Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1836-38 ж Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі -

1836-38 ж Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1649 | Размер: | Автор: гость
. Мұғалімнің аты-жөні
Аманова Кырмызы Елеусиновна Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы, Көкбұлақ орта мектебі

Сыныбы 8 Қазақстан тарихы
Сабақ атауы 1836-38 ж Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі
Сілтеме Қазақстан тарихы. 8-класс
Жалпы мақсаты Көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы, Махамбет пен Исатай қызметінің тарихи ықпалы жайлы түсінік қалыптастыру және топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға бағыт беру.
Күтілетін нәтиже Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі жайлы ұғым қалыптасады. Топта бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.
Негізгі идеялар Қазақстандағы тарихи оқиғаларды қарастыру
Көрнекілігі Электронды оқулық, слайд, маркер, плакат, суреттер
уақ стр ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

3 мин
Смайликтер

Суреттер

Бағалау парағы І. Кіріспе.
А) Оқушылармен амандасу
«Көңіл күйлеріңіз қалай?» атты смайликтер арқылы
ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.
В) «Исатай» және «Махамбет» топтарына бөліну ұсынылады.
С) Бағалау парақшаларын тарату Мұғаліммен амандасу
Тақтадағы және алдарына берілген парақтағы смайликтерге қарап сабақ алдындағы көңіл күйлерін белгілеп көрсету.
Тарихи тұлғалар суреттері арқылы екі топқа бөлініп өз орындарын тауып отырады.

6 мин

«Зымыран сұрақтар»

ІІ. Тұсау кесер.Ой қозғау.
« Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасы және жаңа сабақ тақырыбы анықталады.
1. Бөкей ордасы қашан, қай жерде құрылды?
2. Кіші жүз қазақтары қандай көтерілістерге қатысты?
3. Бөкей Нұралыұлы кім?
4. Бөкей ордасының құрылуына жарлық берген кім?
5. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің болған уақыты.
6. Махамбеттің досы, жанашыры.
7. Дауылпаз ақын, батыр, жырау, күйші.
8. Көтерілістің қозғаушы күші.
9. Ашынған адамдардың наразылығының түрі. Оқушылар «зымыран сұрақтар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

Берілген сұрақтардың жауабынан жаңа сабақтың тақырыбы шығатынын айтады.

4 мин

«Ақпарат орталығы»
Электронды оқулық
ІІІ. Мағынаны тану.
«Ақпарат орталығы» әдісі. Жаңа сабақ бойынша толық мәлімет алу үшін оқушыларды ақпарат орталығына шақырамыз.

Электронды оқулықтан мәтін тыңдалады.
Оқушылар зейіндерін жаңа сабаққа аударады.

Оқушылар бейне роликтен тыңдайды.

15 мин

2 мин


Жеке

Жұптық

Топтық
жұмыс

Плакат

Маркер

Бейне ролик
ІV. Топтық жұмыс.
Критерийді оқушылармен айқындау: 1. тақырыптың ашылуы
2. оқушылардың тың идеялары
3. көркемдігі, түсініктілігі.
«Ақылдассаң, шешерсің» әдісі бойынша екі топқа тапсырмалар беріледі.
1. «Исатай» тобына- көтерілістің себептері, кезеңдері, қозғаушы күші
2. «Махамбет» тобына- көтерілістің жеңілу себептері, нәтижелері, тарихи маңызы.
Постер қорғау.
Сергіту «Жұмыр қылыш»

Критеийлер талаптарының орындалуын ескереді.

Көршісімен пікір бөліседі және топпен ақылдаса отырып, ойларын қағаз бетіне түсіреді.

Берілген уақыт ішінде қорғап шығады.

Бейне роликке қарап билейді.

5 мин

«Бәрін білгім келеді»

Комп-р V. «Бәрін білгім келеді» тестік бақылау жұмысы. 1.Бөкей Ордасы қашан құрылды?
А)1801ж. в)1802ж . с)1803ж
2. Исатай мен Махамбеттің руы: а)байбақты. в)беріш. с)адай
3. 1837ж 2 мың көтерілісші қоршауға алды:
а)хан сарайын. в) Орал қаласын. с) Орынбор қаласын.
4. Исатайды ұстап берушіге қандай сый белгіленді?
а) 500 сом. в)200 сом . с) 1000 сом
5. Исатай батырдың қайтыс болған жері:
а) Ақсу . в)Ақбұлақ . с)Шымбұлақ
6. Бөкей Ордасының жері:
а)Амудария мен Сырдария. в) Сырдария мен Арал. с) Еділ мен Жайық
7. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс созылды:
а)15 ж. в)2 ж . с)10 ж
8. 1837 ж 15 қазанда көтерілісшілер Теректіқұмда кімнің аулын ойрандады?
а) Балқы бидің. в) Жәңгір ханның. с) Баймағамбеттің


Тест тапсырмалары компьютер арқылы көрсетіледі, оқушылар дәптерлеріне белгілейді және мұғалімнің көмегі арқылы тексереді.

5 мин

2 мин
«Ізден, пікір білдір, ой-қорыт»

«Ойлан, есіңе түсір» VІ. Ой толғаныс. «Венн диаграммасы»
«Ізден, пікір білдір, ой-қорыт»
«Исатай» тобына- Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс және 1986ж Желтоқсан көтерілісі.
«Ойлан, есіңе түсір»
«Махамбет» тобына - Исатай мен Махамбет және елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Рефлексия. «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?»
Екі топ мүшелері берілген тапсырмалар бойынша тақырыптың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, салыстыра отырып, сызбаға түсіреді.

Оқушылар бүгінгі сабақта өткен тақырып бойынша ой қорытады.
Оқушылар алдарындағы көңіл-күй парағына белгілейді.
1 мин

2 мин Үйге тапсырма: 19- тақырыпты оқу, «Қазақ халқының ежелден аңсаған арманы- Тәуелсіздік» эссе жазу.

Бағалау. Тапсырманы күнделіктеріне жазады.

Бағалау парағы бойынша топ басшысы қорытынды бағаны айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.