Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
12 жылдық білім беруге көшу жағдайы туралы -

12 жылдық білім беруге көшу жағдайы туралы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1418 | Размер: | Автор: гость
. Р.А.Әбілдә,
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының шет тілі пәні мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: 12 жылдық білім беруге көшу жағдайы туралы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан халқына арналған жолдауында «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады деп басты бағытты айқындап береді.
Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі халық байлығын құрайтын маңызды сипатқа ие. Жалпы орта білімін жалғасвтыру мамандық алу әрбір адамның қажеттілігі. Қазақстан мектептерінің түлектері өзгермелі өмірдің жаңа үрдістерін қабылдауға дайын болуы қажет.
Өскелең ұрпақтың сапалы білімі-еліміздің экономикалық және әлеуметті к дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты қазіргі заманға талаптарға жауап береді. Бұл стандарт білім беру процесін іске асырады.
12 жылдық білім берудің басты мақсаты: ҚР-ң әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау.
Еліміздің білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Қазіргі жыл сайын оқу бағдарламалары оқу жүктемесінің көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп, ынтасын төмендетіп отыр. Еліміздің басты міндеті-баланың денсаулығына жағымды ықпал ететін білім беру ортасын құру.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қоғамдағы елеулі өзгерістерге байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.
12 жылдық оқытудың басты мақсаты:
- қарқынды дамып келе жатқан ортады өмір сүруге қабілетті
- өзін-өзі дамытуға
- өз ойын айта білуге
- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім
- жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан мектептерін
1. әлемдік деңгейге көтеруге жағдай жасайды
2. оқудың жылдық жүктемесі жеңілдейді
3. кәсіптік білім береді
4. жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Н.Ә.Назарбаев еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімдерге атқаратын істер де көп, көтеретін жүк те ауыр.
Бұл оқушы мен мұғалімнің арасында қарым-қатынасты реттеп отыратын, өздерінің іс-әрекетінде де барлығын жаңаша жасайтын, ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін меңгерген жан-жақты дамыған тәжірбиелі мұғалім болу керектігін білдіреді.
А.Байтұрсынов айтқан екен. Оқытудың үш жағы бар, біреуі-оқу құралдары, екіншісі-қаражат, үшіншісі-жақсы мұғалім деген.
Сол себепті білім беру жүйесінде болашақ мамандарды даярлай алатын өз пәніне оқытуды қызықтыра білетін, мәдни және рухани жағынан жоғары дамыған мұғалімдер жұмыс істеуі қажет.
Жалпы орта білім берудің 3 деңгейі бар.
1. деңгей – бастапқы білім беру, 1-5сыныптар. Міндетті-оқушылардың даралығын ашу, әрекетін игеру.
2. деңгейдің негізгі орта білім беру міндеті-оқушының игерген білім, білік дағды мен әрекеттерінің базалық мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптастыру.
3. деңгейдің міндеті-оқушылардың өзін-өзі саналы түрде кәсіби білім алу қажеттілігімен қамтамасыз етеді.
Оқыту тәсілдерінің бірі жобалар әдісі, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология.
12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы білім беру, іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану.
Қазіргі кезде баланың дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстарды көптеп беруге болады.
Интеллектуалдық дайындық-баланың нақты білім қорын қарастырады. Интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады.
- дифференциялдық қабылдау
- аналитикалық ойлау
- есте сақтау
- білімге қызығушылық
- ести отырып сөйлеу
- қол қимылдарының дамуы
атақты психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады. Сондықтан ойын тадамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады.
Ойын технологиясын қолддану-оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін басқа жерде қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы-шығармашылық ойлауға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған.
Бұл технологияның ерекшелігі-оқығанын пікір-сайысқа салу, дидактикалық ойындар, өзіндік іс-әрекет қарқындылығы, әр оқушы өзін көрсетуге жағдай туады. Және бұл технологияда жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой-өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат етеді.
Коммуникативті оқыту технологиясы-сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс-оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл әдіс кезінде қарым-қатынас дағдысы қалыптасады.
Осы айтылған технолдогияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе үлкен нәтижеге жетуге болады және дидактикалық жетістіктерді байқауға болатыны анық. Осыған орай жеке тұлғаны дамытуда мұғалімге қойылатын талап та өзгеше болады.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз-оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқыту жағдаяты, сахналық алаң. Осындай сабақты жобалау және өткізу мұғалімді жаңа бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны әдіс-тәсілдермен ерекшелендіріп, балаларды бірлескен әрекетке тартудың әр түрлі әдістерін жүзеге асырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.