буынды не дейміз?
2.Біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын не дейміз?
3.Қолданыстан шығып қалған,тарихи шығармалардан кездесетін,мағынасы көмескі сөздерді не дейміз?
5.Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды не дейміз?
6.Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшектерді не дейміз?
7.Көзге көрінбейтін,адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,ұғым атауларын не дейміз?
8.Өзге сөз таптарынан жасалған сын есім қалай аталады?
9.Жалғаудың неше түрі бар?
10.Үстеудің мағыналық түрлерін ата?

Анықтау тестіде жеке-жеке компьютерден тексереміз.
Анықтау тест
Рет саны Тапсырмалар Жауаптары
1 Өзі жалғанға сөзге меншіктік мағына беретін жалғаудың түрін анықта
2 Зат есім, сан есім, сын есімнің орнына жүретін сөз табын анықта
3 Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздерді не дейміз?
4 Түрлі дыбыстарға еліктеуден туған сөздерді анықта
5 Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп,нақтылап көрсететін сөйлем мүшесін анықта
6 Сөйлемде іс-әрекеттің түрлі белгісін (мекен, мезгіл,т.б.) анықтайтын сөйлем мүшесін анықта.
7 Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалған сөзді анықта.
8 Мағынасы дөрекі, тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздерді анықта
9 Белгілі бір кәсіпке,шаруашылыққа , өнерге байланысты қолданылатын және сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздерді анықта.
10 Сөз және оның мағынасын зерттейтін саланы анықта.

Сәйкестік тестіде ауызша жауап береді,түсіндіреді.

Сәйкестік тест
1) 1.Зат есім шырақ,кенже қыз
2.Есімдік кім, не
3.Табу сілтеу,жіктеу

2). 1.Эвфемизім ашық,тұйық,біту.
2.Буын төбе шашы тік тұру,қоян журек
3.Табу қолды болды,о дүниеге аттанды

3).1.Сабақты етістік оңашалаңған,қосарлы
2.Есімдік табыс септігі
3.Айқындауыш қандай,қай

4).1.Көсемше атау,ілік септіктен өзге септіктер
2.Толықтауыш реттік,жинақтық,болжалдық
3.Сан есім –ып,-іп,-п,-қалы,-келі,-а,-е,-й

5).1. сарғыш жай шырай
2.аса қызыл салыстырмалы
3.суық асырмалы

6).1.жұрнақ біріккен сөз,қысқарған,қос
сөз,тіркескен сөз
2.ортақ тәуелдену сөз түрлендіруші,сөз тудырушы
3.күрделі сөз –іміз,-ымыз,-лерің


7).1. жалпылауыш сөздер септеулік,демеулік,жалғаулық
2.сөз тіркесі есімдік,етістікті
3.шылау сілтеу,жалпылау есімдігі,
сан есім

Толыктыру тестіде компьютерден жазып талдайды.

Толықтыру тест
Берілген көп нүктенің орнына керекті қосымшаны койып талда.
1.Ел жайлау... қайт..., күзек... бетте... кел... жат...(-дан,-ып,-ке,-п, -е, -ты)
2.Киіз үй... төр... бір топ ауыл ақсақал... қымыз іш...отыр. (-дің, -інде, -дары, -іп)
3.Мен қар... бірге домала...жер... тус... . (-мен , -п, -ге, -тім)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.